Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





21Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 4 страница





47. Қазақстан Республикасы заң бойынша ықтиярсыз ем.Алкоголизм,наркомания және таксикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуі. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі.Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.



48. Мемлекеттік басқаруларға органдарға азаматтардың үндеулері.Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; 6) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.



49. Қазақстан Республикасы заң бойынша әкімшілік процедуралар.1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп: 1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу;2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiнiштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; 4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.Осы Заңның қолданылу шектерiОсы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдарының 5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының                7) мемлекеттiк қызметтердi ұсынуы кезiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiнiң қызметiнде қолданылады.Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеу принциптерiОсы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:1) заңдылық 2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; 3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; 5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; 7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;       8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;9) барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы; 10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгiн айқын межелеу және олардың келiсе отырып жұмыс iстеуi; 11) үнемдiлiк пен тиiмдiлiк;12) мемлекеттiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгi мен сапасы принциптерiне негiзделедi.

 



50. Бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау. Бақылау басқару қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде атқарушы билікті оның субъектілері жүзеге асыру процесінде әр түрлі нысандарда көрініс табады.Сонымен бірге бақылаудың ерекшеліктері қандай да болмасын белгілі бір атқарушы органның құзыретінің сипаты мен оның көлемділігіне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда жалпы және салааралық құзыретті органдардың бақылауын бөлуге болады.Бірінші жағдайда бақылау функциясының және соған сәйкес келетін өкілеттіктердің атқарушы биліктің бүкіл жүйесіне(республика көлемінде)таратылатындығы туралы айтылып отыр.Бақылау өкілеттіктерінің өзге түрлері нақты органның атқаратын қызмет аясының шеңберімен шектеледі.Осыған сәйкес ведомство үстілік және ведомстволық бақылауды бөлуге болады.Олардың арасындағы айырмашылықтың негізіне тікелей бағыныштылық(ведомствоға қарастылық)факторы немесе оның болмауы жатқызылған.ҚР-сы Үкіметінің бақылау функциялары мен өкілеттіктері жалпы бақылаудың мәнін барынша толық білдіреді.Еліміздегі атқарушы билік жүйесінің жоғарғы буыны ретінде,ол өзінің құзыретінің аясында Конституцияның,заңдардың,Президенттің жарлықтарының,өз актілерінің орындалуын ұйымдастырады және оларды барлық атқарушы билік органдарының орындауына жүйелі бақылауды жүзеге асырады,заңнамаларды бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады(ол Үкімет туралы Конституциялық заңның 16-б.айтылған).Үкіметтің жалпы өкілеттіктерінің ішінде-атқарушы билік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ету,оның органдарының қызметіне бағыт беріп,басшылық және бақылау жасап отыру ерекше орын алады.Салааралық(ведомствоүстілік немесе ведомстводан тысқары)бақылауұйымдастыру(ведомстволық)жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар,кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.Құқық қорғау аясындағы бақылауды Әділет,Ішкі істер министрліктері жүзеге асырады,табиғат байлықтарын пайдалану,ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу аясында-Энергетика және минералдық ресурстар,Қоршаған ортаны қорғау,Ауыл шаруашылығы министрліктері.ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөліктерінің әкімдері мен әкімдіктеріне және өзге де жергілікті атқарушы органдардың құрылымына жататын-департаменттерге,басқармаларға,бөлімдерге,т.б.қажетті бақылау өкілеттіктері берілген.Олардың өкілеттіктерінің ауқымы Конституциямен,жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңмен,салалық заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды мәні бар жалпы міндетті болып табылатын ережелерді атқарушы билік органдарының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қатал және дәлме-дәл орындауына бағытталған арнаулы уәкілетті атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып табылады.Әкімшілік қадағалау-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу,табу және жолын кесу,бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып,атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан бағынышты емес органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нормаларды,ережелерді,стандарттарды,талаптарды орындаулары туралы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.



51. Әкімшілік жауапкершілік : ұғымы және ерекшеліктеріӘ.Ж дегеніміз бұл әкім.құқ-қ санкцияларды жүзеге асыру,уәкілетті органның н/е лауаз-ы адамның құқ.бұз.жасаған азаматтар мен заңды тұл-ға әкім-к жаза қолдану б.т.құқық теориясында заңды жауапкер-к құқық бұз. Болғанда,құқық-қ санкцияны жүзеге асыру,яғни құқ.бұзуш.жаза қолд.ретінде қолданылады.өйткені ол қоғам-қ тәртіп бұзғаны үшін белгілі бір жазалар қолданылады.Әкім,құқық әкімшіл.мәжбүрлеудің толып жатқан шара ішінен тек әкім.жазалар ғана әкім.жауап-ң фукцияларын атқарады ж\е тек соларды қолдану ғана әкім.жауап.туындауына әкеп соғады.Ерекшелігі:1. Әкімшілік құқықтың институтына қарай әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері.Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік құқық бұзушылық үшін құқықтық жауаптылық ретінде қарауға болады. Бұл орайда мынаны ескеру қажет, қол сұғудың объектісі мемлекеттік басқару аясындағы, сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мәселен, әкімшілік жауаптылық бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, меншікті сақтауға, азаматтрдың құқықтарын, табиғатты, халықтың денсаулығын, сауданы, т.б. қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді. Екінші жағына, әкімшңлік жауаптылық әкімшілік құқықтың әрбір нормасын бұзған үін емес олардың ішінде тек әкімшілік жауаптылық көрсетілгендеріне ғана қолданылады.2. әкімшілік жауаптылық өзінің субъектілік құрамымен өзгешеленеді. Жауаптылық бұл түрінің субъектілері жеке де, сондай ақ заңды да тұлғалар – кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар болып табылады.3. әкімшілік жауаптылық құқық қорғаудың, бұзушылықтың ерекше түрі – әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті блмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Олардың қауіптілігі құқыққа қарсы іс әрекеттің немесе әрекетсіздіктің өздерінің сипатына ғана емес, сонымен бірге едәуір көп таралғандығында,олардың көптеген мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылықты қамтитын «көп түрлігінде»


 

 


52. Әкімшілік жауапкершіліктер субъекттілерінің классификациясы.Субъект,яғни құқ.бұз. н\е теріс қылықты жасаған адам.Олар жеке тұлғалардан(ҚР азаматтары,шетел азаматтары ж\е азаматтығы жоқ адамдар) ж\е заңды тұлғалардан тұрады.Жеке тұдғалар әкімшілік жауаптылыққа екі қажетті,міндетті белгілер болған жағдайда ғана тартылады:есі дұрыстық ж\е 16 жасқа толуы.Субъект,яғни құқ.бұз. н\е теріс қылықты жасаған адам.Олар жеке тұлғалардан(ҚР азаматтары,шетел азаматтары ж\е азаматтығы жоқ адамдар) ж\е заңды тұлғалардан тұрады.Жеке тұдғалар әкімшілік жауаптылыққа екі қажетті,міндетті белгілер болған жағдайда ғана тартылады:есі дұрыстық ж\е 16 жасқа толуы.Өзге азаматтарға қарағанда лауазымды тұлғалар адамдарды,мүлікті,қаржылық ресурстарды ж\е т.б.басқаруда белгілі бір биліктік құзыреттерге ие.Олар өздерінің жеке,тікелей жауаптылығымен жүзеге асырады.Лауазымды тұлғалар басқару тәртібін,мемлекеттік ж\е қоғамдық тәртіпті,тұрғындардың денсаулығын қорғау саласында бекітілген ережелерді ж\е өзге де қамтамассыз етілуі олардың қызметтік міндеттеріне жататын ережелерді сақтамауына бай\ты құқ.бұз.үшін әкім.жауапт.тартылады.Лауазымдық қызметімен байланысты емес құқ.бұз.жасаған жағдайда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады. Әкімшілік жауаптылық өзінің субъектілік құрамымен өзгешеленеді.Жауаптылықтың бұл түрінің субъектілері жеке де, сондай ақ заңды тұлғалар кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар болып табылады. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар:ақыл есі дұрыс белгіленген жасқа жеткен адам;заңды тұлғалар.Әкімшілік жауаптылыққа тарту мен әкімшілік жаза қолдану бұзушыны сотталғанға әкеп соқтырмайды ж\е оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды:1)мемлекеттік мәжбүрлеу;2)құқықтық мәжбүрлеу;3)жағымсыз салдарлардың туындауы;4)мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға;5)жағымсыз жауаптылық. Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісінсипаттайтын белгілер жатады, қасақаналық және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шет ел азаматтары бөлінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК-ң 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауаптылықта болады. Заңды тұлғалар– бұлар мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдарайтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады.


 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.