|
|||
21Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 1 страницаӘкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органдарды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бӛлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару ӛкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының жай күйіне жауапты ӛкілі. Облыс әкімін Премьер – министрдің ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындалады. Оның қызметінен Президент болсатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді. Аудан Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық, округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпке қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгіленген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады. ҚР Президентінің 2001 ж 23- маусымдағы «Ауылдық округтердің, ауылдар, кенттер әкімдерін сайлау туралы» жарлығы шықты. Осы жарлықпен бекітілген аталған әкімшілік – аумақтық бірліктерде әкімдер сайлауын өткізу Ережелеріне сәйкес 2001 ж 20- қазанда тәжірибе ретінде 28 ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тиісті ауылдық округтің, ауылдың, кентің әкімі 2 жыл мерзімге сайланады. Аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімнің негізінде аудан (қала) әкімі тиісті аумақтың әкімін бір тәулік ішінде тағайындайды. Ауыл (село), кент әкімдерінің ӛкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатудың және атқарылатын қызметінен мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен себептері аталған Ережелердің 8- тарауында қаралған. Ауыл, кент, әкімінің өкілеттіктерін тоқтату Ережелерде көрсетілген негіздер бойынша тиісті аудан әкімінің шешімімен рәсімделеді. Ал әкімді қызметінен босату тиісті аудан мәслихаттың депутаттарының үштен екісінің келісімін алған жағдайда, жоғарғы тұрған әкімнің шешімімен жүзеге асырылады.Облыс (қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттігін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы. Әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президент пен Үкімет алдында жауап береді.
22ҚР-ның жергілікті атқарушы органдарының заң негізіндегі өкілеттігі.ҚР-сы Конституциясының VIII-бөлімінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жергілікті мемелекеттік басқаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ҚР ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді. Коммуналдық меншікті басқару Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж 23-қаңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Президенттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді. Аталған заң бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергшілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы огандардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. 23Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін тағайындау реті.Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Олар министрліктің құрылымдық бӛлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен ҚР-сының Үкіметі құрады,қайта ұйымдастырады, таратады. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен ӛзара іс қимылының тәртібі, әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекіткен Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. Ведомствоның аумақтық бӛлімшелері болуы мүмкін.Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойынша ҚР сының Үкіметі тағайындайтын және қызметтен босататын тӛраға басқарады. Оның міндеттері мен ӛкілеттіктері Комитет туралы Ережеде белгіленеді. Жергілікті атқарушы билік органдары. ҚР-сы Конституциясының 8-бӛлімінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Облыстың, ауданның әкімі басқаратын ӛз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган әкімдік болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдік тиісті аумақтық облыстық, аудандық, мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін жауап береді. Әкімдік ҚР Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады.Әкімдіктің қаулысына әкім қол қояды. Әкім – Президент пен Үкіметтің жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуының жай күйіне жауапты өкіл болып табылады. Облыс әкімін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайды. Оны қызметтен Президент босатады.Аудан, Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметтен босатылады және өз өкілетігін тоқтатады. Әкім нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Әкімдіктің және әкімнің өз құзіреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады.
24Үкімет Қазақстан Республикасының ең жоғарғы атқарушы органы ретінде. Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген. ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды. Оны қызметінен босатуды Премьер-министрдің орнынан түсетіні туралы арызы бойынша немесе ол өз өкілеттіктерін орындай алмайтын жағдайда Президент жүзеге асырады. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Президент Премьер-министрдің ұсынуымен Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Президенттің 2005 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейіндік комитеттерінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындау тәжірибеге енгізілетін болды. ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. 25ҚР-ның азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.ҚР-сы азаматының әкімшілік-кұқыктық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін кдмтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Бұл азаматтың мәртебесінің көп тұрлерінің бір түрі, оны жүзеге асыру атқарушы билік орган-дарының және олардың лауазымды адамдарының тиісті іс-әрекеттерімен байланысты. Сонымен бірге Конституция адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектелуі мүмкіндігін бекіткен, әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық норма л ар әдетте әкімшілік-Құқықтық сипатта болады. Мысалы, тұрғын үйге қол сүғылмаушы-лық құқықты «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» 1995 ж-ғы 21-желтоқсаңдағы заңның қылмыскерді іздегенде, егер пәтер-де не тұрғын үйде адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса, өрт болған және өзге де жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің екінші құрамдық бӛлігі ҚР-сы азаматының мәртебесі болып саналады. Әрбір азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде ӛзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ӛткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы (Конституция-ның 32-бабы), мемлекет ісін басқаруға қатысу туралы нормалар (33-б), әскери қызмет атқару міндеті (36-6), т.б. Одан кейін - бұл аза-маттың шаруашылық-еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, мысалы, Республикада жеке меншік, оның ішінде жерге де танылады және ол мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалады (6-бап. 1,3-т.), занды тұрде алған қандай да болмасын мүлкін жеке меншігінде үстай алады, сонымен бірге соттың шешімінсіз ешкімді де ӛз мүлкінен айыруға болмайды (26-6. 1,3-т), әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, ӛз мүлкін кез келген заң-ды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы (26-6, 4-т), еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдау құқығы (24-6, 1-т). Ақыр соңында, азаматтың қоғамның мүдделерін қозға-майтын жеке немесе отбасы аясындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, олардың ішінде әдебиет, сурет, ғылыми, техникалық шығармашылықтарға құқығы, фамилиясын ӛзгертуге құқығы. Жеке адам тұлға, сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға әкімшілік-құқықтық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады. Ол азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айна-лысу, оқу, Қарулы Күштер қүрамында қызмет атқару, т.б. үшін қажет. Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде жұмысшының, қызметшінің, оқушы-ның, әскери қызметшінің, зейнеткердің, т.б. құқықтық мәртебесін бӛлуге болады. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше мәртебе деп атайды, ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен, жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Бұл, мысалы, әуесқой аң аулаушылар, әуесқой-жүргізушілер, кәсіби емес - спортшылар, туристер, коллекция жинаушылар, т.б. Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады, сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен міндеттер тағайындалған. Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бірғана ресми тұрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді. Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
26Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-күқықгық мәртебесінің ерекшеліктері ҚР-ның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, зандарда және халықаралық шартгарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ҚР-ның зандары ел Конституциясына негізделеді. Соған сәйкес ҚР-дағы шетелдіктердің әкімшілік - құқықтық мәртебесіне жататын нормативтік ережелер «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР-ның 1995 ж. 19-маусымдағы заңында, ҚР-сы Үкіметінің 2000 ж. 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-сына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің Тәртібінде» және басқа да заң актілерінде, мысалы, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған. ҚР-дағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Зандағыдан ӛзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттын ережелері қолданылады. 1995 ж. 19-маусымдағы Заңда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кімдер жататыны айқындалған. ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР-дағы шетелдіктер болып танылады. ҚР-да өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты ҚР-ның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қыл-мыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шеделдіктер ҚР-да уақытша жүрген деп есептеледі. Олар ҚР-ның аумағына келген сәттен бастап үш тәуліктің ішінде белгіленген тәртіппен төлқүжатын тіркеуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң ҚР-нан кетуге міндетті. Жоғарыда аталған заңнамалық актілерде шетелдіктердің ҚР-на келуі мен кетуінің шарттары мен тәртібі бекітілген. Шетелдіктер, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды паспортымен немесе оны алмастыр'атын қүжатгарымен ҚР-ның келу визасы болған жағдайда Қазақстанға келе алады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыга бірдей заңдық міндеттер орындайды. ҚР-да түрақ-ты тұратын шетелдіктер заңдарда көзделген тәртіппен түрақты және уақытша тұратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті. Шетелдіктер заңнамада қаралған кейбір жағдайларда ҚР-ның шегінен қуылуы мүмкін: егер оның іс — әрекеті мемлекеттік қауіп-сіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамДық тәртіпті қоргау мүдделеріне қайшы келетін болса; егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиеттн сақтау, ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; Қазақстанның кедендік, валюталық немесе өзге де зандарын бүзса; егер ҚР-ның азаматымен некеге тұруы оны Қазақстанда түрақты тұруга қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жагдайда. Мүндай әкімшілік жаза шарасы ӘКБтК-тің 394-6. қаралған «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңнын ережелері, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Бұл Заңнын ережелері шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің Қазақстанның заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитетгеріне қолданылмайды. 27.Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.Заңды тұлға ұғымы Азаматтық кодекстің 33бабында былай кқрсетілген « меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.» Заңды тұлғалар: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы түсіндіріледі. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке дара басшы (директор, бас директор) және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке дара және ұжымдық (директорлар кеңесі, Қызметінің түрі бойынша ұйымдардың мына сияқты түрлері бар: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Ұйымдардың бір түрі кәсіпорындар мекемелер болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық облыстық, аудандық, қалалық, кенттік және ауылдық маңызы бар болуы мүмкін. Кәсіпорындар мынандай ұйымдық құқықтық нысанда болуы мүмкін: шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын Коммерциялық емес ұйым деп кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арсында бӛлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру мақсаттары болады. Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанды құрылуы мүмкін. Бұлар мысалы, нотариалды палаталар, адвокаттар алқалары, сауда өнеркәсіптік палаталар, аудиторлар палаталары және өзге де ұйымдық құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, басқару органдары мыналар болып табылады: 1) Жоғарғы басқару органы ұйым қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. 2) Басқарудың атқарушы органы ұйымның қызметін күнделікті басқаоуды жүзеге асырады. 3) Ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын текесеру органдары. 4) Ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар
|
|||
|