Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»



12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»

Мақсаты:тіндегі гипоксияны азайту, қанды оттегімен қамтамасыз ету.

Көрсеткіші:шала туған бала, тыныс алу жолдарының аурулары, қантамырлар аурулары.

Құрал - жабдықтар: Бобров аппараты, залалсыздандырылған мұрын катетірі, пинцет, залалсыздандырылған қайшы, салфеткалар, дистирленген су, лейкопластыр, ҚЖК, таза жөргек, стерильді емес қолғап, дез. ерітінді, ветошь;

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндір, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, стерильді емес қолғап киіңіз.

4. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

5.Бетперде киіңіз.

6. Баланы жөргектеу үстеліне басын жоғарынқырап жатқызыңыз.

7. Бобров аппаратын дайындаңыз (мейірбике ісі пәнінен өткен тақырып), оттек көзіне жалғаңыз.

8.Мұрын қуысын тексеріп, керек болған жағдайда тазалаңыз.

9. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

10.Мұрын катерірінің жарамдылық мерзімін тексеріңіз, қорабын залалсыздандырылған қайшымен кесіп ащыңыз, катетірді пинцетпен лотокқа салыңыз.

11. Пинцетпен катетірдің ұшынан ұстап құлақ бүртігінен мұрының ұшына дейін өлшеңіз, лейкопластірмен белгі қойыңыз.

12. Катетірді еңгізетін ұшынан 3 -5 см аралықта қаламсап тәрізді ұстап, басын дистирленген суға немесе изотоникалық ерітіндіге малыңыз.

13. Катетірді бетке перпендикулярлы ұстап, төменгі мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз.

14. Катетірдің дұрыс еңгізілгенің тексеріңіз: шпателмен тілдің тұбін басу арқылы – катетердің ұшы тілшіктен 1 см төмен тұру керек. 

15. Катетердің төменгі жағын лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз.

16. Катетердің төменгі жағын резиналы түтікше арқылы Бобров аппаратының қысқы түтікшесіне жалғаңыз, сұйықтықтан жоғары орналасқан.

17. Оттек берудің жылдамдығын анықтаңыз (дәрігердің тағайындауы бойынша), уақыт белгілеңіз.

18. Оттек беріліп біткен соң, катетірді салфетка арқылы алып тастаңыз. Мұрынға 2 – 3 тамшы қантамырларды жиыратын ерітінді тамызыңыз.

19. Дез. ерітіндісі бар лотокқа шпатель, пинцет, қайшы және катетірді салыңыз.

20. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

21. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Оттектерапия ұзак жүргізілгенде, әр 30 – 60 минут сайын катетірді келесі мұрын жолына ауыстырып тұру керек.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.