Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 4 страница





19.ҚР-ның Президентінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі. ҚР- мемлекеттік басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. ҚР Президенті конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды. Қр Президенті «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін»,-деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Президент мемлекет басшысы ретінде көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында іске асырылатын адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады; мемлекеттік биліктің барлық тармағының кепілі болып табылады;мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді;Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды.



20.ҚР-ның жергілікті атқарушы органдарының құқықтық мәртебесі. және атқарушы органдар жергілікті мемелекеттік басқаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ҚР ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді. Коммуналдық меншікті басқару .Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу . Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыр Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж 23-қаңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Президенттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді. Аталған заң бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергшілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы огандардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдіктің дербес құрамы тиісті аумақтың маслихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтақ бӛлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары тұрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық ( облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктің мүшелері болуы мүмкін. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет ; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; заңдарға сәйкес коммуналдық меншіктегі ӛзге де мүлік құрайды.



21Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы

Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органдарды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бӛлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару ӛкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының жай күйіне жауапты ӛкілі. Облыс әкімін Премьер – министрдің ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындалады. Оның қызметінен Президент болсатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді. Аудан Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық, округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпке қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгіленген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады. ҚР Президентінің 2001 ж 23- маусымдағы «Ауылдық округтердің, ауылдар, кенттер әкімдерін сайлау туралы» жарлығы шықты. Осы жарлықпен бекітілген аталған әкімшілік – аумақтық бірліктерде әкімдер сайлауын өткізу Ережелеріне сәйкес 2001 ж 20- қазанда тәжірибе ретінде 28 ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тиісті ауылдық округтің, ауылдың, кентің әкімі 2 жыл мерзімге сайланады. Аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімнің негізінде аудан (қала) әкімі тиісті аумақтың әкімін бір тәулік ішінде тағайындайды. Ауыл (село), кент әкімдерінің ӛкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатудың және атқарылатын қызметінен мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен себептері аталған Ережелердің 8- тарауында қаралған. Ауыл, кент, әкімінің өкілеттіктерін тоқтату Ережелерде көрсетілген негіздер бойынша тиісті аудан әкімінің шешімімен рәсімделеді. Ал әкімді қызметінен босату тиісті аудан мәслихаттың депутаттарының үштен екісінің келісімін алған жағдайда, жоғарғы тұрған әкімнің шешімімен жүзеге асырылады.Облыс (қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттігін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы. Әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президент пен Үкімет алдында жауап береді.


 


22ҚР-ның жергілікті атқарушы органдарының заң негізіндегі өкілеттігі.ҚР-сы Конституциясының VIII-бөлімінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жергілікті мемелекеттік басқаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ҚР ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді. Коммуналдық меншікті басқару Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж 23-қаңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Президенттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді. Аталған заң бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергшілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы огандардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады.



 23Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін тағайындау реті.Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Олар министрліктің құрылымдық бӛлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен ҚР-сының Үкіметі құрады,қайта ұйымдастырады, таратады. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен ӛзара іс қимылының тәртібі, әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекіткен Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. Ведомствоның аумақтық бӛлімшелері болуы мүмкін.Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойынша ҚР сының Үкіметі тағайындайтын және қызметтен босататын тӛраға басқарады. Оның міндеттері мен ӛкілеттіктері Комитет туралы Ережеде белгіленеді. Жергілікті атқарушы билік органдары. ҚР-сы Конституциясының 8-бӛлімінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Облыстың, ауданның әкімі басқаратын ӛз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган әкімдік болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдік тиісті аумақтық облыстық, аудандық, мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін жауап береді. Әкімдік ҚР Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады.Әкімдіктің қаулысына әкім қол қояды. Әкім – Президент пен Үкіметтің жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуының жай күйіне жауапты өкіл болып табылады. Облыс әкімін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайды. Оны қызметтен Президент босатады.Аудан, Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметтен босатылады және өз өкілетігін тоқтатады. Әкім нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Әкімдіктің және әкімнің өз құзіреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады.


 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.