Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





21Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 2 страница




 


28. ҚР-ның Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесі.Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен өзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады. Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Үкімет мүшелері Парламент палаталарының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысуға және өз қызметі мәселелері жөнінде есеп беруге міндетті. Республика заңдарын орындамаған жағдайда Констиуцияда (57-б-тың 6-т) белгілеген тәртіппен әр Палата жеке оны қызметтен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін. Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының, олардың тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және сөйлеуге құқығы бар. Үкіметтің Парламентте өкілдік институты бар. Ол Үкіметтің заң шығару бастамасын қамтамасыз етуге міндетті. Үкімет өкілінің Парламенттің тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және өз сөзін тыңдатуға құқығы бар.

29. ҚР-да мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлері.мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар бекітілген: а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауқа жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып танылады. б ) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және екіншіден мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұймдар да құрады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты. В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады. Г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі.

Д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды. Е) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекет бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталды. Бқл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл реттерде мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.


 


30. ҚР-да мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлері.мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.Түрлері:Мемлекттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа мемлекеттік саяси қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді.Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы,сайлануы, босатылуы және қызметі саяи-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяс қызметшілердің құрамына кірмейтін,мемлекеттік оргнда тұрақты,кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.1Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлкеттік өкімет органдары қызметі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлге болады.Республикалық сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдадың:Президент әкімшілігінің ,Үкімет кеңсесінің,Парламент палаталары аппаратының өкілеттіктері кіреді.Жергіліктіге мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің мемлекеттік үкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.2Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ,онда азамттық және милитарлиандырылған яғни әскери мемлекеттік қызметшілер бөлінеді әскери қызметшілер,ішкі істер,қаржы полициясы,басқа органдар қызметкерлері.


 


31.Қазақстанда мемлекеттік қызмет қағидалары. мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:заңдылык;патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы,бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;


 


32. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын, негізгі міндеттерін, шектеулерді, кепілдіктерді, көтермелеуді, еңбек ақы төлеуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, жауапкершілікті.Мемлекеттік қзметшілердің құқықтары, біріншіден, оларға Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде Конституциямен және заңдармен берілген. Екіншіден олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын (лауазымдық немесе қызметтік құқықтар). Үшіншіден, мемлекеттік қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалынатын (мысалы, салықтық, кедендік, әскери қызмет) құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтар.Мемлекеттiк қызметшiнiң: 1)Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; 6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 



33. Саяси мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік қызметтің бірқатар мәселелері бойынша ҚР ның Президентінің «ҚР сы саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы » 1999 ж 29- желтоқсандағы, «ҚР сы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестірін және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттарының тізбесін бкіту туралы » 1999 ж 22- желтоқсандағы, «ҚР сы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері туралы » 1998-ж 12- қарашадағы өкімі сияқты заңнамалармен реттеледі. . Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.Саяси лауазымдарға: 1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады..Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

 



34.Қазақстан республикасында саяси және әкімшілік қызметшілерге мемлкеттік қызметке түсулер реті. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.2.Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.3.Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.4.Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.



35.Қазақстан республикасының әкімшілік қызметкерлердің классификациясы. мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi- мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. 2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен алынбаған әкімшілік немесе тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейді.




36.Бос әкімшілік лауазымға тұруға конкурс өткізу тәртібі.Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:1) жасы он сегiзден төмен емес;2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.



 


37.Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестациядан өту тәртібі.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі - қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім.Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.Аттестациялауға, жүкті әйелдерді қоспағанда, барлық қызметшілер жатады.Қызметшiлер мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi.Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.Аттестация комиссиясы аттестациялауы аттестацияланушы қызметшінің қатысуымен өткізеді.Аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған қызметшілер, жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.Аттестация комиссиясының отырысына қызметші дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестация өткізу туралы шешім қабылдауға хақылы. Аттестация комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезiнде лауазымдардың осы санаты үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мәннен (бұдан әрi - шектi мән) төмен емес баға алған қызметшiмен әңгiме жүргiзiп мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:1) атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшiн кадрлар резервiне ұсынылады;2) атқаратын лауазымына сәйкес; 3) қайтадан аттестациялануға тиiс;4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.