Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Маркетинг концепциялары және олардың эволюциясы



Тақырыбы: Маркетинг концепциялары және олардың эволюциясы

Маркетинг 1906 жылдан бері кең қолданылып келеді. Осы уақыт ішінде батыс елдерінде маркетингтің бірнеше концепциялары пайда болды. Сол концепцияларды бес топқа бөліп қарауға болады.

1. - Өндіріс концепциясы - өндірісті жүргізуге күш салу, тырысу.

2. – Тауар сапасын арттыру концепциясы

3. - Өнімді өткізу концепциясы

4. – 60-жылдардың орта кезінде маркетингтің өзіндік концепциясы пайда болды, басты мақсат – тұтынушыларды қанағаттандыру.

5. – Бүгінде дамыған елдерде отандық маркетингтің концепциясы қолданылады. Оның негізгі бағыты, тек кез келген қажеттілікті білу емес, адамға ең қажетті, ақылмен ойланған, саналы қажеттілікті тану, білу және соны талдау.

Маркетингтің қажеттілігі дамыған экономикадан туындайтын жаңа талапқа әсіресе, ондағы өндіріс құрылымының жетілуіне, жіктелуіне, нарықтың тауар массасымен толығуына, өндірушілердің шиеленіскен өзара бәсекесіне тығыз байланыста болады. Бұған орай «Сатушы нарығы» және «Сатып алушы нарығына» тоқталған жөн.

«Сатушы нарығы»тұсында негізінен не өндірілсе, сол сату объектісіне түседі де, нарықта сатушы үкімі үстемдік жасайды, ал кәсіпкерлердің өнімді өткізуден басқа да өз жұмысы бар. Кәсіпкерлер үшін ең негізгі проблема бұл кезеңде өнімді өндіруге жұмсалған шығынды азайту, өндіріс көлемін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту болып табылады. Ал, «Сатып алушы нарығы» жағдайында бұл міндеттер мүлдем басқаша өзгереді. Бұл кезеңде нарықта тауардың молаюына байланысты, оны өткізу проблемасы туады, тауарды сату қиындай түседі. Кәсіпкерлердің мұндай жағдайдағы негізгі міндеті тауарды сату, оны тұтынушыларға жеткізу болып табылады.

Бүгінде өндіріс шығынының құрылымы елеулі өзгерді. Еңбектің тікелей шығындары мен материалдық шығындардың өзіндік үлесі азайып, өнімді өткізуге байланысты шығындардың өзіндік үлесі көбейе түсті.

Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс жағдайында өндіріс шығындарын белгілі мөлшерден төмен түсіруге іс жүзінде мүмкін емес. Өндірістік шығындар бүгінде инженерлік еңбек қызметінің туындысына айналды. Инженер жақсы бұйымды ойлап табушы болса, ал жұмысшылар оны дайындап шығарады, ал маркетинг оны маман ретінде тауарға айналдырады.

Өндіріс тиімділігінің артуы және кәсіпорындардың өз бәсекелесіне қарсы күресінің нығаюы ең алдымен өнімді өткізуге тікелей байланысты.

Бүгінде кәсіпкер өзінің көп уақытын және біраз қаржысын өнімді дайындауға, оны өткізуге және тұтынушылар тілегін толық қамтуға жұмсайды.

Багиев Г.Л. : өзара қатынастар маркетингі деген қағида қалыптастырды, ал Ф.Котлер болса қатынас маркетингін қолданды. Маркетинг әдіснамасына проф. И.И. Кретов нарықты басқару қағидасы ретінде негіздеп, нақты функциялардан тұратын, 4 блокты кешенді функцияны құрайтын, маркетинг функциясын жіктеуде әмбебап жол таба білді. Құрылымы бойынша ұсынылған логикалық жүйе келесі түрде көрінеді.

1. Аналитикалық функция:

- нарықты зерттеп білу;

- нарықтың тауарлық құрылымын зерттеу;

- тұтынушыларды зерттеу;

- нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу;

- кәсіпорынның ішкі ортасын талдау.

2. Өндірістік (басқаларда жаңартушы) функция:

-жаңа тауар өндірісін ұйымдастыру;

-материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

- дайын өнімнің сапасын және бәсеке қабілетін басқару.

3. Өткізу (сату) функциясы:

- тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;

- мақсатты бағытталған тауарлық және бағалық саясатты жүргізу;

- сервисті (қызмет көрсетуді) ұйымдастыру.

4. Басқару және бақылау функциясы:

- кәсіпорында стратегиялық және оперативті жоспарлауды ұйымдастыру;

- маркетингті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету;

- маркетингтің коммуникативті (коммуникация – байланыс жүйесін ұйымдастыру) функциясы;

- маркетингтік бақылауды ұйымдастыру (кері байланыс, ситуациялық талдау).

Бұл маркетингтің функциясының жіктелінуі маркетинг іс-әрекеті схемасында айқын көрінеді. Сонымен, маркетинг – тұлға, ұйым өздерінің қажеттіліктерін айырбастау жолымен шешуді жөн санағанда орын алады. Нарық – бұл потенциалды айырбас сферасы (аумағы). Нарық – бұл потенциалды және бар тұтынушылар жиынтығы.

Маркетингті басқару – бұл сату көлемінде анықталған мақсатқа жету үшін айырбас сферасындағы шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және талдау. Бірақта фирма тауарына деген сұраныс болмаса бірде –бір шара көзделген мақсатқа жеткізбейді. Сондықтан да, маркетингті басқаруды сұранысты басқару деп санаған жөн. Сұраныс бұл – төлеу қабілетіне ие қажеттілік, яғни сатып алушылардың қажеттілігінің ақшамен қамтамасыз етілген бөлігі. Және ол сұранысты қалыптастыру және фирма тауарын өткізудіі ынталандыру шараларын (ФОССТИС) нақтылайды.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Маркетинг концепциясы мен өндірістік, тауар және өткізу концепциясы арасындағы басты айырмашылықты атаңыз. Әрқайсысының қысқа және ұзақ мерзімдегі тиімділігін бағалаңыз.

2. Жетістікті маркетингтік ортада өзінің қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар қандай шаралар қолдануы керек



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.