Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кезбе нервтің артқы көкірекаралықта орналасқан кеуделік бөлігінің тармақтары.



   Кезбе нервтің артқы көкірекаралықта орналасқан кеуделік бөлігінің тармақтары.

1) Жүректің кеуделік тармақтары, rr.cardiaci thoracici, аралас, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан түзіліп, жүрек өрімін түзуге қатысады.

2) Кеңірдектік және бронхтық тармақтар, rr.tracheales et bronchiales, симпатикалық нервтермен бірге өкпе өрімін, plexus pulmonalis, түзіп, кеңірдек пен бронхтардың шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.

3) Өңештік тармақтар, rr.esophagei, кезбе нервтің оң және сол діңдері (сабаулары) түзетін өңеш өрімінен, plexus esophageus, кетеді де - өңештің шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.

 

                                       Кезбе нервтің іштік бөлімі.

    Өңеш өрімінің төменгі бөлігі жоғарыда аталғандай алдыңғыжәне артқыдіңдерді, trunci vagales anteroir et posteror, түзіп іш қуысына өтеді.

  Алдыңғы кезбе діңі, truncus vagalis anterior, асқазанның алдыңғы бетіне өтіп асқазандық алдыңғы тармақтарды, rr.gastrici anteriores, береді. Алдыңғы діңнен кететін бауырлық тармақтар, rr.hepatici, кіші шарбының, omentum minus, екі табақшасының арасымен жүріп, бауырды нервтендіреді.

 Артқы кезбе діңі, truncus vagialis posterior, асқазанның артқы бетіне өтіп, асқазандық артқы тармақтарды, rr.gastrici posteriores, береді.

  Алдыңғы және артқы тармақтар құрсақ өрімінен келетін симпатикалық нервтермен қосылып асқазанды нервтендіреді.Артқы діңнен құрсақтық тармақтар, rr.coeliaci, бөлінеді де, асқазандық сол артерияның, a.gastrica sinistra, бойымен жүріп құрсақ өріміне, plexus coeliacus, келеді.

 Құрсақ өрімінің құрамында екінші симпатикалық нейрондардан түзілген құрсақ түйіндері, ganglia coeliaca, орналасады. Оларға симпатикалық түйінгедейінгі тармақтар келіп, түйінненкейінгі тармақтар шығады. Кезбе нервтің артқы діңінің тармақтары симпатикалық түйіндер арқылы үзілмей өтеді. Сонымен, құрсақ өрімінен түйінненкейінгі симпатикалық және түйінгедейінгі парасимпатикалық тармақтар кетеді.Олар ағзаларға екі жолмен барады: 1) ағзаларға баратын тамырларды қоршай орналасып, аттас өрімдер түзеді де, сол тамырлардың бойымен барады немесе 2) жеке барады. Мысалы, құрсақ өрімінен тамырлардың бойымен кететін: асқазандық сол өрім, plexus gastricus sinister, асқазандық сол артерияның, a.gastrica sinistra, бойымен,  көкбауырлық өрім, plexus lienalis, көкбауыр артериясының, a.lienalis бойымен, және бауырлық өрім, plexus hepaticus, бауырдың меншікті артериясының, a.hepatica propria, бойымен - асқазанға, көкбауырға және бауырға барады.

  Кезбе нерв шажырқайлық жоғарғы өрімнің, plexus mesentericus superior, құрамында өтіп аш (жіңішке) ішекті, ал тоқ (жуан) ішекті төмендеген жиек ішекке, colon descendens, дейін нервтендіреді.

 Кезбе нервтің екінші парасимпатикалық нейрондары ағзаның жанындағы және ағзаның ішіндегі өрімдердің парасимпатикалық түйіндерінде, ganglia parasympathica, орналасады. Ұлпалық (паренхималық) ағзаларда (өкпе, бауыр) вегетативтік өрімдер ағза тінін ұстап тұратын дәнекер тіндік қалқаларда (стромасында) орналасады. Қуысты ағзаларда (асқазан, ішек) олар ағза қабырғасының ішінде (интрамуралды) өрім түзеді. Бұл өрімдер сірлі қабық астында, бұлшықеттік қабықтың қабаттары  арасында және шырышты қабық астында орналасады. Осы өрімдердегі түйіндерден ағзаға қысқа түйінненкейінгі парасимпатикалық тармақтар кетеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.