Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»



7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»

 Мақсаты: емдеу.

              Көрсеккіші: құлақтың қабынуы.

              Құрал - жабдықтар: дәрілік зат, мензуркаға салынған залалсыздандырылған пипетка,    

 дәке дөңгелектері және шиыршықтары, лоток, пинцет, бетперде, стерильді емес қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь, ҚЖК.

    Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Дәрілік заттың мерзімін, жарамдылығын тексеріңіз.

4. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып, кептіріп, стерильді емес қолғап киіңіз.

5. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

6. Дәрілік затты 36 – 37С су моншасында жылытыңыз.

7.Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып, басын бір жақғына бұрыңыз, сау құлағы төменге қарауы керек.

8. Құлақта бөліністер болған жағдайда шиыршықпен тазалап алыңыз.

9. Дәрілік затты пипеткаға жинап алып білекке 1 тамшысын тамызып көріңіз.

10. 2 жасқа дейінгі балаға құлақ қалқаншасын артқа және төмен қарай тартып, ересек    баланың құлақ қалқаншасын артқа және жоғары қарай тартып дәрігер тағайындаған мөлшерде дәрілік затты пипеткамен тамызыңыз.

11. Тамызғын соң бірнеше рет құлақ бұртігіне басыңыз.

12. Есту жолын мақта тампонымен жауып қойыңыз, сол куйде бала 15 – 20 минут жатуы қажет (анасына түсіндіріңіз).

13.Пипетканы, пинцетті дез. ерітіндісі бар лотокка салыңыз, мақта шариктермен шиыршықтарды контейнерге тастаңыз.

14.Қоғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

15. Қолды жуып, кептіріңіз.

16.Емшараның орындалуын тіркеңіз.

 

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.