|
|||
24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде. 3 страница
41. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар .Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
42. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиіссінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін:1) ескерту;2) сөгіс;3) қатаң сөгіс;4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;5)атқаратын қызметтен босату қолданылуы мүмкін.Тәртіптік жазаны:1) лауазымдық өкілеттігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;2) жасағаны үшін ҚР-ң заңында заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшін қолдануға болмайды;3)ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін тәртіппен қолданады.Мемлекеттік қызметші өз іс-әректінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР-ң заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады. 43. Мемлекеттік басқару әдістері. Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік басқарушылық қызметтің өте қажет элементі,оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бағыттарының бірі.Бұл сияқты функциялардың ішінде әдетте өкім ету,реттеу,ұйымдастыру,үйлестіру және бақылау аталады.Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметіне тікелей араласуын болжайды.Ал реттеуді алатын болсақ,оның мәні осы сияқты объектілердің қызметінің белгілі бір тәртібін белгілеуден,яғни оны ретке келтіруден тұрады.Реттеу,басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен-ақ белгілі.Өзгеше болуы мүмкін емес,өйткені басқару қызметі функцияларының біреуі осы қызметтің бәрін«сіңіруі»мүмкін емес.Атқарушы билікті жүзеге асыру тәжірибесі дәлелдеп отырғандай,мемлекет басқара отырып,реттейді,ал реттей отырып-басқарады.Соған сәйкес атқарушы билік органдарының құзыретінен өкім етушілік те,сондай-ақ реттеушілік те өкілеттіктерді оңай табуға болады.Басқару дәстүр бойынша оның субъектілеріне тікелей бағындырылған объектілердің болуымен,ал реттеу-көпшілігінде басқару субъектісіне бағынышты емес объектілерге ықпал жасаумен байланыстырылады.Алайда мұның бәрі шартты жағдай,өйткені екі жағдайда да атқарушы билікті нақты іске асырудың қандай да бір нұсқалары жобалап түсініледі.Ал мұның өзі мемлекеттік басқару мемлекеттік реттеумен салыстырғанда едәуір кең ұғымы екендігін білдіреді.Таза заңдық мағынасында реттеу,басқару процесі элементі(функциясы)бола отырып,өзінің көрінісін басқарылатын аяда мінез-құлықтың ережелерін белгілеуден,яғни құқықтық реттеуден табады.Біздің жағдайда,әкімшілік құқықтық реттеу көзделіп отыр.Сонымен,біз ең айқын көріністері бар белгілермен таныстық,солардың көмегімен атқарушы билік және оны нақты жүзеге асырудың механизмі туралы түсінік алуға болатын болды.Соңғы жағдайда атқарушы биліктің ұйымдастыру құқықтық сипаттамасы еске алынып отыр.Оның негізі-тиісті құқықтық рәсімдерді қажет ететін мемлекеттік қызметтің барлық өзге түрлері сияқты,атқарушы билік органдарының мемлекеттік басқарушылық қызметі.Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы әкімшілік құқыққа жатады. 44. Әкімшілік мәжбүрлеу және оның ерекшеліктері. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарларнысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.
45.Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы.Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды . Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады. 2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi
46. Әкімшілік бұлтартпаулар шаралар. Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері1) мақсатты міндеті бойынша:а) әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары ( бақылау және қадағалау үшін тексеру, құжаттарды тексеру, және заттарды қарау, транспорт құралдарын техникалық қараудан өткізу және т.б.);б) Әкімшілік – бұлтартпау шаралары (құқыққа қайшы іс – әрекетті тоқтату талаптары, тұлғаны әкімшілік ұстау, қаруды және өзге де арнайы құралдарды қолдану және т.б.);в) Әкімшілік жауапкершілік шаралары (әкімшілік жазалар). Әкімшілік – бұлтартпау шаралары және іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары мәжбүрлі түрде құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату (кесу) және олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл шаралар да кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда халық бақылаушылары (народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау шараларына мыналарды жатқызуға болады:- әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама толтыру, әкімшілік істерді өз уақытында қарауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;- кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті қорғау ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;- техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;- егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса, қандайда болмасын ережелерді бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);- қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (мысалы, өз бетімен тұрғызған құрылыстарды бұзу, өз бетімен тұрғын үйге кіріп алғандарды әкімшілік шығару);- полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан азаматтарды қорғауда, кепілге алғандарды босатқанда, полиция қызметкерлеріне шабуыл көрсеткенде;- қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы тікелей физикалық ықпал ету;- өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қоғамға жат қылықтарды тоқтату талабы. 47. Қазақстан Республикасы заң бойынша ықтиярсыз ем.Алкоголизм,наркомания және таксикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуі. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі.Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін. 48. Мемлекеттік басқаруларға органдарға азаматтардың үндеулері.Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; 6) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады. 49. Қазақстан Республикасы заң бойынша әкімшілік процедуралар.1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп: 1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу;2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiнiштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; 4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.Осы Заңның қолданылу шектерiОсы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдарының 5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының 7) мемлекеттiк қызметтердi ұсынуы кезiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiнiң қызметiнде қолданылады.Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеу принциптерiОсы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:1) заңдылық 2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; 3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; 5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; 7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;9) барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы; 10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгiн айқын межелеу және олардың келiсе отырып жұмыс iстеуi; 11) үнемдiлiк пен тиiмдiлiк;12) мемлекеттiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгi мен сапасы принциптерiне негiзделедi.
|
|||
|