|
|||
24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде. 1 страницаҚазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген. ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды. Оны қызметінен босатуды Премьер-министрдің орнынан түсетіні туралы арызы бойынша немесе ол өз өкілеттіктерін орындай алмайтын жағдайда Президент жүзеге асырады. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Президент Премьер-министрдің ұсынуымен Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Президенттің 2005 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейіндік комитеттерінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындау тәжірибеге енгізілетін болды. ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. 25ҚР-ның азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.ҚР-сы азаматының әкімшілік-кұқыктық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін кдмтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Бұл азаматтың мәртебесінің көп тұрлерінің бір түрі, оны жүзеге асыру атқарушы билік орган-дарының және олардың лауазымды адамдарының тиісті іс-әрекеттерімен байланысты. Сонымен бірге Конституция адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектелуі мүмкіндігін бекіткен, әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық норма л ар әдетте әкімшілік-Құқықтық сипатта болады. Мысалы, тұрғын үйге қол сүғылмаушы-лық құқықты «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» 1995 ж-ғы 21-желтоқсаңдағы заңның қылмыскерді іздегенде, егер пәтер-де не тұрғын үйде адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса, өрт болған және өзге де жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің екінші құрамдық бӛлігі ҚР-сы азаматының мәртебесі болып саналады. Әрбір азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде ӛзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ӛткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы (Конституция-ның 32-бабы), мемлекет ісін басқаруға қатысу туралы нормалар (33-б), әскери қызмет атқару міндеті (36-6), т.б. Одан кейін - бұл аза-маттың шаруашылық-еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, мысалы, Республикада жеке меншік, оның ішінде жерге де танылады және ол мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалады (6-бап. 1,3-т.), занды тұрде алған қандай да болмасын мүлкін жеке меншігінде үстай алады, сонымен бірге соттың шешімінсіз ешкімді де ӛз мүлкінен айыруға болмайды (26-6. 1,3-т), әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, ӛз мүлкін кез келген заң-ды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы (26-6, 4-т), еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдау құқығы (24-6, 1-т). Ақыр соңында, азаматтың қоғамның мүдделерін қозға-майтын жеке немесе отбасы аясындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, олардың ішінде әдебиет, сурет, ғылыми, техникалық шығармашылықтарға құқығы, фамилиясын ӛзгертуге құқығы. Жеке адам тұлға, сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға әкімшілік-құқықтық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады. Ол азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айна-лысу, оқу, Қарулы Күштер қүрамында қызмет атқару, т.б. үшін қажет. Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде жұмысшының, қызметшінің, оқушы-ның, әскери қызметшінің, зейнеткердің, т.б. құқықтық мәртебесін бӛлуге болады. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше мәртебе деп атайды, ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен, жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Бұл, мысалы, әуесқой аң аулаушылар, әуесқой-жүргізушілер, кәсіби емес - спортшылар, туристер, коллекция жинаушылар, т.б. Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады, сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен міндеттер тағайындалған. Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бірғана ресми тұрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді. Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
26Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-күқықгық мәртебесінің ерекшеліктері ҚР-ның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, зандарда және халықаралық шартгарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ҚР-ның зандары ел Конституциясына негізделеді. Соған сәйкес ҚР-дағы шетелдіктердің әкімшілік - құқықтық мәртебесіне жататын нормативтік ережелер «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР-ның 1995 ж. 19-маусымдағы заңында, ҚР-сы Үкіметінің 2000 ж. 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-сына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің Тәртібінде» және басқа да заң актілерінде, мысалы, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған. ҚР-дағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Зандағыдан ӛзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттын ережелері қолданылады. 1995 ж. 19-маусымдағы Заңда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кімдер жататыны айқындалған. ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР-дағы шетелдіктер болып танылады. ҚР-да өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты ҚР-ның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қыл-мыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шеделдіктер ҚР-да уақытша жүрген деп есептеледі. Олар ҚР-ның аумағына келген сәттен бастап үш тәуліктің ішінде белгіленген тәртіппен төлқүжатын тіркеуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң ҚР-нан кетуге міндетті. Жоғарыда аталған заңнамалық актілерде шетелдіктердің ҚР-на келуі мен кетуінің шарттары мен тәртібі бекітілген. Шетелдіктер, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды паспортымен немесе оны алмастыр'атын қүжатгарымен ҚР-ның келу визасы болған жағдайда Қазақстанға келе алады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыга бірдей заңдық міндеттер орындайды. ҚР-да түрақ-ты тұратын шетелдіктер заңдарда көзделген тәртіппен түрақты және уақытша тұратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті. Шетелдіктер заңнамада қаралған кейбір жағдайларда ҚР-ның шегінен қуылуы мүмкін: егер оның іс — әрекеті мемлекеттік қауіп-сіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамДық тәртіпті қоргау мүдделеріне қайшы келетін болса; егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиеттн сақтау, ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; Қазақстанның кедендік, валюталық немесе өзге де зандарын бүзса; егер ҚР-ның азаматымен некеге тұруы оны Қазақстанда түрақты тұруга қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жагдайда. Мүндай әкімшілік жаза шарасы ӘКБтК-тің 394-6. қаралған «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңнын ережелері, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Бұл Заңнын ережелері шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің Қазақстанның заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитетгеріне қолданылмайды. 27.Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.Заңды тұлға ұғымы Азаматтық кодекстің 33бабында былай кқрсетілген « меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.» Заңды тұлғалар: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы түсіндіріледі. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке дара басшы (директор, бас директор) және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке дара және ұжымдық (директорлар кеңесі, Қызметінің түрі бойынша ұйымдардың мына сияқты түрлері бар: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Ұйымдардың бір түрі кәсіпорындар мекемелер болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық облыстық, аудандық, қалалық, кенттік және ауылдық маңызы бар болуы мүмкін. Кәсіпорындар мынандай ұйымдық құқықтық нысанда болуы мүмкін: шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын Коммерциялық емес ұйым деп кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арсында бӛлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру мақсаттары болады. Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанды құрылуы мүмкін. Бұлар мысалы, нотариалды палаталар, адвокаттар алқалары, сауда өнеркәсіптік палаталар, аудиторлар палаталары және өзге де ұйымдық құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, басқару органдары мыналар болып табылады: 1) Жоғарғы басқару органы ұйым қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. 2) Басқарудың атқарушы органы ұйымның қызметін күнделікті басқаоуды жүзеге асырады. 3) Ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын текесеру органдары. 4) Ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар
28. ҚР-ның Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесі.Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен өзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады. Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Үкімет мүшелері Парламент палаталарының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысуға және өз қызметі мәселелері жөнінде есеп беруге міндетті. Республика заңдарын орындамаған жағдайда Констиуцияда (57-б-тың 6-т) белгілеген тәртіппен әр Палата жеке оны қызметтен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін. Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының, олардың тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және сөйлеуге құқығы бар. Үкіметтің Парламентте өкілдік институты бар. Ол Үкіметтің заң шығару бастамасын қамтамасыз етуге міндетті. Үкімет өкілінің Парламенттің тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және өз сөзін тыңдатуға құқығы бар. 29. ҚР-да мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлері.мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар бекітілген: а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауқа жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып танылады. б ) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және екіншіден мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұймдар да құрады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты. В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады. Г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі. Д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды. Е) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекет бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталды. Бқл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл реттерде мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
30. ҚР-да мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлері.мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.Түрлері:Мемлекттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа мемлекеттік саяси қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді.Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы,сайлануы, босатылуы және қызметі саяи-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяс қызметшілердің құрамына кірмейтін,мемлекеттік оргнда тұрақты,кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.1Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлкеттік өкімет органдары қызметі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлге болады.Республикалық сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдадың:Президент әкімшілігінің ,Үкімет кеңсесінің,Парламент палаталары аппаратының өкілеттіктері кіреді.Жергіліктіге мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің мемлекеттік үкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.2Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ,онда азамттық және милитарлиандырылған яғни әскери мемлекеттік қызметшілер бөлінеді әскери қызметшілер,ішкі істер,қаржы полициясы,басқа органдар қызметкерлері.
31.Қазақстанда мемлекеттік қызмет қағидалары. мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:заңдылык;патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы,бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
|
|||
|