Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





21Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 3 страница




 


38.ҚР да мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттiк қызметшiнiң:1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар .



39.Қр да мемлекетттік қызметшілердің құқықтарынң шектелуі. 1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi,немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

 



40.ҚР ның мемлекеттік қызметшілерінің абырой кодексінің талаптары. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрi - Кодекс) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер:1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделiн түсiруге ықпал ететiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алуға;3)қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге;4) мемлекеттiң мүддесiне залалын тигiзетiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;5) сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiкке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;7) мемлекеттiк қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;8) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелердi кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;9) адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;10) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға;11) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға;12) жоғары кәсiби жұмыс үшiн қажеттi күш-жiгерiн салуға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы да үнемдi әдiстерiн қолдануға;13) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;14) кадрларды туысқандық, жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;15) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;16) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк фактiлерiне жол бермеуге;17) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;18) кәсiби дайындықтың, оның iшiнде орындалуы бағынысты қызметкерлердiң функционалдық мiндеттерiне жатқызылған мәселелер бойынша, қажеттi деңгейiне ие болуға;19) басқа мемлекеттiк қызметшiлердiң тарапынан қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға және жолын кесуге;20) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасысын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.


 


41. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар .Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.


 


42. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиіссінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін:1) ескерту;2) сөгіс;3) қатаң сөгіс;4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;5)атқаратын қызметтен босату қолданылуы мүмкін.Тәртіптік жазаны:1) лауазымдық өкілеттігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;2) жасағаны үшін ҚР-ң заңында заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшін қолдануға болмайды;3)ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін тәртіппен қолданады.Мемлекеттік қызметші өз іс-әректінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР-ң заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.



43. Мемлекеттік басқару әдістері. Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік басқарушылық қызметтің өте қажет элементі,оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бағыттарының бірі.Бұл сияқты функциялардың ішінде әдетте өкім ету,реттеу,ұйымдастыру,үйлестіру және бақылау аталады.Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметіне тікелей араласуын болжайды.Ал реттеуді алатын болсақ,оның мәні осы сияқты объектілердің қызметінің белгілі бір тәртібін белгілеуден,яғни оны ретке келтіруден тұрады.Реттеу,басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен-ақ белгілі.Өзгеше болуы мүмкін емес,өйткені басқару қызметі функцияларының біреуі осы қызметтің бәрін«сіңіруі»мүмкін емес.Атқарушы билікті жүзеге асыру тәжірибесі дәлелдеп отырғандай,мемлекет басқара отырып,реттейді,ал реттей отырып-басқарады.Соған сәйкес атқарушы билік органдарының құзыретінен өкім етушілік те,сондай-ақ реттеушілік те өкілеттіктерді оңай табуға болады.Басқару дәстүр бойынша оның субъектілеріне тікелей бағындырылған объектілердің болуымен,ал реттеу-көпшілігінде басқару субъектісіне бағынышты емес объектілерге ықпал жасаумен байланыстырылады.Алайда мұның бәрі шартты жағдай,өйткені екі жағдайда да атқарушы билікті нақты іске асырудың қандай да бір нұсқалары жобалап түсініледі.Ал мұның өзі мемлекеттік басқару мемлекеттік реттеумен салыстырғанда едәуір кең ұғымы екендігін білдіреді.Таза заңдық мағынасында реттеу,басқару процесі элементі(функциясы)бола отырып,өзінің көрінісін басқарылатын аяда мінез-құлықтың ережелерін белгілеуден,яғни құқықтық реттеуден табады.Біздің жағдайда,әкімшілік құқықтық реттеу көзделіп отыр.Сонымен,біз ең айқын көріністері бар белгілермен таныстық,солардың көмегімен атқарушы билік және оны нақты жүзеге асырудың механизмі туралы түсінік алуға болатын болды.Соңғы жағдайда атқарушы биліктің ұйымдастыру құқықтық сипаттамасы еске алынып отыр.Оның негізі-тиісті құқықтық рәсімдерді қажет ететін мемлекеттік қызметтің барлық өзге түрлері сияқты,атқарушы билік органдарының мемлекеттік басқарушылық қызметі.Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы әкімшілік құқыққа жатады.



44. Әкімшілік мәжбүрлеу және оның ерекшеліктері. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарларнысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.


 


45.Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы.Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды . Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады. 2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi


 



46. Әкімшілік бұлтартпаулар шаралар. Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері1) мақсатты міндеті бойынша:а) әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары ( бақылау және қадағалау үшін тексеру, құжаттарды тексеру, және заттарды қарау, транспорт құралдарын техникалық қараудан өткізу және т.б.);б) Әкімшілік – бұлтартпау шаралары (құқыққа қайшы іс – әрекетті тоқтату талаптары, тұлғаны әкімшілік ұстау, қаруды және өзге де арнайы құралдарды қолдану және т.б.);в) Әкімшілік жауапкершілік шаралары (әкімшілік жазалар).       Әкімшілік – бұлтартпау шаралары және іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары мәжбүрлі түрде құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату (кесу) және олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл шаралар да кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда халық бақылаушылары (народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау шараларына мыналарды жатқызуға болады:- әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама толтыру, әкімшілік істерді өз уақытында қарауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;- кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті қорғау ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;- техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;- егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса, қандайда болмасын ережелерді бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);- қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (мысалы, өз бетімен тұрғызған құрылыстарды бұзу, өз бетімен тұрғын үйге кіріп алғандарды әкімшілік шығару);- полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан азаматтарды қорғауда, кепілге алғандарды босатқанда, полиция қызметкерлеріне шабуыл көрсеткенде;- қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы тікелей физикалық ықпал ету;- өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қоғамға жат қылықтарды тоқтату талабы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.