Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жедел-iздестiру қызметi туралы



Жедел-iздестiру қызметi туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңы

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат


МАЗМҰНЫ

Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдарға сауал қою - жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкiн сауал қойылған адамның сөздерiнен жинау;
2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкiн тиiстi жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жiберу жолымен жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн маңызы бар нақты ақпарат алу;
3) арнаулы жедел-iздестiру iс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өмiрiне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тiкелей қатысты жедел-iздестiру iс-шарасы;
4) арнаулы техникалық құралдар - жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшiн арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуi мен конструкциялық ерекшелiктерi бар құрылғылар, аппаратура, тетiктер, жабдық
5) байқау - жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн маңызы бар құбылыстарды, әрекеттердi, оқиғаларды, процестердi көру арқылы әрi өзгеше қабылдау және анықтау;
6) байланыс желiлерiндегi жедел iздеу - байланыс желiсi арқылы берiлетiн ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттiң белгiлерiн табу жөнiндегi жасырын iс-әрекеттер;
7) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алу - ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, iздеуге және таратуға арналған, электрлi байланыс желiлерi, компьютер желiлерi, деректер базалары, телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер арқылы берiлетiн ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен жасырын алу;
8) бақыланатын өнiм беру - еркiн өткiзуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектiлерi немесе құралдары болып табылатын нәрселердiң, заттардың және өнiмдердiң берiлуiне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттiң белгiлерi туралы ақпарат алу тәсiлi;
9) жеке адамды белгiлерi бойынша iздеу және ұқсастыру - iздеудегi адамды даралайтын статистикалық, динамикалық және геномдық белгiлерi бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портретi және адамды жеткiлiктi ықтимал дәрежеде тануға мүмкiндiк беретiн басқа да тәсiлдер көмегiмен табуға және сәйкестендiруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық iс-әрекеттер жиынтығы;
10) енгiзу - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн не онымен бiрге қызмет iстеп жүрген құпия көмекшiнi жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн жедел қызмет мүдделi болып отырған объектiнiң төңiрегiне жасырын енгiзу;
11) жалпы жедел-iздестiру iс-шарасы - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың осы қызметтiң мiндеттерiн шешуге бағытталған, бiрыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
12) жедел есепке алу iсi - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы орган жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
13) жедел кiру - тұрғын және басқа да үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға, көлiк құралдарына, жергiлiктi жердiң учаскелерiне оларды тексеру мақсатында, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiнiң өзге де мiндеттерiн шешу үшiн жасырын кiру;
14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерiлетiн адамнан тұтыну немесе өткiзу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәмiле ахуалын орнату;
15) жедел-iздестiру қызметi - адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдастыру және басқару iс-шараларының ғылыми негiзделген жүйесi;
16) құқыққа қарсы әрекеттердiң iздерiн табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды алдын ала зерттеу - қылмыс iздерi сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қылмыстық әрекеттiң нәтижесi болып табылған материалдық объектiлердi анықтау және айналымнан немесе нақты адамның иелiгiнен алып қою және олардың өздерiне тән белгiлерi мен ерекшелiктерiн заңда белгiленген нысандарда анықтау;
17) құпия көмекшiлер - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органмен құпия негiзде (оның iшiнде келiсiмшарт бойынша) қызмет iстеуге келiсiмiн берген, сол сияқты осы органмен бұрын өзiнiң келiсiмi бойынша ынтымақтастықта болған, он сегiз жасқа толған, iс-әрекетке қабiлеттi жеке тұлғалар;
18) почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн бақылау - iс үшiн маңызы бар мәлiметтердi хаттарды, жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдердi, посылкаларды және басқа да почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн қарау және олардың мазмұнымен танысу жолымен алу;
19) сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерiлетiн адамның, күдiктiнiң, айыпталушының сөздiк ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткiзгiште анықтау;
20) телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу - телефон байланысы абонентiнiң кiрiс және шығыс қоңыраулары туралы ақпаратты жасырын алып қою;
21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу - егер тексерiлетiн адам, күдiктi, айыпталушы үшiншi бiр адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәлiметтер болса немесе егер үшiншi бiр адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерiлетiн адамға, күдiктiге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшiн тексерiлетiн адамнан, күдiктiден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәлiметтер болса, тексерiлетiн адамның, күдiктiнiң, айыпталушының не үшiншi бiр адамның сөздiк ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткiзгiште анықтау;
22) үлгiлердi алу - тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, заттың, нәрсенiң ерекшелiктерiн бейнелейтiн, жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн маңызы бар материалдық ақпарат жеткiзгiштердi алып қою және анықтау;
23) штаттағы жасырын қызметкер - лауазымдық мiндеттерiне жедел-iздестiру iс-шараларын астыртын түрде жүргiзу кiретiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерi;
24) iздестiру - заңда көзделген жағдайларда тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың, хабарсыз кеткен және өзге де адамдардың орналасқан жерiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар жоғалған құжаттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, iс жүргiзу және жедел-iздестiру iс-шараларының жүйесi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.