Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балалар аурулары пәнінен алгоритмдер



               Балалар аурулары пәнінен алгоритмдер

 

             1.Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»

             2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»

             3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу» 

               4. Алгоритм: «Ауыз қуысы ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»                   

              5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы»

6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»

7. Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»

8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»

9. Алгоритм: «Ішектен қан кету кезіндегі жедел көмек көрсету»

10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»

11. Алгоритм: «Омфалит кезіндегі кіндік жарасын өндеу әдісі»                                                                                                         

12. Алгоритм: «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»

13. Алгоритм: «Әр жатағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»

14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»

15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»

16. Алгоритм: «Аңқадан және мұрыннан жағынды алу техникасы»                                                                       

17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»

18. Алгоритм: «Нәрестеге жасанды дем беру және жүрекке тікелей емес массаж жасау»

19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»

20. Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(ААР)

21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы»

22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»

23. Алгоритм: «Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау»

24. Алгоритм: «Манту сынамасының техникасы»

25. Алгоритм:«Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»

26. Алгоритм: «Гипертермия кезінде балаларға жедел көмек көрсету»                                                                     27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»

28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»

29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»

30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»                                                                     

 

 

1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»  

Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау.

Құрал жабдықтар:

- электронды таразы;                                                                                                                                              - стерильді емес резина қолғабы;                                                                                                                                                   - дез. ертіндісімен ыдыс, ветошь;                                                                                                                                    - кір жаялықтарға арналған қап;                                                                                                                                                                                                                                                                                                           - ҚЖК;                                                                                                                                            - қағаз, қалам.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасын зерттеу жолымен таныстырңыз, келісімін алыңыз.

3. Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз.

4. Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатыңыз.

5. Таразының жұмыс істеуін тексеріп, электр торабына қосыңыз, осы жерде индикатор жанады, 35-40 сек. Кейін таблода 0 дегенсан пайда болады. Таразыны 10 мин іске қосып қойңыз.

6. Таразының тостағаншасын қолмен күш түсіріп басу арқылы тексеріңіз, таблода салмақтың саны шығады, қолды жіберіп көрсеткішті 0 келтіріңіз.

7. Таразының тостағаншаларына бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз, салмағын өлшеңіз. жөргектің салмағын Т деген кнопканы басу арқылы алып тастаңыз, 0-ге келтіріңіз.

8. Таразының тостағаншасын дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіңіз

9. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

10. Стерильді емес қолғап киіңіз.

11. Баланы шешіндірңіз.

12. Баланы байкап таразыға жатқызыңыз, алдымен төменгі жағын, кейін бас жағын, аяғын ұстап тұру қажет.

13. Баланы таразыдан алыңыз.

14. Таразыдан жайалықты алып, қапқа тастаңыз.

15. Таразының тостағаншасының бетін дез.ерітіндімен сұртіңіз.

16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

17. Қолды жуып, кептіріңіз.

18. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 

2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»

Көрсеткіштер: физикалық дамуын бағалау.

Құрал - жабдықтар:

- көлденең бой өлшегіш;

- жөргек;

- стерильді емес резеңке қолғап;

- ыдыс дез. ерітіндімен, ветошь;

- ҚЖК;

- қағаз, ручка.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасыны\ туыстарына зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз.

3. Көлденең бой өлшегішті шкаласымен өзінңізге қаратып, нықтап орналастырңыз.

  1. Керекті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
  2. Бой өлшегіштің үстін ветошь арқылы дез.ерітіндімен сүртіңіз.
  3. Таза жөргек төсеңіз (шкаласын жаппау және қозғалатын планкасына кедергі жасамау керек)

7. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

8. Стерильді емес қолғап киіңіз.

9. Баланың басын қозғалмайтын планкаға тіреп жатқызңыз.

  1. Баланың тізесін бір қолыңмен басып тұрыңыз.
  2. Екінші қолыңмен жылжыйтын планканы баланың табанына әкеліп тіреңіз.
  3. Межеліктен көрсеткішті аңықтаңыз.
  4. Көрсеткішті жазып алыңыз.
  5. Анасына көрсеткішті айтыңыз.
  6. Бой өлшегіштен жөргекті алып тастаңыз.
  7. Бой өлшегіштің үстін дез. ерітіндімен сүртіңіз.

17. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз

18. Қолды жуып, кептіріңіз.

19. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.