Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде.  4 страница



 



50. Бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау. Бақылау басқару қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде атқарушы билікті оның субъектілері жүзеге асыру процесінде әр түрлі нысандарда көрініс табады.Сонымен бірге бақылаудың ерекшеліктері қандай да болмасын белгілі бір атқарушы органның құзыретінің сипаты мен оның көлемділігіне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда жалпы және салааралық құзыретті органдардың бақылауын бөлуге болады.Бірінші жағдайда бақылау функциясының және соған сәйкес келетін өкілеттіктердің атқарушы биліктің бүкіл жүйесіне(республика көлемінде)таратылатындығы туралы айтылып отыр.Бақылау өкілеттіктерінің өзге түрлері нақты органның атқаратын қызмет аясының шеңберімен шектеледі.Осыған сәйкес ведомство үстілік және ведомстволық бақылауды бөлуге болады.Олардың арасындағы айырмашылықтың негізіне тікелей бағыныштылық(ведомствоға қарастылық)факторы немесе оның болмауы жатқызылған.ҚР-сы Үкіметінің бақылау функциялары мен өкілеттіктері жалпы бақылаудың мәнін барынша толық білдіреді.Еліміздегі атқарушы билік жүйесінің жоғарғы буыны ретінде,ол өзінің құзыретінің аясында Конституцияның,заңдардың,Президенттің жарлықтарының,өз актілерінің орындалуын ұйымдастырады және оларды барлық атқарушы билік органдарының орындауына жүйелі бақылауды жүзеге асырады,заңнамаларды бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады(ол Үкімет туралы Конституциялық заңның 16-б.айтылған).Үкіметтің жалпы өкілеттіктерінің ішінде-атқарушы билік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ету,оның органдарының қызметіне бағыт беріп,басшылық және бақылау жасап отыру ерекше орын алады.Салааралық(ведомствоүстілік немесе ведомстводан тысқары)бақылауұйымдастыру(ведомстволық)жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар,кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.Құқық қорғау аясындағы бақылауды Әділет,Ішкі істер министрліктері жүзеге асырады,табиғат байлықтарын пайдалану,ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу аясында-Энергетика және минералдық ресурстар,Қоршаған ортаны қорғау,Ауыл шаруашылығы министрліктері.ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөліктерінің әкімдері мен әкімдіктеріне және өзге де жергілікті атқарушы органдардың құрылымына жататын-департаменттерге,басқармаларға,бөлімдерге,т.б.қажетті бақылау өкілеттіктері берілген.Олардың өкілеттіктерінің ауқымы Конституциямен,жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңмен,салалық заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды мәні бар жалпы міндетті болып табылатын ережелерді атқарушы билік органдарының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қатал және дәлме-дәл орындауына бағытталған арнаулы уәкілетті атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып табылады.Әкімшілік қадағалау-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу,табу және жолын кесу,бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып,атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан бағынышты емес органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нормаларды,ережелерді,стандарттарды,талаптарды орындаулары туралы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.



51. Әкімшілік жауапкершілік : ұғымы және ерекшеліктеріӘ.Ж дегеніміз бұл әкім.құқ-қ санкцияларды жүзеге асыру,уәкілетті органның н/е лауаз-ы адамның құқ.бұз.жасаған азаматтар мен заңды тұл-ға әкім-к жаза қолдану б.т.құқық теориясында заңды жауапкер-к құқық бұз. Болғанда,құқық-қ санкцияны жүзеге асыру,яғни құқ.бұзуш.жаза қолд.ретінде қолданылады.өйткені ол қоғам-қ тәртіп бұзғаны үшін белгілі бір жазалар қолданылады.Әкім,құқық әкімшіл.мәжбүрлеудің толып жатқан шара ішінен тек әкім.жазалар ғана әкім.жауап-ң фукцияларын атқарады ж\е тек соларды қолдану ғана әкім.жауап.туындауына әкеп соғады.Ерекшелігі:1. Әкімшілік құқықтың институтына қарай әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері.Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік құқық бұзушылық үшін құқықтық жауаптылық ретінде қарауға болады. Бұл орайда мынаны ескеру қажет, қол сұғудың объектісі мемлекеттік басқару аясындағы, сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мәселен, әкімшілік жауаптылық бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, меншікті сақтауға, азаматтрдың құқықтарын, табиғатты, халықтың денсаулығын, сауданы, т.б. қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді. Екінші жағына, әкімшңлік жауаптылық әкімшілік құқықтың әрбір нормасын бұзған үін емес олардың ішінде тек әкімшілік жауаптылық көрсетілгендеріне ғана қолданылады.2. әкімшілік жауаптылық өзінің субъектілік құрамымен өзгешеленеді. Жауаптылық бұл түрінің субъектілері жеке де, сондай ақ заңды да тұлғалар – кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар болып табылады.3. әкімшілік жауаптылық құқық қорғаудың, бұзушылықтың ерекше түрі – әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті блмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Олардың қауіптілігі құқыққа қарсы іс әрекеттің немесе әрекетсіздіктің өздерінің сипатына ғана емес, сонымен бірге едәуір көп таралғандығында,олардың көптеген мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылықты қамтитын «көп түрлігінде»


 

 


52. Әкімшілік жауапкершіліктер субъекттілерінің классификациясы.Субъект,яғни құқ.бұз. н\е теріс қылықты жасаған адам.Олар жеке тұлғалардан(ҚР азаматтары,шетел азаматтары ж\е азаматтығы жоқ адамдар) ж\е заңды тұлғалардан тұрады.Жеке тұдғалар әкімшілік жауаптылыққа екі қажетті,міндетті белгілер болған жағдайда ғана тартылады:есі дұрыстық ж\е 16 жасқа толуы.Субъект,яғни құқ.бұз. н\е теріс қылықты жасаған адам.Олар жеке тұлғалардан(ҚР азаматтары,шетел азаматтары ж\е азаматтығы жоқ адамдар) ж\е заңды тұлғалардан тұрады.Жеке тұдғалар әкімшілік жауаптылыққа екі қажетті,міндетті белгілер болған жағдайда ғана тартылады:есі дұрыстық ж\е 16 жасқа толуы.Өзге азаматтарға қарағанда лауазымды тұлғалар адамдарды,мүлікті,қаржылық ресурстарды ж\е т.б.басқаруда белгілі бір биліктік құзыреттерге ие.Олар өздерінің жеке,тікелей жауаптылығымен жүзеге асырады.Лауазымды тұлғалар басқару тәртібін,мемлекеттік ж\е қоғамдық тәртіпті,тұрғындардың денсаулығын қорғау саласында бекітілген ережелерді ж\е өзге де қамтамассыз етілуі олардың қызметтік міндеттеріне жататын ережелерді сақтамауына бай\ты құқ.бұз.үшін әкім.жауапт.тартылады.Лауазымдық қызметімен байланысты емес құқ.бұз.жасаған жағдайда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады. Әкімшілік жауаптылық өзінің субъектілік құрамымен өзгешеленеді.Жауаптылықтың бұл түрінің субъектілері жеке де, сондай ақ заңды тұлғалар кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар болып табылады. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар:ақыл есі дұрыс белгіленген жасқа жеткен адам;заңды тұлғалар.Әкімшілік жауаптылыққа тарту мен әкімшілік жаза қолдану бұзушыны сотталғанға әкеп соқтырмайды ж\е оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды:1)мемлекеттік мәжбүрлеу;2)құқықтық мәжбүрлеу;3)жағымсыз салдарлардың туындауы;4)мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға;5)жағымсыз жауаптылық. Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісінсипаттайтын белгілер жатады, қасақаналық және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шет ел азаматтары бөлінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК-ң 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауаптылықта болады. Заңды тұлғалар– бұлар мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдарайтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады.


 


53. Әкімшілік жауапкершілік ҚР туралы заң бойынша төлетулер шаралары.

Әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілікшілік жаза бұл құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субьектілердің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Оның түрлері.1.ескерту; 2.әкімшілік айыппұл; 3.затты өтемін төлеп алып қою; 4.заттарды, кірісті, ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу; 5.арнаулы құқықтан айыру; 6.лицензиялаудан арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестациясынан айыру не тоқтата тұру; 7.жеке кәсіпкерлердің не заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу; 8.құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9.әкімшілік қамауға алу; 10.шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды ҚР шегінен кетіру Әкімшілік айыппұл- әкім. құқ. Бұз.үшін кодекс баптарында көзделген жағдайларда ж\е шекте, әкім. жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін аек. белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.Айыппұл мөлшері ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндет\нің орындалмаған н\е тиісінше орындалмаған сомасының, аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасының, сондай-ақ ҚРзаңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен не монополистік қызметті жүзеге асыру н\е ҚР электр энергетикасы, табиғи монополиялар ж\е реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесінде алынған табыс сомасының процентімен көрсетіледі.Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері аек.бестен бір бөлігінен кем болмайды.Лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заң. тұл\ға салынатын айыппұлдың мөлшері 5 аек.кем болмайды.Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері 20 аек.кем болмайды.Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін 200 аек. асыруға болмайды.Лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін 400 аек. асыруға болмайды.Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін 2000 аек. асыруға болмайды.Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.Заңды тұлғаларды шағын н\е орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Айыппұл төлегені жөнінде бекітілген нысандағы квитанция беріледі.Айыппұлдар жергілікті бюджетке аударылады.Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 30 күн,құқ.бұз\ның өтінішімен айыппұл төлеу мерзімі екі ай мерзімге ұзартылуы мүмкін.Айыппұл төлеуден бас тартқан жағдайда әкім.жазаны қолданған орган айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа арыздануға құқылы.


 


54. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы шаруалар бойынша өндіріс.Әкім. өндіріс дегеніміз әкім.құқ.бұз. жөніндегі жк істерді қозғау,қарау ж\е шешуге б\ты жүйеленген іс жүргізу әрекеттерінің кешені.Әкім.құқ.бұз.жөніндегі істерді өндіру процессуалдық құқықтың жеке институты б\т ж\е сәйкес прцессуалдық нормалармен реттеледі.Әкім.іс жүргізу келесі өндірестен тұрады:Істі қозғау; Істі қарастыру; Іс б\ша шешім шығару;Арыз н\е протест б\ша іс өндіру;Іс б\ша шығарылған шешімді орындау. Әкімшиік құқық бұзушшық тураіы істер бойынша іс жүргізу - окімшілік-процессуалдық нормалардың жиынтығы жонс соларға негізделген уэкілетті органдар мен адамдардың окімшілік жазалар колдану _ жөніндегі кызметіӘкімщілік құқық бұзушшық тураіы істер бойынша өндірістің міндеттері:- Мән-жайларды дер кезшде. жан-жақты, толық жоне объективті түрде аныктау- Істі дәл заңға сәйкестендіріп шешу- Шығарылган каулының орындалуын камтамасыз ету- Оны жасауға мүмкіндік еткен себептер мен жағдайларды анықтау- Ескерту (алдын алу)- Азаматтарды заңдарды кұрметтеу рухында тәрбиелеу- Заңдылыкты нығайтуӘкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар- Қүкык бұзушылык жасаған кезде адамның 16 жаска толмауы- Құқыкка қарсы әрекет н/е әрекетсіздік жасаган адамның ақыл-есінін дұрыс болмауы- Әкімшілік жауаптылыкты белгілейтін заңның н/е оның жекелеген ережелерінің күші жоиылуы- Әкімшілік жауапка тарту мсрзімінін өтуі

- Жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімішілік жаза қолдану туралы судъяның, органнын қаулысының не күкык бұзушылык. туралы істің кыскартылуы туралы күші жойылмаған каулының болуы, сондай-ак нак сол факт бойынша кылмыстык іс козғау туралы каулының болуы- Ісі жүргізіліп отырған адамның кайтыс болүы- Қүкык бұзушылык туралы іс жүргізу 580-б-тың бірінші бөлігінің 2-тармақшасында козделген негіз бойынша ж/е зиян келтіру занды болып табылғанда н/е Кодекстін 5-тарауына сойкес жауаптылык жокка шығарылатын мән-жайларда жасалган ретте кыскартылады.


 


55. Төтенше жағдай режимі.Төтенше жағдай режимі ҚР-сы Конституциясының 44-б-ның 16-тарм-мен ж/е «Төтенше жағдай туралы» 2003 ж. 8-ақпандағы заңмен реттелген.Төтенше жағдай- азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жене ҚР-ның конституциялық қүрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын ж/е мемлекеттік оргаңцар, үйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің ж/е азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ак занды түлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін ж/е оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше қ/қтық режим болып та­былатын уак,ытша шара.Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, адам мен азаматтың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ҚР-ның конституциялық күрылы-сын қорғауды қамтамасыз ету.Заңмен төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі белгіленген.Төтенше жағдай ҚР-ның демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтык түтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі ж/е тікелей қауіп төнген ж/е мемлекеттің конституциялық органдарының калыптьг жүмыс істеуі бұзылған жағдайда енгізіледі.Төтенше жағдайды енгізу негіздері болатын мән-жайларға, жоғарыдағы талаптар сакталған жағдайда: 1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан шекара арқылы жаппай өту; конституциялық қүрылысты күштеп өзгертуге үмтылу; билікті күштеп басып алуға бағытталған іс-әрекеттер; ҚР-ның аумақтық түтастығын бұзу; жаппай тәртіпсіздіктер, үлтаралық ж/е конфессияаралық қақтығыстар; аса маңызды объектілерді басып алуы; заң-сыз әскери қүрылымдар қүру; 2) дүлей зілзала дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар, қауіпті авариялар, табиғи ж/е техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жатады. Төтенше жағдайды ҚР-ның бүкіл аумағында н/е оның жекелеген жерлерінде ҚР-ның Президенті ҚР-ньщ Премьер-Министрімен ж/е Парламенті палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейін тиісті жарлығымен енгізеді, бұл туралы Парламен­там дереу хабарланады. Жарлықта мыналар көрсетілуге тиіс: төтен-ше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар; оны енгізу қажеттігінің негіздемесі; төтенше жағдай енгізілетін жерлердің ше-каралары; төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен қүралдар; енгізілетін шаралардың ж/е жеке түлғалардың қ/қтары мен бостандықтарын, заңды түлғалардың күқықтарын уақытша шектеулердің, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетін міндеттердің тізбесі; төтенше жағдай режимі кезівде қолданылатын іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар; төтенше жағдайды енгізу уақыты ж/е оның қолданылу мерзімі.ҚР-ның бүкіл аумағында енгізілетін төтенше жағдайдьщ күшінде болу мерзімі-30 тәуліктен, ал оньщ жекелеген жерлерінде 60 тәуліктен аспауға тиіс. Бұл мерзім өткеннен кейін төтенше жағдай токтатылды деп есептеледі. Ал төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Президент жоғарыда көрсетілген мерзімдер шегінде оның қолданысын үзартуға қүкылы. Президент мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын қүруы мүмкін, оларға; Президенттің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия; жергілікті жердің комендатурасы жатады. Бұл органдардың қүрылу ж/е қызметінің тәртібі, сондай-ақ негізгі міндеттері мен функциялары «Төтенше жағдай туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 ж. 14-қаңтардағы заңмен нақтыланған1.Мемлекеттік комиссия төтенше жағдайды енгізу үшін негіз бол­тан мән-жайларды жою жөнінде шаралар әзірлейді, оларды жүзеге асыруды үйымдастырады ж/е орыңцалуына бақылау жасайды.Төтенше жағдай енгізілген жердің комендатурасы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасьш төтенше жағдай режимін қамтамасыз етеді; оның мәселелері жөнінде тиісті аумақта орындауға міндетті бүйрықтар мен өкімдер шығарады; заңдылық пен құқық төртібін қамтамасыз ету жөнінде шаралар колданады ж/е т.б. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, үлттық қауіпсіздік органдарының, ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органының ж/е басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен қүралдары пайдаланылады. Қажет болған жағдайларда Президент жарлығының негізінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштер тартылуы мүмкін. Заңмен төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен шек-теулер белгіленген.


 


56. Әскери жағдай режимі. .Қ. Р. Конституциясының 44-бабының 17-тармағында Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қ. Р. –ның Президенті Республиканың бүкіл аумағына немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізіледі, ішінара немесе жалпы млбилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды деп қаралған. Әскери жағдай режимі «Соғыс жағдайы туралы» 2003 ж. 5-наурыздағы Қ. Р.-ның заңымен реттеледі.Бұл заң бойынша соғыс жағдайы Қ. Р. –ның заңымен реттеледі. Бұл заң бойынша соғыс жағдайы Қ. Р. –на қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе олрға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзгеде шаралар кешенін көздейтін және Қ. Р. –ның Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим. Соғыс жағдайын Президенттің жарлығымен енгізеді. Жарлықта: соғыс жағдайыне енгізу үшін негіз болған мін-жайлар; енгізілген шаралардың және азаматтар мен басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеудің тізбесі; соғыс жағдайы енгізілетін аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшін тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгіленеді. Қ. Р.-ның аумағындағы не оның жекелеген жерлеріндегі соғыс жағдайы, оны енгізуге негіз болған әрекеттер тоқтатылғаннан кейін, Президенттің жарлығымен күшін жоюды



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.