Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу



3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу

10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:
а) қозғалған қылмысты iстiң болуы;
б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен:
- әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң
табылуы;
- шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар;
в) тергеушiнiң өзi тергейтiн қылмыстық iстер бойынша жазбаша тапсырмалары;
в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;
в-2) қылмыстық iс бойынша сотталушыны және азаматтық iс бойынша жауапкердi, атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкердi iздестiру туралы сот актiлерi;
г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;
д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау және қарсы барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;
- жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетiлетiн объектiлердi күзету және оларға қызмет көрсету жөнiндегi, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың төңiрегiндегi жұмыстарды iстеуiне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетiлетiн объектiлердiң, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;
- мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;
- жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
- күзет қызметiмен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
11-бап. Жедел-iздестiру iс-шаралары

1. Жедел-iздестiру iс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлiнедi.
2. Жалпы жедел-iздестiру iс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану;
3) енгiзу;
4) қылмыстық iс-әрекеттi имитациялайтын мiнез-құлық таныту;
5) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнiм беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзiнiң және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәлiметтер алу үшiн техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгiлердi алу;
10) жедел сатып алу;
11) iздеу-қызмет иттерiн пайдалану;
12) жеке адамды белгiлерi бойынша iздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзiрлеушi, жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;
16) ұсталған адамдарды жеке тексерудi, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi куәгерлердiң қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке тексеру және жеке тұлғаның жанында болатын заттарды тексеру, көлiк құралдарын тексеру, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн;
17) қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу;
18) байқау.
3. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары мыналар болып табылады:
1) почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн бақылау;
2) байланыс желiлерiндегi жедел iздеу;
3) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;
4) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алып тастау;
5) жедел кiру.
12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары

1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.
2. Жалпы және арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы барлық органдар өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жүргiзедi.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жедел-iздестiру iс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органымен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен өзара iс-қимыл жасаса отырып жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жедел қамтамасыз ету объектiлерiндегi және күзет iс-шараларын жүргiзу аймағындағы жедел-iздестiру iс-шаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.
4. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары:
1) егер күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам күдiктiге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшiн күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша күдiктiге, айыпталушыға не үшiншi бiр адамға қатысты;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн тек қана прокурордың санкциясымен жүргiзiледi.
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) әзiрлеп және жасап жатқан қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары көрсетiлген санаттағы қылмыстарға қатысы бар тексерiлетiн адамдарға қатысты прокурордың санкциясымен жүргiзiледi.
Мұндай iс-шараларды жүргiзуге санкцияны жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.
Осы Заңның 6-бабында көрсетiлген барлық органдардың мiндеттердi шешуi үшiн байланыс желiсiн пайдаланумен байланысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күш пен қаражат бөлiнедi.
Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн және күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерi мен құралдарын беретiн жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасына қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желiлерiн пайдалана отырып, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыруға құқылы. .P100805
Барлау ақпаратын алу мақсатында байланыс желiлерiн пайдаланумен байланысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын техникалық жағынан сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын, сондай-ақ халықаралық терроризмдi анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшiн арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.
7. Кейiнге қалдыруға болмайтын әрi ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы тиiстi орган басшыларының бiреуiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ете отырып және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде кейiннен санкция ала отырып, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге жол берiледi.
Бұл ереже судьяларға қатысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу кезiнде қолданылмайды.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8. Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге санкция алу кезiнде прокурорға құпия көмекшiлер мен штаттағы жасырын қызметкерлердiң жеке басы туралы мәлiметтердiң құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзу үшiн негiздеме материалдар табыс етiледi.
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шарасының нәтижесi туралы оны жүргiзуге санкция берген прокурор хабардар етiледi.
9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруғажататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.
13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарға жәрдемдесу

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының, әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге мiндеттi және олардың көрсетiлген органдарға өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

14-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдарын
пайдалану

1. Жедел-iздестiру қызметi процесiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу мен жүзеге асыру және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының айғақтарды жинауды, зерттеудi және бағалауды регламенттейтiн ережелерiне сәйкес тексерiлген жағдайда қылмыстық iстер бойынша дәлелдеу процесiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары барлау және қарсы барлау қызметi барысында алынған, оларды пайдалану тәртiбi ведомстволық нормативтiк актiлерде белгiленген нәтижелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлгеннен кейiн осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да мiндеттердi орындау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген сипат берiлгенге дейiн не оларды қылмыстық процеске енгiзуге мүмкiндiк болмағанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеуге негiз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру туралы, нақты жедел-iздестiру iс-шаралары туралы, мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздерi және оларды алу тәсiлдерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мәлiметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады. 14-1-бап. Жедел-iздестiру қызметiн ақпараттық қамтамасыз
ету және құжаттау

1. Осы Заңда көзделген мiндеттердi шешу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелердi құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу iстерiн ашуы мүмкiн.
2. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерде мәлiметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу iстерiн ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негiздер болған кезде, мәлiметтердi жинау мен жүйеге келтiру, жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негiзiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың тиiстi шешiмдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргiзудiң тәртiбi жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.