Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 2 страница





6. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қоғамдық болып табылады, онда тараптар әкімшілік құқықтық нормамен белгіленген және кепілденген өзара байланысты құқықтыр мен міндеттерді иеленушілер ретінде болады. Бұл құқықтық қатынастардың тараптары Қазақстанның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік органдары болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес.Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектісі атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы басқарылатындардың еркі, сана сезімі және солар арқылы болатын мінез құлқы болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынас өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар. Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы, шегі бұрын да, қазіргі кезеңде де атқарушы билікті іске асыру жөніндегі практикалық қызметтің көлемімен және бағыттылығымен анықталады. Тағы бір ерекшелігі, екінші тараптың тілегіне немесе келісіміне қарамастан да пайда болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған үшін жауапкершілікте болады. бірақ азаматтық құқықтық қатынастарға тән болатын бірі бірінің алдында емес кінәлі тарап уәкілетті атқарушы органның алдында жауапты болады. осындай тәртіппен, мысалы, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік пайда болады.Заңда қаралған жағдайларда жауапкершілік сот тәртібімен де болуы мүмкін. Сонымен әкімшілік құқықтық қатынас тарабының жауапкершілігі мемлекет алдында оның тиісті органдары, атқарушы орган не сот, арқылы пайда болады. мұндай тәртіп мынаған байланысты, әкімшілік құқықтық нормаларды бұзу жариялық құқықтық мүдделерге қол сұғады, оларды, қашанда белгілі , тек мемлекеттік органдар ғана білдіруге қабілетті.Әкімшілік құқықтық қатынастар пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылу үшін әкімшілік құқықтық нормалармен қаралған шарттардың болуы талап етіледі.Бұлар заңдық айғақтар,яғни мән жайлар, әкімшілік құқықтық норма тиісті тараптардың арасында нақты құқықтық қатынастардың пайда болуын солармен байланыстырады.Әкімшілік құқықта заңдық айғақтарды еріктілік белгісі бойынша әрекетке және оқиғаға бөледі.Іс әрекет-әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар қандай да бір субъектінің белсенділікпен ерік білдіруінің нәтижесі. Олар заңды және заңсыз болулары мүмкін. Заңды іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген мінез құлықтың ережелеріне толығынан сәйкес келеді. Олар заңды қылықтарға және заңды актілерге бөлінеді.Заңдық айғақтар –заңсыз іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына сай келмейді, оларды бұзады. Сондай ақ әрекетсіздікте заңсыз болуы мүмкін.Оқиғалар – бұл адамның еркіне байланысты құбылыстар , мысалы , өлім, табиғи апат.Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің сипаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады. Оларға тән заңдық биліктік элемент те әртүрлі көрініс табады.Осыларды ескере отырып, әкімшілік құқық ғылымы тұжырымдаған кейбір белгілер бойынша оларды түрлеп топтастыруға болады,бұл орайда ең алдымен басқарушылық байланыстардың сипатын анықтау ерекше маңызды.Осы тұрғыдан мыналарды бөлуге болады:Атқарушы биліктің мән мағынасын тікелей көрсететін қатынастар, бұндай қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез құлқына тікелей реттеушілік ықпал жасауды жүзеге асырады.Тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын, бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Олардың бірінші – әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар. Шындығында бұл жерде негізгі және негізгі емес басқарушылық байланыстар туралы айтылып отыр, яғни, сатылас және деңгейлес қатынастар. Оларды бұлай бөлудің негізіне олардың қатысушыларының өзара қарым қатынасының заңдық сипаты алынған. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән, өйткені әкімшілік құқықтық реттеудің мазмұнын, сондай ақ мемлекеттік басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді. Олардың мәні мынада : қатынастың бір тарабында, оның өзге тарабында болмайтын, заңдық биліктік өкілеттіктер болады.Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі , яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады. Деңгейлесәкімшілік құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі, яғни оларда бір тараптың екінше тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды. Нақты қатынасты деңгейлес деп тану үшін мынадай маңызды мән жайларды ескеру керек. Ең алдымен қатынастың бір тарабының басқасына қандай да болмасын нысанда заңды түрдегі тәуелділігі болмауы тиіс.Сонымен, бұндай қатынастарда бір тараптың екінші тарапқа арналған ерік білдірулерінің қандай да болмасын заңдық биліктік көрінісі міндетті түрде болмауға тиіс.



7. Әкімшілік құқықтың сала ретінде ерекшеліктері.Казіргі кезендегі ғылымда «Әкімшілік құкық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық — тиісті мемлекеттің құкық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты — басқару құқығы деп айтуға болады делінген.Энциклопедиялық сөздік «Әкімшшк құқык» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төмендегідей:біріншіден, әкімшілік құқык — қүкықтың дербес саласы;екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын коғамдык катынастардың реттеушісі болып табылады;үшіншіден, әкімшілік күкыктың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.Барлык осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.Әкімшілік қүқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес.Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды.



8. Әкімшілік құқық ғылым ретінде. Жалпы, заң ғылымдары мемлекеттік - құқықтық құбылыстардың заңдың аспектілерін зерттеуге арналған. Заң ғылымдарын мынадай үш топқа бөлуге болады: тарихи-теориялық, салалық және қолданбалы. Әкімшілік құқық ғылымы салалық заң ғылымдарына жатады, өйткені қоғамның белгілі бір саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп реттеуге арналған заң ғылымының құрамды бөлігі болып табылады. Сонымен, әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін талдауға, мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызметін құқықтық реттеуді зерттеп және заңдылықтарын қорытындылауға арналған. Әкімшілік құқық ғылымы қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің жалпы заңдылықтарын айқындайды және зерттейді, олардың мәнін ашады, әкімшілік құқық нормаларын қолдану практикасын қорытындылайды. Сондай-ақ мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілерінің құқықтық мәртебесін, басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процес мәнін зерттейді, жалпы, салалық және сала аралық мемлекеттік басқарудағы жекелеген әкімшілік-құқықтық теріс қылықтарды, дауларды қарастыруды жетілдірумен байланысты ғылыми проблемаларды зерттейді. Осы заңдылықтарды терең және жан-жақты зерттеу нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге және жетілдіруге, ең алдымен, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірленеді. Ғылым ретіндегі әкімшілік құқық -бұл әкімшілік - құқықтық құбылыстар туралы категориялардың, талқылаулардың және қорытындылардың жүйесі.Оның пәні құқық саласы ретіндегі әкімшілік және сәйкес заңнама саласы. Әкімшілік құқық ғылымының, құқық саласы ретіндегі әкімшілік құқық сияқты, өзінің жүйесі болады. Әкімшілік құқық ғылымының жүйесі әртүрлі әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы туындаған ішкі байланыстар негізінде құрылады. Әкімшілік құқық саласының жүйесі мен ғылымының жүйесінің арасында тығыз байланыс бар, бірақта мүлдем бірдей емес, өйткені әкімшілік құқық ғылымы жалпы мәселелермен қатар, әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және өзге де теориялық проблемаларды зерттейді. Сондықтан да әкімшілік құқық ғылымы бірқатар мәселелер бойынша әкімшілік құқық саласының жүйесінен біршама кеңірек. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық әкімшілік-құқықтық құбылыстарды көрсету тәсілдерінен көрінеді. Осылай, С.С.Алексеев құқықтық болмысты зерттеудің екі деңгейін көрсетеді:біріншісі құқықтың мәнін, мақсат - міндетін және маңызын, ондағы қаланған бастаулар мен қағидаларды танумен байланысты болса, екінші - заңнаманы, құқық нормаларын, құқықтар мен міндеттерді, жауаптылықты, өзге де құқықтық құбылыстарды оларға тән логика, жүйелілік, заңды қасиеттері, байланыстары мен арақатынастары, заңды техника мен аналитика тұрғысынан практикалық мақсатта пайдаланумен байланысты.Сонымен, ғылым ретіндегі әкімшілік құқықтың негізгі міндеті - нақты болмыстағы әкімшілік-құқықтық қатынастар мен нормаларды зерттеу ғана емес, сондай-ақ ҚР Конституциясында бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын абсолютті және иелігінен шығарылмайтын, биліктің бөлінуі концепцияларын конституциялық бекітілуін есепке ала отырып, әкімшілік құқықты дамыту перспективаларын көрсету.



9. ҚР-ның Биліктің атқарушы органдарының жүйесі. Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Атқарушы билік органыдеп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан, құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан, заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу сияқты шараларды, ал қажет болған жағдайдамемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланылады.  Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны мен нақты бағыты бойынша айырылысады. Оларды мынадай түрлерге топтастыруға болады:1.Қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарын бөлуге болады.2.Құзіретінің көлемі мен сипатынақарай мынадай атқарушы билік органдары бар:- жалпықұзіретті, яғни, мемлекеттік басқарушылық қызметтің бәріне немесе көпшілік учаскелеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. (Үкімет, әкімдіктер);- салалық құзіретті, функциялары мен өкілеттіктерін өздеріне тапсырылған басқару салаларының шегінде жүзеге асыратын органдар. (министрліктер, комитеттер);- салааралық құзіретті, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын өздерінің қарауына жатқызылған арнайы мәселелер бойынша өкілеттіктер жүзеге асыратын органдар;- аралас құзіретті, өзінің өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.3.Құру тәртібі мен тәсілібойынша :мемлекет басшысы құратын, мысалы, ҚРның Президенті ҚР Үкіметін, министрліктерін құрады;атқарушы билік органдарының өздері құратындары;жекелеген жағдайларда сайлау тәсілі қолданылады.4.Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібібойынша :құзіретінің негізгі мәселелерін алқалы негізде, оның құрамына кіретін адамдардың көпшілік даусымен шешетін алқалы органдар. Мысалы Үкімет;құзіретінің негізгі мәселелерін басшылары шешетін жеке дара басшылық органдары, мысалы, министрліктер, агенттіктер.5.Ұйымдастыру құқықтық нысандарыбойынша ажыратылатын органдар, олар өздерінің көрінісін ең алдымен өздерінің атауларынан табады.Атқарушы билік органдарының жүйесідеп біріне бірі бағынышты органдардың өз араларында құзіретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсініледі.Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР-ның Үкіметі, ҚР-ның министрліктері, ҚР-ның агенттіктері, ҚР-ның министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, әкімдер, өзге органдар.



10. Қазақстан Республикасының құқықтық мәртебесі. Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:1.Қазақстан Респбликасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшолоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.);идеологиялық және саяси алуандылық;жергілікті өзін-өзі басқару;өкілді биліктің болуы.2.Қазақстан Реаспубликасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлесіктер мен азаматтардың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтық үстемдік етуінде. Белгілері:заңның (құқықтың) жоғарылығы;соттың тәуелсіздігі;жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;биліктің бөлінуі;мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:жұмыссыздықтан қорғау;отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.);адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті,көп балалы атбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету;т.б.4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл діннің мемлекеттен бөлінуі. Белгілері:дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды; барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. 5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;қарулы күштерін құрады;өз азаматтығы болады;сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;мемлекеттік тілі болады, табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану құқығы болады, мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. 8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. 9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.