|
|||
Тақырыбы: Маркетингтің мәні, мақсаттары мен міндеттері.Стр 1 из 19Следующая ⇒
Тақырыбы: Маркетингтің мәні, мақсаттары мен міндеттері. Маркетинг әлеуметтік және басқарушылық үрдіс. Оның көмегімен, жеке және топтасқан тұлғалар өздерінің қажеттілік пен мұқтаждықтарын, тауарды және тұтыну құндылықтарын жасау,сонымен қатар олармен өзара алмасу арқылы қанағаттандырады. Маркетинг- ғылыми пән ретінде зерттеу объектісіне ие, яғни әртүрлі тауарлар мен қызметтер рыноктарын зерттеу. Зерттеу зат аумағы – тауар және қызметтің сұраныс пен ұсынысының өзгеру заңдылығы, таңдаудағы және тауарды өзіне сатып алудағы нарықтағы тұтынушылар іс-құлығы, сонымен қатар нарыққа қажетті тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастырудағы өндірушілер іс-құлығы. Маркетинг ұғымы – АҚШ-тың экономикалық әдебиетінде 19 және 20 ғасырлар тоғысында туындады. Marketing, ағылшын тілінен аударғанда, нарық шартындағы жұмыс ұғымын білдіреді. Нарық батыс елдерінде ғасырлар бойы келе жатқан құбылыс. Ал маркетинг қай уақыттан бері белгілі. П. Друкер пікірінше, маркетинг 17 ғасырда пайда болған, бірақ Европа емес Жапонияда. Батыста маркетинг 19 ғ. жартысында пайда болды. Компанияның өсімдік жинау машинасы өндірісінің инженері Сайрес Маккормик (1809-1884) бірінші болып төмендегі идеяны айтқан: маркетинг кәсіпорынның басты түйінді функциясы болуы керек, ал тұтынушыларды қалыптастыру менеджерлердің арнайы жұмысы. С Маккормик тәжірибиеге маркетингтік зерттеуді және талдауды, нарықты қалыптастыру қағидасын, бағалық саясатты, сервистік қызмет көрсетуді ұсынды. Академиялық пән ретінде де маркетинг алғаш рет Штаттарда қалыптасты. 1905 жылы В.Е.Креузи „Тауар маркетингі” курсын оқиды, ал 1910 Р.Ватлер „Маркетинг әдістері” курсын оқиды. Маркетингтің институционалды қалыптасуы да АҚШ-та басталған. 1908 жылы тұңғыш коммерциялық маркетингтік ұйым пайда болды, компанияларда маркетинг бөлімдері құрылады. Маркетинг және жарнама Ұлттық Ассоциациясы 1926 жылы, 1975 жылы қайта Америка маркетинг Ассоциациясы (ААМ) болып құрылды. Осындай ұйымдық құрылымдар кейінірек Европада, Жапонияда және басқа елдерде жүзеге асты. Ресейде Маркетинг Ассоциациясы 1994 жылы 1991 жылғы Бүкілодақтық маркетинг Ассоциациясы базасында бекітіледі. Қазақстан Республикасында 2000 жылы Қазақстанның Маркетингтік Ассоциациясы құрылды. Қазіргі заманғы маркетингтің отаны АҚШ болып табылатыны дұрыс ұстаным ба? Тұтас XX ғасыр аясында маркетингтің теориялық және практикалық дамуы жүзеге асты.. Германияның маркетингті зерттеу институты 90-шы жылдардың басында бүкіл әлем бойынша маркетингтің 2000-ға жуық анықтамасын тіркейді. 1960 ж. НАМИР мына анықтаманы ұсынады: Маркетинг – тауарды және қызметті өндірушіден соңғы және аралық тұтынушыға жылжытуды басқаратын кәсіпкерлік қызмет. 1985 ж. (ААМ) маркетингтің жаңа анықтамасын қалыптастырады: маркетинг – бұл ойдағы істерді жоспарлау және іске асыру үрдісі, баға тағайындау, жеке тұлғалардың және ұйымдардың мақсаттарын жүзеге асыра алатын айырбас арқылы идеяларды, тауарларды және қызметтерді жылжыту және өткізу . Бұл анықтама, оны өзгерткенге дейін АҚШ территориясында ресми анықтама болып саналған. Р.Эванс және Б.Берман мынадай анықтама ұсынды: Маркетинг – бұл ұйымдарға, адамдарға, территорияларға, идеяларға, тауарларға және қызметке деген сұранысты болжау, басқару және айырбас арқылы қанағаттандыру. Ф.Котлер Европалық авторлармен бірлесіп шығарған „Маркетинг негіздері” кітабында маркетингтің келесі анықтамасын қалыптастырды: Маркетинг - бұл әлеуметтік және басқару үрдісі, осының арқасында жеке бас және тұлғалар тобы өздерінің мұқтаждықтарын және қажеттіліктерін тауарлар және тұтыну құндылықтарын жасап шығарып, бір-бірімен алмаса отырып қанағаттандырады. Жан-Жак Ламбен: Маркетинг – бұл бизнес философиясы және белсенді үрдіс. Маркетинг бұл адамдардың және ұйымдардың қажеттіліктері мен зауықтарын сатып алушыға құндылық көрсететін тауар және қызметтермен қолайлы бәсекелі алмасу тудыру арқылы қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік үрдіс. Багиев Г.Л.: Маркетинг – бұл пайда табу немесе басқа нәтижелерге жетуді көздейтін соңғы тұтынушылардың сұранысын, олардың қажеттіліктерін зерттеу, қалыптастыру, қайта өндіру және қанағаттандыру бағытындағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің қожалық субъектілерінің өзара іс-қимылының философиясы және құралдары. Біз маркетингтің келесі анықтамасын ұсынамыз: Маркетинг – бұл табыс табуға және қызмет пен тауар өндірісін алмасу арқылы, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталатын сұраныс пен нарықты үзбей зерттейтін кәсіпкерлік және басқару қызметі. Осы келтірілген анықтамалармен салыстыра отырып, маркетинг түсінігінің, оның объектісінің және белгілерінің өзгерісін бағалаңыз. Ф.Котлердің ең қысқа маркетинг анықтамасын жеке сипаттаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Маркетингті оқып-үйрену маңызды ма және ол сізге не береді? 2. Фирманың барлық маркетингтік күші тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған. Сізге танымал фирма қай деңгейде қажеттіліктерді қанағаттандырады?
|
|||
|