Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»



6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»

Мақсаты: емдік

Құрал- жабдықтар:

- стерильді емес қолғап;

- залалды тамызғыш немесе ұштығы бар тамызғыш;

- мақта шариктері;

- кішкене резина балоны;

-ҚЖК;

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Қолды жуып, кептір, антисептикпен өңдеңіз, стерильді емес қолғап киіңіз.

4. Баланы жарыққа қаратып отырғызыңыз.

5. Дәрілік затты қолданар алдында ыстық суы бар ыдысқа салып жылытыңыз. Дәрілік заттың температурасын тексеру үшін білезіктің ішкі бөлігіне тамызып тексеріңіз.

6. Тамызуды көмекші көмегімен жүргізу керек, кішкентай балаларды көмекші жартылай жатқызып ұстайды. Үлкен жастағы балаларға дәрілік затты жатқызып немесе отырғызып, басын шалқайтып тамызуға болады.

7. Дәрілік затты тамызар алдында мұрын жолдарын шырыштан және қатпадан тазарту керек. Нәрестелерге мақта шиыршығының көмегімен тазалау, үлкен жастағы балалар өз бетімен сіңіруі керек. Әр мұрын қуысына жеке шиыршық қолданылды. Екі мұрын қуысын бір мезетте тазалауға болмайды. Емшек жастағы нәрестелердің мұрын қуысының шырышын резиналы балонмен сорып алыңыз.

8. Дәрілік затты тамызғышқа алыңыз.

9. Мұрын ұшын сол қолдың бас бармағымен ұстап, сәл жоғары көтеріңіз.

10. Басын бір жағына бұрыңыз,оң жаққа тамызғанда солға, сол жаққа тамызғанда оңға.

11. Тамызғышты мұрынның шырышты қабығына жанастырмау керек, екі үш тамшыны енгізіңіз.

12. Баланың басын сол қалыпта 30-60 секундқа сол қалпында ұстаңыз. Ол дәрілік заттың мұрынның шырышты қабатына толық жайылуын қамтамасыз етеді.

13. Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз

14. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

15. Емшараның орындалуын тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.