Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы»



21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын                      қою техникасы»

Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.

Көрсеткіштері:іш қату, улану, операцияларға дайыдау, газ шығару түтігін қою және емдеу клизмасын жүргізер алдында, рентген, эндоскопиялық зерттеулеріне дайындық, ҚЖК.

Қарсы көрсеткіштері:«өткір іш жағдайына» кудіктену, тік ішектің жарығы және түсуі, асқазан-ішектен қан кету, тік ішек ісігінің ыдырау кезеңі.

Міндетті шарттар:қайнатылған су, емшектегі балаларына (24-260 С), үлкендеу жастағы балаларына (22-240 С) температурасындағы су қолданылады.

               Құрал - жабдықтар:

 - орау столы;

              - стерильді емес резина қолғабы, алжапқыш;

              - жаялықтар;

              - сүлгі;

              - қайнатылған бөлме температурасына сәйкес суға толы ыдыс;

              - залалсыздандырылған (№ 1-6) жұмсақ ұштарымен резина баллондары;

 - зарарсыздандырылған вазелин майы;

- шпатель;

- лоток;

             - қолданыста болған заттарға арналған контейнер;

               - медициналық құжаттар;

- горшок.

- ластанған жаялықтарға арналған қап.

              Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасын/баланы емшараның мақсатымен таныстырыңыз;

3. Керек құрал жабдықтарын дайындаңыз;

4. Орау столының үстіне жаялықты төсеңіз;

5. Столдың шетіне, емшараның соңында баланы құрғату үшін сүлгіні дайындап

қойыңыз;

6. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, алжапқышты, стерильді емес қолғапты киіңіз;

7. Резина баллонын оң қолға алып, ішіндегі ауасын шығарыңыз;

8. Баллонға керек көлеміндегі суды жинап, толтырыңыз;

Ескерту:керек судың көлемі:

а) жаңа туған балаға 25-30 мл;

б) 6 айға дейінгі балаға 50 мл;

в) ересек балаға әр жасына 100 мл есебімен есептеп алады.

9. Баллонның ұшын залалсыздандырылған өсімдік майымен өңдеңіз;

10. Баланы сол бүйрені жатқызып, аяғын тізе, ұршық буындарында бүгіп, ішіне

қарай бұгіңіз;

Ескерту:6 айға дейінгі баланы арқасына жатқызып, аяғын жоғары қарай көтеруге

болады.

11. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен баланың анусын ашып, осы күйде

ұстаңыз.

12. Резина баллонын оң қолдың 2 және 3саусақ аралығына қойып, оң қолдың

үлкен басбармақтарымен төмен жағынан басыңыз.

13. Резина баллонын басылған күйінде, абайлап ұшын анальды тесігіне еңгізіп, тік ішікке қарай қозғалтыңыз, алдыменен кідікке қарай, соңынан сфинктерден өткізіп, құйымшаққа паралельді бағытта.

Баллонның ұшының еңгізілу тереңдігі:

1 жасқа дейін 1-3 см;

3 жасқа дейін 3-4 см;

5 жасқа дейін 4-5 см.

14. Баллонның төменгі жағынан ақырын басып отырып суды жіберіп, басулы

күйінде ұшын тік ішектен алып шығарыңыз (балонды қолданыста болған заттарға

арналған лотокқа салыңыз).

15. 3-5 минут баланың анусын сол қолмен қысып ұстаңыз.

16. Баланы арқасына жатқызып, жаялықпен жабыңыз, ересек баланы

горшокқа отырғызыңыз (нәжістің шығуына дейін).

17. Ішектің толық босауын қамту үшін, ішіне сағат тілі бағытымен массаж

жасаңыз

18. Баланың нәжісімен былғанған жаялығын алып тастап, құйрығын жуып, 

сүлгімен жайлап кептіре сүртіңіз.

19. Қолданыста болған сүлгіні, ластанған жаялықтарды арнайы қапқа салыңыз.

20. Баланы ораңыз (киіндіріңіз).

21. Алжапқышты шешіп дез. ерітіндіге салыңыз, қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз.

22. Қолды жуып, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.