бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн: а) Iшкi iстер органдары; б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; б-1) сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган; в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; г) қаржы полициясының органдары; д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; е) алып тасталды ж) алып тасталды з) алып тасталды и) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары; к) кеден органдары жүзеге асырады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар; а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға; б) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерi тергейтiн қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын орындауға; б-1) прокурордың жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға; б-2) қылмыстық iс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық iс бойынша жауапкердi, атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкердi iздестiру туралы сот актiлерiн орындауға; в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға; г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға; д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV Заңдарымен.
|