Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау



23. Алгоритм: Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау

Мақсаты: бұл зерттеуде ішек жұқпалы ауруларының қоздырғышын таза күйінде бөліп шығарып, диагнозды толық дәлелдеу.

Көрсеткіші: ішек жұқпалы ауруларының диагнозын қою үшін қажет.

Қарсы көрсеткіштер:жоқ.

Болатын асқынулар: жоқ.

Қажетті заттар:

 Ішінде ілмегі бар түтік;

жасанды көректі ортасыбар Петри табақшасы;

 дәке;

төсеніш;

ішінде консерванты бар түтік;

жолдама.

Бактериологиялық егіске нәжісті жинау алгоритмі

1.Науқастың аты, жөңің сәйкестендіңіз.

2.Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

3.Керекті құралдарды дайындаңыз.

4.Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып құрғатыңыз, стерильді емес резеңке қолғап және алжапқыш киіңіз.

5.Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргекті төсеңіз.

6. Ішінде қоректік ортасымен ілмегі бар шыны түтікті дайындап, оны таңбалап, жолдама жазыңыз.

7.Науқасты қырынан, аяғын бүгіп, ішіне қарай тартып жатқызыңыз.

8. Сол қолмен науқастың құйрығын ашыңыз.

9. Оң қолмен шыны түтіктегі ілмекті алыңыз.

10. Ілмекті тік ішекке 5,6,8,9,см жіберіңіз.

11. Ілмекті ақырын айналдырып кіргізіңіз.

12. Ілмекті тік ішектен шығарыңыз.

13. Ілмекті қоректік ортасы бар шыны түтіктің шетіне тигізбей салыңыз.

14. Шыны түтікті тығынмен жабыңыз.

15. Шыны түтікті жолдамамен зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

1.Нәжісті жинау әр түрлі әдістермен жүргізіледі,ол дәрет ыдыстарынан,жаялығынан «ашық нәжіс» және мақта оралған ілмекпен тік ішектен алынады. Ашық нәжісті залалсыздандырылған ілмекпен 3-5 жерінен залалсыздандырылған қоректік ортасы бар шыны түтікке салынады. Егу үшін нәжістің шаранасы, іріңі алынады, қанды жерінен алуға болмайды. Нәжіс алынған ыдыста зарарсыздандыру ерітінділері болмау керек. Нәжісті тік ішектен алар кезде, сырқатқа бұл іс-шараның қалай жүргетіні жайында айтып түсіндіру керек.

2. Іс – шараның дұрыс өтуін қадағалау

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

24.Алгоритм. «Манту сынамасының техникасы»

Мақсаты:нақтамалау.

Құрал-жабдықтар:

Залалсыдандырылған стол, мақта дөнгелектері, салфеткалар, пинцет;

Стерильді емес қолғап;

Стандартталған туберкулин;

Мензурка, ампуланы салуға арналған;

Туберкулин шприцы;

ҚЖК;

Қолданған заттқа арналған ыдыс дез. ерітіндісімен;

70 % этил спирті;

 

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

3. Керекті құралдарды дайындаңыз.

4. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан өңдеңіз, стерильді емес қолғап киіңіз;

5. Қораптан туберкулин ампуласын алыңыз;

6. Ампуланың мойнын 70% спиртке малынңан мақта дөңгөлегімен сүртіңіз;

7. Кескішпен кесіп, сындырып (қолданған мақма дөнгелегін) дез ертінді қүйылған ыдысына утилизаторына тастаңыз;

8. Ампуланы мензуркаға салыңыз;

9. Туберкулин шприцының қорабын ашыңыз;

10. Шприцке инені колпачогімен кигізіп, инені канюляға орнықтырыңыз;

11. Инеден колпачогін алып тастаңыз;

12. Туберкулины бар ампуланы алып, шприцке 0,2мл препаратты алыңыз;

13. Ампуланы қалған туберкулинімен мензукаға салып залалсыздандырылған колпачокпен жабыңыз;

14. Шприцтің ауасын 0,1мл шығарыңыз;

15. Шприцті залалсыздандырылған столға салыңыз;

16. 70% спиртке малынңан мақта дөңгөлегімен білектің ортаңғы алақан бетін өңдеңіз;

17. Сол қолдың 1-2саусақтарымен салатын орынның терісін тартыңыз;

18. Инені жоғары қаратып көз бақлауымен, лимон қабықша пайда болғанша 10- 150 тері ішіне енгізіңіз;

19. Инені суырып алңыз;

20. Ине орнын спиртпен өңдемеңіз;

21. Туберкулин шприцін дез. ерітінді құйылған утилизаторына тастаңыз;

22. Қолғапты ҚЖҚ-ға тастаңыз.

23. Қолды жуыңыз, кептіріңіз

24. Манту сынамасын 72 сағаттан кейін сызғышпен бағалау керек:

-папуланың диаметрі 0-0,1мм болса,нәтиже теріс;

- папуланың диаметрі 2-4,9мм болса,нәтиже күдікті;

- папуланың диаметрі 5мм және одан жоғары болса,нәтиже оң;

25.Манту сынамасының нәтижесін №063 формасына тіркеңіз.

 

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.