Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде.  7 страница





89. Төтенше жағдай енгізу негізі және бұл мерзімде азаматтардың құқықтарын шектеу тізімі қандай?Жауабы: Бұл есепті шешу үшін Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын пайдаланамыз.Бұл заңға сәйкес 4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi :1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. 2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда: 1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар.



90.Әскери жағдай енгізу негіздері? Бұл мерзімде азаматтардың құқықтарын шектеу тізімі қандай?Жауабы:Бұл есепті шешу үшін Cоғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 наурыздағы Заңын пайдаланамыз. 4-бап. Соғыс жағдайын енгізу 1. Қазакстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не онын қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болып табылады. 2. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізіледі.12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міңдеттері 1) Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңнын, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы бекіткен шарттардың соғыс жағдайы мөселелері жөніндегі талаптарын орындауға міндетті. 2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар: 1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге; 2) тұрып жатқан жеріндегі әскери баскару органдарына және мемлекеттік органдарға шақырту бойынша келуге; 3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарын орындауға; 4) Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ, өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге; 6) өздеріне Казақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.





  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.