|
|||
Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану» Мақсаты: шалатуылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету Көрсеткіші: ай-күні жетілмей туған нәресте Құрал - жабдықтар: резеңке жылытқыштар-3; температурасы 42-45 С су;жөргектер-3, термометр,көрпе, стерильді емес қолғап, бетперде, ҚЖК, дез ерітіндісі бар ыдыс, ветошь. Іс – шара алгоритімі: 1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 1. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз. 2. Керекті құралдарды дайындаңыз. 3. Бетперде киіңіз. 4. Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуыңыз, құрғатыңыз, стерильді емес қолғап киіңіз. 5. Нәрестені жөргектеп, төсегіне жатқызыңыз. 6. Жылытқышты температурасы 42-45 С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтырыңыз. 7. Жылыткышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, ауызын мықтап жабыңыз. 8. Жылытқыштың ауызын төмен қараты, аузының толық жабығанын тексеріңіз. 9. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындаңыз. 10. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен ораңыз. 11. Жөргектелген баладан 10см қашықтықта жылытқыштарды қою: екеуін денесінің екі жағына, табанының жанына. 12. Баланы жылы көрпешемен жабу(көрпе астындағы ауа температурасы 28-30 С кем болмау керек), астына термометрді салыңыз. 13. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен. 14. Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу,құрғатып сүртіп қорапшаға салыңыз. 15. Жылытқыштардан суды төгіу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен заласыздандыру. 16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. 17. Қолды жуыңыз, құрғатыңыз. Құжаттандыру: 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
11.Алгоритм: Омфалит кезіндегі кіндік жарасын өндеу әдісі. Мақсаты: кіндік қалдығына патогенді микрофлораның түсуінің, іріңді-септикалық індеттерінің алдын алу. Құрал жабдықтар: - залалсыздандырылған мақта таяқшалары; -КБУ; - зазалсыздандырылған тамызғыш; -3% сутегі асқын тотығы; -70% этил спирті; - 2% бриллиант жасыл ерітіндісі; -залалсызды жаялықтар; -жөргектеу столы; - стерильді емес қолғап; -дезерітінді толтырылған ыдыс, ветошь. Көрсеткіштері:кіндік жарасының індеттенуінің алдын алу. Әрекет алгоритмі: 1.Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 2. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз. 3.Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз. 4. Жөргектеу столын дез ерітінді мен өңдеңіз, үстіне жаялықты жайыңыз. 5. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуыңыз, кептіріңіз, стерильді емес қолғапты киіңіз. 6. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз, шешіндіріңіз. 7. Сол қолдың 1-2 саусағымен кіндік жарасының шеттерін жаксылап керіп ашыңыз. 8.Кіндік жарасына пипетка арқылы 3% асқын су тотығының 1-2 тамшысын тамызыңыз. Пайда болған көбігті залалсыздандырылған таяқшамен іштен сыртқа қарай қозғалыс әрекетімен алып тастаңыз. 9.Қолданылған мақта таяқшасын КБУ-ға тастаңыз. 10. Кіндік жарасының шеттері керілген күйінше 70% этил спиртіне малынған мақта таяқшасы арқылы іштен сыртқа қарай қозғалыс әрекетімен өңдеңіз. 11. Таяқшамен кіндік айналасын 2% бриллиант жасыл ерітіндісімен терісін ортасынан шетіне қарай өңдеңіз. 12. Баланы жөргектеп, анасына беріңіз. 13. Жөргектеу столынан жөргекті алып кір киіміне арналған қапқа салыңыз. 14. Жөргектеу столын дез. ерітіндімен өңдеңіз. 15. Қолғапты шешіп, қолды жуыңыз. Құжаттандыру: 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
|
|||
|