бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
7 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
24-бап. Ведомстволық бақылау
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары заңдылықтың сақталуына, осы қызметтiң ұйымдастырылуына, тактикасына, әдiстерi мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргiзiлуi мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға бақылауды қамтамасыз етедi. Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.
25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор: 1) құпия көмекшiлердiң және штаттағы жасырын қызметкерлердiң жеке басы туралы мәлiметтерден басқа, жедел есепке алу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажеттi мәлiметтердi алады; 2) арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде байланыс желiсiнде жүзеге асырудың заңдылығын тексерудi жүргiзедi; 3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады; 4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды; 5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi; 6) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады; 7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады; 8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды; 9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi; 10) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi. 3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды. 4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы. Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.08.09 N 346, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Президентi
|