Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде.  6 страница




 


66.Мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады:өкілетті билік органдарының депутаты... Жауабы:ҚР-сы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметкен кіргенде белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ҚР-сы 1999жылғы 23- шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында белгіленген. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметкен кіргенде құқықтар мен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілеттіктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету. Мұндай шектеулер мен тыйымдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуға тиіс. Билікті бөлу принципіне байланысты мемлекеттік қызметшіге өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға рұқсат етілмейді. Оған, педогогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақылы қызметпен айналысуға болмайды. Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға,соның ішінде егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат берілмейді. Мемлекеттік қызметшіге тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады. Оған өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметшінің ереуілдерге, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді. Оған лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынады. 10-шы бап .


\


67. С. Азаматы бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұру конкурсына қатысу үшін өз .... Жауабы: ҚР –сы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27-шы бабына сәйкес әкімшілік лауазымдық қызметті тоқтату негіздері берілген. Алиментті төлемеу әкімшілік лауазымдық қызметті тоқтатутудың негізі болып табылмайды. Осыған байланысты С. Азамат өзінің барлық төлемеген алименттік міндеттерін төлеп, айыппұлды төлеуі тиіс. Жеке тұлғаның алименттерді төлемеуі оған ҚР-сының « Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексте белгіленген айыппұл мөлшері тағайындалады. Осыдан кейін ғана әкімшілік лауазымдық қызметші өзінің қызметін жалғастыруға құқылы.


 


68.С. Азаматы сотқа жүгінеді,сақтандыру организациясы оның пәтерін сақтандырудан ...Жауабы: ҚР-сының «Сақтандыру туралы» заңының 54 бабының 2 тармағына сәйкес бұл жағдай сақтандыру организациясының жұмыс істеу лицензиясын тоқтатуға негіз болып табыла алады. Себебі, бұл сақтандыру организациясы заңнамада көрсетілген міндеттерді орындамаған.С.азаматы бұл жағдайда сотқа жүгінуге толық мүмкіндігі бар.


 


69.С. Азаматы бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұру конкурсына қатысу үшін өз құжаттарын берді.Конкурстың ... Жауабы: Мұндай құқықбұзушылық жасаған С. Азаматы ҚР-сының мемлекеттік қызметтің қағидаларын құрметтемеген.Бұл қағидалар ҚР-сы «мемлекеттік қызмет туралы» заңының 3-ші бабында көрсетілген.С.азаматы бұзған қағида «мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі» болып бабылады. Оның жасаған құқықбұзушылығы «Мемлекеттік қызмет» Кодексіне қарама-қайшы келеді. С.азаматы ҚР-сының мемлекеттік қызметке әлі алынбағанымен , бұл оның бос әкімшілік лауазымға жұмысқа тұруда мемлекеттік комиссияның оның кандидатурасын қабылдамауға себеп бола алады.Бұл жағдайда мемлекеттік қызметке қабылдау туралы мемлекеттік комиссия С.азаматты мемлекеттік қызметке алу немесе алмау туралы мәселенә шешу үшін С.азаматының квалификациясын, профессионалдық және өзіндік сапасын, білімін тексеруі керек.


 


70.А. Азаматы қант диабеті ауруы бойынша есепте тұратыны туралы өз өтінішінде сотқа.... Жауабы:Бұл жағдайда ҚР-сы «Халық денсаулығы және денсаулықты қорғау туралы» Кодекс бойынша дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес. Себебі, дәрігер өз бөлімшесіндегі дәрілердің лимитін қадағалап тұруы керек және лимиттің шегіне жетер кезде одан жоғары тұрған бөлімге хабарласып айтуы керек болатын.Дәрігер әр жылдың басында денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен рецептегі беруге қажетті дәрі-дәрмектің мөлшерін аурулар санымен салыстырып керек мөлшерде анықтау керек болатын. Гипократ анты бойынша дәрігер өзінің қолында бар барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы ауруға шалдыққан адамды емдеуге тиіс. Осыған байланысты А.азамат өз өтінішімен сотқа бара алады. Бұл жағдайда сот дәрігерді дисциплиналық жауаптылыққа тартуы керек, және жағдайды соңына дейін шешу үшін бөлемшеден жоғары тұрған бөлімге хабарласып, бөлімшені керек дәрілер мен қамтамасыз етілуін және ауруға шалдыққан адамның дәрімен қамтамасыз етілуін қадағалау керек.



71 А.азаматы рейдовойлық тексеру өткізілген кезде доллар айырбастайтын орындардың жанында белгілі ....Біріншіден,ҚР заңдары негізінде А.азаматына бірнәрсе сатып алу үшін еш лицензия немесе құжат қажет емес.(тек қару немесе дәрі болмаса).Ал егер ол доллар айырбастайтын орындардың жанында белгілі бір нәрсесін сатуды жүзеге асырса,ол ӘҚБтК бойынша бірнеше баптардың негізінде жауаптылыққа тартылады. 1)165-бап. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.2) 164-бап. 1-тарм:дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



72. К.азаматы өздігінен тұрғын және көмекші бөлмелер қалаулы жерлерді басып алуы туралы өтінішімен ...Істің мәні бойынша Сарыарқа ауданының әкімі сотқа өтініш емес,талап арызбен жүгінуі тиіс.Сондай жағдайда К.азаматы ӘҚБтК 238-бабының 1тармағына сай жауаптылыққа тартылады. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



73. Ревизиялық тексеру өткізілген кезде есепші баланстан КСК кеспектен (бочкадан) көшіріп алып...Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады,кеспектің бағасы бұл көрсеткіштен төмен,нақтырақ айтқанда 12мың тенге болғандықтан бұл істе КСК есепшісі ӘҚБтК 136-бабы «Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау»бойынша жауаптылыққа тартылады.Яғни,ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.



74.К.азаматы төтенше жағдайларды хабарландыру кезінде,комменданттық уақытта көшеде ...«Төтенше жағдай режимiн бұзу» 362-бап 10тармағы бойынша коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салуды орындамау - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.



75 .ТОО ”Юникс” ұжымына 2айдан астам уақыт еңбек ақыларын төлемейтіні туралы.... .Бұл істе ТОО «Юникс»тің ұйым басшысы ҚР ӘҚБтК «87-бабы. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу»бойынша жауап береді.Оған сәйкес,жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.




76. Еңбек кент азаматтары Учаскелікке келіп, олардың ауылдасы К. өзеннің жоғарғы жағына платина... .ӘҚБтК 237-бабында көрсетілгендей белгіленген тәртіппен алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндірістік, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу, -заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

77. Сотқа ыкшам ауданы үйдің тұрғындарынан арыз түсірілді. Олардың көршісі К. тұрақты әуестенеді .... .59-бап 1-тармағына сай созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.



78. Полицияда қызметкерлері рейд өткізу кезінде барлық астыртын казино ойыншыларын ұстаған еді,....635-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.



79. Полицияда қызметкерлері рейд өткізу кезінде Искра кинотеатрының ауданында кәмелет ...Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі –ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Сонымен қатар,75-бапта көрсетілгендей әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.



80. Полицияда қызметкерлері рейд өткізу кезінде Искра кинотеатрының ауданында кәмелет жасқа толмаған ...Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер. С және К азаматы 331-бап. «Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық» бойынша жауапқа тартылады:Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, - ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар,75-бапта көрсетілгендей әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.



81.Мемлекет қызметшісі С. қаржы полициясына келіп өзінің банктік карточкаға 100 мың теңге ... Жауабы: Бұл есепті шешу үшін ӘҚБҚ-ң 169 бабын пайдаланамыз. Бұл бапқа сәйкес 169-бап: Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу 1.Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, - заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, - заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.Бұл жағдайда Мемлекет қызметшісі С.-ның кінәсі жоқ, егер жауаптылық көзделетін болса онда бұл операцияны қателесіп орындаған банк қызметшісі жауап береді.



82.Акім ауданның жаңа кітапхана ғимаратын ашуға қатысты. Құрметтеушілік және силаудың белгісі ... Жауабы: Бұл істе домалақ хат түсу үшін ешқандай құқықбұзушылық орын алған жоқ. Себебі, Құрметтеушілік және силаудың белгісі ретінде, сонымен қатар көрсетілген қолдау үшін кітапхана директоры кітапхана архивтарынан бағалы кітапты әкімге өзі сыйлады.



83.Облыс салық комитетіне 30 қараша 2009 жылы азамат К-дан шағым түсті . Оған 17 сәуір 2008 жыл салық .... Жауабы: Бұл есепті шешу үшін ӘҚБҚ-ң 538 бабын пайдаланамыз. Бұл бапқа сәйкес 538-бап:Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:1) мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары; 1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары; 2) осы Кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды. Осыған орай бұл істі қарау облыс салық комитетінің өкілеттігінде емес.


84. Азамат С. іскерлік сараптаудан өте аламағандықтан мемлекеттік қызметтен шығарылған еді. 1 мамырда... Жауабы: Бұл есепті шешу үшін ҚР-ның Салық Кодексінің 186 бабын қолданамыз. Мұнда: 186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.



85.Валюталық бақылау бөлімінің қызметкерлері С. және К. үйленуге шешті. Олардың әрекеттері қандай?Жауабы: Олардың әрекеті заңға сай. Себебі, үйлену адамның табиғи құқығы болып табылады. Заңдарда Валюталық бақылау бөлімінің қызметкерлерінің үйленуіне тиым салынбаған.Бұл жерде олардың әрекеттерінде ешқандай да құқық бұзушылық іс-әрекет орын алған жоқ.



86. ҚР-ның Қорғаныс Министрлігінін Н. қызметкері өз иртервьюында бір әскери дивизия ... Жауабы: Бұл есепті шешу үшін ӘҚБК-ң келесі баптары қолданылады.385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу . 1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзу .1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, - қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



87. ҚР “сыбайлас жемқорлықпен күрес” туралы заңда белгілінген жақын туыстардың тізімі қандай?Жауабы: Бұл есепті шешу барысында ҚР “сыбайлас жемқорлықпен күрес” туралы заңның 11 бабын пайдаланамыз. Бұл бапқа сәйкес жақын туыстардың тізімі мынадай ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi.11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу: 1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.



88. Мемлекеттік құпияларды білетін тұлғалардың құқықтық шектеулері қандай? Құпиялық грифтары қандай?Жауабы: Бұл есепті Мемлекеттiк құпиялар туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы арқылы шешеміз. Бұл заңға сәйкес: 1)мемлекеттiк құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтiн әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-iздестiрушiлiк және өзге де қызметтi тиiмдi жүзеге асыру мақсатымен шектейтiн, 2)мемлекет қорғайтын мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтер; мемлекеттiк құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн немесе нұқсан келтiруi мүмкiн әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәлiметтер;3) құпиялылық белгiсi (гриф) - беру көзiнiң өзiнде және (немесе) оған iлеспе құжаттамада көрсетiлетiн, беру көздерiнде қамтылған мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесiн куәландыратын деректемелер;Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған. Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы тағы бір «жабық» ақпараттық кеңістіктің бөлігін белгілейді, ол – мемелекеттік құпиялар.Мемлекеттік құпиялар:- Әскери саладағы кейбір мәліметтер - Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер; - Сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық саладағы кейбір мәліметтер; - Жедел іздестіру және қарауыл қызметі саласындағы кейбір мәліметтер;



89. Төтенше жағдай енгізу негізі және бұл мерзімде азаматтардың құқықтарын шектеу тізімі қандай?Жауабы: Бұл есепті шешу үшін Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын пайдаланамыз.Бұл заңға сәйкес 4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi :1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. 2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда: 1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар.



90.Әскери жағдай енгізу негіздері? Бұл мерзімде азаматтардың құқықтарын шектеу тізімі қандай?Жауабы:Бұл есепті шешу үшін Cоғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 наурыздағы Заңын пайдаланамыз. 4-бап. Соғыс жағдайын енгізу 1. Қазакстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не онын қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болып табылады. 2. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізіледі.12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міңдеттері 1) Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңнын, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы бекіткен шарттардың соғыс жағдайы мөселелері жөніндегі талаптарын орындауға міндетті. 2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар: 1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге; 2) тұрып жатқан жеріндегі әскери баскару органдарына және мемлекеттік органдарға шақырту бойынша келуге; 3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарын орындауға; 4) Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ, өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге; 6) өздеріне Казақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.





  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.