бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi
2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi: - адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi заңға қарсы қол сұғулардан қорғау; - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу; - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу; - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйiттердi сәйкестендiру; - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау; - Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету; - мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда ұйымдарға жәрдемдесу; - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау; - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.
3-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары
Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.
|