бап. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер
15-бап. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде: - аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға; - қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге; - азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға; - азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға; - жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға; - адамның және азаматтың жеке өмiрiне қол сұғылмауын, өзiнiң және отбасының құпиясын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу процесiнде белгiлi болған мәлiметтердi, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың келiсiмiнсiз жариялауға тыйым салынады. Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары: - жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген мiндеттер орындалған ретте; - алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте; - тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде; - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешiмi бойынша тоқтатылады. Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады. Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.
|