|
|||
кім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы 1 страницаСтр 1 из 21Следующая ⇒
1. Әкімшілік құқық түсінігі және оның пәні. Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні – бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты. Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. 2.Әкімшілік құқықтың дерек көздері Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар. Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:1)Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.2)Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет;3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.Жалпы алғанда, еліміздің көптеген заңгер-ғалымдары құқық нысанына немесе қайнар көздеріне мыналарды жатқызады:1) нормативті-құқықтық акт - бұл осыны шығаруға құзырлығы бар, заңмен белгіленген тәртіпте қабылданған, жалпыға міндетті сипаты бар құқық нормаларынан тұратын, бірнеше рет қолданылуға арналған ресми құжат. Нормативті-құқықтық акт -қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін негізгі құрал, сондықтан да құқықтың қайнар көздері ішінде ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Нормативті -құқықтық актті заңдық күшіне байланысты екі топқа бөлуге болады: заң (мысалы, ҚР Конституциясы, "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заң, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі және т.б. ) және заң күшіндегі актілер (ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, ҚР Үкіметінің қаулысы мен өкімі және т.б.).2) құқықтық әдет-құрып -бұл ұзақ уақыт бойында бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әдетке енген және мемлекет санкциялаған мінез-құлық ережелері. Құқықтық әдет-ғұрып мемлекет пен құқытың ертерек даму кезеңдерінде маңызды болды. Қазіргі уақытта ол қайтадан өз қолданылуын тауып отыр. Осылай, 1994 жылы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық Кодексі қабылданып, оның 3 бабында азаматтық құқықтың қайнар көздерінің бірі деп құқықтық әдет-ғұрыпты көрсетеді.3) заң прецеденті - бұл нақты заңды іс бойынша қабылданған шешім және кейіннен дәл осындай істерді қарастырғанда міндетті болып басшылыққа алынады. Оның екі түрі бар: сот және әкімшілік прецеденттер. Құқықтың бұл қайнар көздері әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқықтық жүйеде кең таралған. Ал Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды.4) нормативті шарттар - мінез-құлық ережелерінен тұратын, екі немесе одан да көп субъектілердің келісімі және осы шартқа қатысушылар үшін міндетті күші болады.5) Сот практикасының қорытындылары - бұл соттардың нақты істерді шешу кезінде қалыптасқан, сәйкес нормативті-құқықтық актілермен барынша толық реттелмеген қатынастарға біркелкі және бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әзірленген құқықтық ережелер. Егерде олар ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен рәсімделген болса ғана құқықтың дербес қайнар көзі ретінде ресми танылады. Сот практикасын қорытындылау құқық қолданушылық және құқық шығармашылық қызметте зор рөл атқарады, өйткені сот практикасын есепке алып талқыламаусыз соттардың қызмет етулері, заңнаманың болуы, жалпы, заң ғылымының дамуы мүмкін емес. Олар құқықтағы кемшіліктердің орнын толтыруда, сондай-ақ қолданыстағы құқық нормаларын нақтылау кезінде өте маңызды мәнге ие болады.6) Ғылыми құқықтық доктрина - бұл заң ғылымының қандайда болсын саласында қалыптасқан, жалпыға мәлім ресми көзқарастар, жағдайлар мен қағидалар жүйесі. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде нормативті-құқықтық акт және нормативті шарттар ғана танылады.Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзідерінің басқа құқық салаларының қайнар көздерінен өз ерекшеліктері болады. Олар әкімшіліктің құқық реттейтін қатынастардың мазмұнымен, құқықтық реттеу әдісімен және әкімшіліктің құқықтың субъектілерінің ерекшеліктерімен айқындалады. Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акт- бұл құқық нормасынан тұратын, заңды күші бар, белгіленген тәртіпте құзырлы орган шығарған, атқарушы билік органының ресми құқық шығармашылық актісі. Қазақстан Республикасында әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акттің көптеген түрлері бар:1) ҚР Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз (1998 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);2) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, 2001 жылы 31 қаңтарда қабылданған (толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);3) ҚР Парламенті қабылдаған өзге де заңдар, мысалы, ҚР Үкіметі туралы конституциялық заң;1995 жылы 07 сәуірдегі "Маскүнемдерді, нашақорларды және уытқұмарлық дертіне шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу туралы" ҚР Заңы;4) ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері;5) ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;6)ҚР орталық атқару органдарының нұсқаулары, бұйрықтары, ережелері, жағдайлары, мысалы, ҚР ІІМ Жол Полициясының Комитеті туралы Жағдай. 2001 жылы 08 маусымдағы №777 ҚР Үкіметінің қаулысымен бектілген.7)ҚР жергілікті атқару (облыстық, аудандық әкімшіліктердің және т.б.) және өкілді (облыстық, қалалық, аудандық маслихаттардың) органдардың актілері;8) ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативті қаулылары;9) ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулылары;10) ҚР Конституциясына және Қазақстанның территориясында орныққан практикаға сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар танылады, мысалы, 1966ж. 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт; 1948ж. 10 желтоқсандағы адам мен азаматтың құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясы; 3. Әкімшілік құқықтың әдістері. Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқық жүйесінің саласы. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құықығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіфп дәлелденген: нұсқама(міндеттеу), тыйым, ерік беру. Нұсқама(міндеттеу)- бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Тыйым- шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің адресаттарына осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі іс-әрекеттерді жасаудан бастартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Ерік беру- бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бастартуға заңды түрде рұқсат беру. 4. Әкімшілік құқықтық даму тарихы.Құқықтың аса іргелі- коституциялық(мемлекеттік), азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық салаларын зерделейтін заң ғылымдарының ішіндегі ең жасы әкімшілік құқық ғылымы. Оның даму процесі 300 жыл шамасы бұрын «полиция ғылымы» немесе «полиция құқықығ» деген атпен басталып, ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында әкімшілік құқық деп аталатын дербес ғылымға айналумен аяқталды. Оның алғашқы қадамы ХІVЛюдовик кезіндегі Францияға, ІІФридрих тұсындағы Пруссияға және ІАлександрдың Россиясына тура келеді. Полиция ғылымының дамуында және оның әкімшілік құқық ғылымына ауысуында ХІХғасырдың көрнекті неміс ғалымдары Р.Моль мен Л.штейн ерекше орын алады. Полициялық құқық ғылымын реформалауды аяқтауға және оны әкімшілік құқық ғылымын ауыстыруға ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы заңға тәуелді басқарудың либералдық мектебінің көрнекті өкілі неміс әкімшілік құқығының маманы О.Майер үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Немецкое административное право»(1895)деген жұмысында полициялық құқықтың ғылым аренасынан толық ығыстырылғанын және әкімшілік құқықтың салтанат құрғанын жария етті. Әкімшілік құқық ғылымының қалыптасуында ХІХ-ХХ ғасыр басындағы француздық әкімшілік- ғалымдардың де Жерандо, А.Батби, г.бартелеми, М.Ориу жұмыстарының айтарлықтай маңызы болды. Бірақ Францияның әкімшілік құқық теориясы өз бастамасын Деларамның «Трактат о полиции»- еңбегінен емес, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде францияда, бірінші империя мен Реставрацияның дәуірінде, әкімшілік сот пайда болған және әкімшілік тәртіптен алады. Неміс және франция әкімшілік құқығының доктриналары(ғылыми теориялары) тікелей және жанама түрде орыс әкімшілік құқығы ғылымының дамуына әсер етті, оның ХІХ ғасырдың аяғындағы-ХХ ғасырдың басындағы көрнекті өкілдері И.Т.Тарасов, В.Ф.Дерюжинский, А.И.Елистратов, В.Л.Кобалевский және басқа әкімшілік құқық ғалымдары болды. Кеңес өкіметі кезеңіндегі әкімшілік құқық тарихы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі, большевиктердің 1917 ж. Қазанда өкіметті тартып алғаннан 30ж. Бірінші жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Екіншісі 30ж. Соңынан басталып, 90жылдардың басында аяқталды. КСРО-ның 90ж. Басында күйреуі мен құлауы, КСРО-дағы әлеуметтік болмыстың барлық аясын, әрбір кәсіпорын мен мекемені қамтыған мемлекеттік басқару ретінде «біртұтас фабриканың» қирауы, тікелей басқарудан жанама басқаруға өту әкімшілік құқықтың бірқатар ғалымдарының жұмыстарында «біртұтас мемлекеттік-басқарушылық қатынас» тұжырымдамасын сынауға және әкімшілік құқықтың пәні мен жүйесі сияқты ұғымдарды қайта ойластыруға келтірді. 5. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі және олардың түрлері. Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясындағы олардың қатысушыларының тиісті мінез құлқының шекарасын айқындайтын әкімшілік – құқықтық нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Оларда әкімшілік құқықтың реттеушілік рөлі тікеліей көрініс табады. Әкімшілік құқықтық нормалар мемлекет тағайындайтын мінез құлықтың ережелері болып табылады, олардың мақсаты атқарушы билік механизмінің қызметі аясында пайда болатын, өзгертілетін және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттеу. Әкімшілік құқықтық нормалардың реттеушілік міндеті мынадан көрініс табады, олар атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай ақ азаматтардың мемлекеттік басқару аясында жасайтын іс әрекеттері қашан және қандай шарттарды сақтаған жағдайларда заңдылықтың талаптарына дәл сәйкес болатынын белгілейді. Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормаларда қандай іс әрекеттерді жасауға болатындығы, қандайларынан бас тарту тиіс екендігі көрсетіледі.Әкімшілік құқықтық нормаларда кез келген құқықтық нормаға тән болатын қасиеттер көрініс табады. Соған сәйкес олар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын, сондай ақ құқықтарды бұзған және міндеттерді орындамаған жағдайда олардың жауапкершілігін белгілейді. Әкімшілік құқықтық нормалар тек азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының реттелетін басқарушылық қатынастар аясындағы құқықтарын ғана емес, сонымен бірге атқарушы органдардың белгілі бір іс әрекеттерді жасауға тыйым салуды да, сондай ақ олардың қатынастың екінші тарабының құқықтарын елемеген үшін жауапкершілігін де қамтиды, олардың заңдық кепілдіктерінде бекітеді. Әкімшілік құқықтық нормалардың көпшілігі атқарушы билік органдарына арналады.Әкімшілік құқықтық нормалардың ерекшеліктері туралы айтқанда, бірқатар өзге маңызды мән жайларды ескермеуге болмайды. Мысалы, олар тікелей атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде және ерекше маңыздысы сол оның субьектілерінің өздерімен айтарлықтай жиі белгіленеді. Әкімшілік құқықтық нормалар өздеріне қол сұғудан (олардың талаптарын орындамау немесе адал орындамау) қорғанудың өзіндік заңдық құралдарымен қамтамасыз етілген.Бұл жерде, қағида бойынша соттан тысқары да болатын әкімшілік жауапкершілік еске алынып отыр. Әкімшілік құқықтық нормалар көптеген жағдайларда, құқықтың өзге салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тек қорғаушысы ретінде ғана емес, реттеуші рөлін атқара алады. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымын алатын болсақ ол дәстүрдегідей: гипотеза, диспозиция және санкция. Әкімшілік құқықтық норманың гипотезасы заңдық айғақ түрінде болуы мүмкін.(мысалы, қызмет туралы контракт жасау, белгілі бір жасқа толу). Диспозицияда міндеттейтін, ерік беретін, тыйым салатын сипаты бар мінез құлық ережесінің өзі болады, соған сәйкес құқыққатынастың қатысушылары іс әрекет жасайды. Ал әкімшілік құқықтық норманың санкциясы әдетте жауапкершілік шарасын (әкімшілік немесе тәртіптік) немесе әкімшілік мәжбүрлеудің өзге шарасын қарайды.(мысалы, адамды әкімшілік ұстау). Әкімшілік құқықтық нормада санкцияның болмауы да мүмкін.Әкімшілік құқықтық нормалары өздерінің реттеушілік бағыттылығына және заңдық мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:1.Заңдық биліктік нұсқамалардың мақсаттарына сәйкес келетін олардың екі түрін бөлуге заңды түрде басты орын беріледі. Олар материалдық және процессуалдық нормалар.Материалдық әкімшілік құқ.қ нормалар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттерінің, құқықтарының кешенін, жауапкершілігін, яғни шындығында олардың әкімшілік құқықтықмәртебесінбекітеді. Әкімшілік құқықтың процессуалдық нормалары басқарушылық қатынастарға қатысушылардың оларға материалдық құқық нормаларымен бекітілген міндеттер мен құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.Бұл енді басқарушылық қатынастардың динамикасы. 2.Нақты заңдық мазмұныбойынша топтастыру. Ол практикада пайдаланылатын әкімшілік құқықтық реттеу әдістерінен туындаған:міндеттейтін белгілі бір іс әрекеттерді міндетті түрде жасауға заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Мысалы, мемлекеттік қызметшіні жұмысқа алғанда атқарушы органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салатыносы нормамен қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым салатын заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Бұған әкімшілік құқық бұзушылық құрамын қарайтын әкімшілік құқықтық нормалар жатады.Уәкілеттік беретін немесе ерік беретін яғни нормаларда қаралған шарттар шегінде өз қалауы бойынша іс әрекет жасау мүмкіндігі қаралған әкімшілік құқықтық нұсқамалар.Ынталандыратын (көтермелейтін) яғни бұл сияқты нормаларда басқарушылық қатынастардың қатысушыларына олардың тиісті мінез құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық немесе моральдық ықпал жасаудың тиісті құралдары бекітіледі. Ұсынылатын нормалар, солардың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларына тиісті міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді түрі ұсынылады.Бұл сияқты нормалар, әдетте бақылау қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдарға және олардың лауазымды адамдарына арналады.3.Әкімшілік құқықтық нормалар кімдерге арналғандығы бойынша топталуы мүмкін:азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет атқаруының негіздерін, әр түрлі коммерциялық, оның ішінде жеке меншіктік құрылымдардың ұйымдастырылуы мен қызметін, қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік құқықтық мәртебесін регламенттейтін нормаларды бөлуге болады. Көлемі бойынша мыналарға бөлуге болады: жалпы болатынмемлекеттік басқарудың барлық аялары мен салаларына күші болатын нормалар, бұлар Президенттің жарлықтарында және Үкіметтің қаулыларында болады.Салааралықмемлекеттік басқарушылық қызметтің қандай да бір жақтарын регламенттейтін нормалар, Салалық яғни салалық құзіретті атқарушы органдарға бекітілген аяның шегінде пайда болатын басқарушылық қатынастардың қандай да болмасын жақтарын регламенттейтін нормалар.
|
|||
|