Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай қамтамасыз ету



20-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай қамтамасыз ету

Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 31-I, 1998.12.22 N 327, 2004.12.21 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 2004.12.21 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

6 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Заңнамаға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.