|
|||
Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы»5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы» Мақсаты: емдеу. Құрал - жабдықтар: - көз тамшылары; - мензуркадағы залалсыздандырылған тамызғыштар; - залалсыздандырылған мақта дөңгелектері; - пинцет; - бүйрек тәрізді лоток (2 дана); - стерильді емес қолғап; - бетперде; - ҚЖК; - медициналық құжаттар. Мідетті шарттар: көз тамшыларының температурасы, бөлме температурасына сәйкес болуы қажет. Іс – шара алгоритмі: 1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 2. Анасын/баланы емшара мақсатымен таныстырңыз; 3. Керек құрал жабдықтарын дайыдаңыз; 4. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.
6. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз. 7. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз; 8. Көзде іріңді бөлінділер болған жағдайда, мақта тампонымен 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған, көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеңіз, әр көзге жеке тампондар қолданыңыз. Жоғарыдағыдай көздің өңделуіне сәйкес құрғақ тампондармен құрғатыңыз. 9. Пинцет арқылы сол қолға мақта тампонын салыңыз; 10. Дәрілік зат тамызғыштың резинка бөлігіне қүйылмас үшін, тігінен ұстап, емдеу ерітіндісін тамызғышқа жиіп алыңыз; 11. Оң қолға пипетканы алып, маңдайға орналастырып, баланың басын алақан қырымен нақтылап ұстау. Пипетканы 400 бұрышында ұстау қажет. 12. Төменгі қабағын тампонмен тартыңыз. 13. Ескерту:балаларда физиологиялық блефароспазм жағдайында, екі қабағында ашу қажет; 14. Дәрілік заттың бір тамшысын, көздің ішкі бұрышына қарай тамызыңыз. Бір неше секундтан соң, екінші тамшыны тамызыңыз. 15. Тампонды қолданыста болған материалына арналған контейнерге тастаңыз. 16. Бөлек тампонды қолданып, жоғарғыдай екінші көзге тамызыңыз; 17. Қолданыста болған пипетканы зарарсыдандыруға жіберіңіз; 18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастап, қолды жуып, кептіріңіз; 19. Дәрілік затының еңгізілуін, пациенттің реакциясы жөнінде медициналық құжаттарына жазыңыз. Құжаттандыру: 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі . 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
|
|||
|