|
|||
Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру» Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру Көрсеткіші: жұту және сору рефлексі болмаған жағдайда Құрал - жабдықтар: - стерильді емес резиналы қолғап; - колпак, бетперде, алжапқыш; - валик, залалсыздандырылған салфеткалар; - резиналы баллон; - бір реттік тамақтандыруға арналған өлшенген ана сүті; - бір реттік қолданысқа арналған асқазан зонды; - қысқыш, пинцет; - құралдарға арналған залалсыздандадырылған лоток; - 20 мл – шприц; - ҚЖК; - медициналық құжаттар; - 40 – 60С лотокта су; Іс – шара алгоритмі: 1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 2. Анасын емшараның, мақсатымен таныстырыңыз. 3. Бетпердені киіңіз. 4. Лотоктағы 40 – 60С суға саулған ана сүтін 36 – 37С жылытыңыз. 5. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз. 6. Баланы жөргектеу үстеліне бір жақ бүйіріне жатқызып, кеудесіне алжапқыш жабыңыз. 7. Қолыңызды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз, стерильді емес қолғап киіңіз. 8. Тамақтандырар алдында мұрын құысын тексеріп, қажет болған жағдайда резина баллоны арқылы тазалаңызарқылы тазалаңыз. 9. Зондтың жарамдылығын тексеріп, ашыңыз. 10. Пинцет арқылы зондты ұстап, еңгізу тереңдігін құлақ сырғалығынан, мұрын ұшына және мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндісіне дейін өлшеп, белгілеңіз. 11. Зондты 7 – 8 см соқыр ұшынан қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала шашалған немесе жөтелген жағдайда, зонд тыныс жолдарына түскендігін білдіреді.Зондты алып тастап, ылғалды оттегін беріңіз, процедураны қайтадан қайталаңыз). 12. Шприцке жылы сауылған ана сүтін сорып алыңыз. 13. Зондтың канюлясын ашып, шприцты жалғап, зондты жоғары көтеріп сүтті ақырын нәрестенің асқазанына еңгізіңіз. 14. Шприцты зондтан ажыратып, канюляны жабыңыз. 15. Зондты лейкопластырдың жолағымен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз. 16. Зондты оң қолдың сұқ және басбармағының арасына 2 – 3 см қашықтықта қысып, салфетка арқылы ауыз қуысынан алып тастаңыз. 17. Баланың басын жоғарылатып жөргектеу үстеліне жатқызыңыз. 18. Қолданған шприцты, зондты, салфеткаларды ҚЖК- ға тастаңыз. 19. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. 20. Қолды жуыңыз, кептіріңіз. 21. Емшараның орындалуын тіркеңіз Құжаттандыру: 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі . 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы. 9. Алгоритм:«Ішектен қан кету кезіндегі жедел көмек көрсету» Мақсаты:ішектен қан кетуін тоқтату. Құрал- жабдықтар : - стерильді емес қолғап;
-мұзды мұйық; -мұз кесектері; -танометр; -қалам қағаз; -ҚЖК. Іс-шара алгоритмі: 1.Баланың аты-жөнін сәйкестендіру. 2.Анасына(туыстарына) емшара мақсатын түсіндіріп,келісімін алыңыз. 3.Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып,кептіріп стерильді емес қолғап киіңіз. 4.Науқасты тыныштандырып төсекке жатқызыңыз. 5.Дәрігерді шақыртыңыз. 6.Науқастың тамақ жеуі мен сұйықтық ішуін шектеуін қадағалаңыз. 7.Іштің төменгі бөлігіне ішек бойымен жылжыта отырып мұзды мұйық қойыңыз. 8.Әрбір 5-10 минут сайын науқастың қан қысымын,тамыр соғуын анықтап, жалпы жағдайын бағалаңыз. 9.Жедел түрде науқасты зембілге жатқызып ауруханаға жеткізіңіз.
Құжаттандыру: 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
|
|||
|