бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары
8-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген органдардың: 1) өз құзыретi шегiнде осы Заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру iс-шараларын жария және жасырын жүргiзуге; 2) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелердi құруға және пайдалануға; 3) жедел-iздестiру iс-шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлiмдердiң тұрғын үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкiн, залал келтiрiлген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелерiне жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен өтей отырып пайдалануға; 4) астыртын ұйымдар құру мақсатында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiн, бөлiмшелерiнiң, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық бағыныстылығын, сондай-ақ құпия көмекшiлердiң жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға; 5) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн маңызы бар ақпаратты өтеусiз алуға және пайдалануға; 7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың келiсiмi бойынша осы органдардың күшi мен қаражатын жекелеген iс-шаралар жүргiзуге тартуға; 8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу мақсатында ғана тәулiктiң кез-келген уақытында ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына, ал әскери бөлiмшелердiң және басқа да режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге; 9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 130-бабында белгiленген тәртiппен жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң нәтижелерiн көрсететiн материалдарды беруге құқығы бар. 9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi. Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.
|