Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





осымша нерв (ХІ жұп). Тіласты нерві (ХІІ)



                                      Қосымша нерв (ХІ жұп)

 

   Қосымша нерв, n.accessorius, қозғалтқыш нерв. Оның қозғалтқыш ядросы  - қосымша нервтің ядросы, nucleus nervus accessorii, деп аталады да,  екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі сопақша мида - ромбтәрізді шұңқырдың түбінде орналасқан, төменгі бөлігі І – VІ – жұлын сегменттерінің деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасқан. Осы ядроларға сәйкес қосымша нервтің сопақша мидың артқы - латералды жүлгесінен шығатын, бассүйектік түбіршіктері, radices craniales, және жұлынның алдыңғы түбіршіктері мен  артқы түбіршіктерінің  арасынан шығатын жұлындық түбіршектері, radices spinales,ажыратылады. Жұлындық түбіршіктер жоғары көтеріліп, шүйделік үлкен тесік арқылы бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінде жұлындық және бассүйектік түбіршіктер қосылып қосымша нервті түзеді. Ол бассүйек ішінен мойындырық тесік, foramen jugulare, арқылы шығады. Тесікте нерв ішкі және сыртқы тармақтарға бөлінеді. Ішкі тармақ, ramus internus, кезбе нервке қосылып, оның құрамында жұтқыншақ пен көмей бұлшықеттерін нервтендіруге қатысады. Сыртқы тармақ, ramus externus, меншікті қосымша нерв болып табылады да ішкі ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венаның аралығымен төмен түсіп, төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықетті нервтендіреді. Одан кейін осы бұлшықеттің сыртқы жиегінен шығып, артқа жүреді де трапециятәрізді бұлшықетті нервтендіреді.

 

                                          Тіласты нерві (ХІІ)

     

 Тіласты нерві, n.hypoglossus – қозғалтқыш нерв. Ол  сопақша мида ромбтәрізді шұңқырдың тіласты нерві үшбұрышында орналасқан қозғалтқыш ядроның, nucleus nervi hypoglossi  нейрондарының аксондарынан түзілген. Көптеген түбіршіктері (10-15) арқылы  сопақша мидың пирамдасы мен оливасының аралығынан  шығады. Бассүйек ішінен тіласты өзегі, canalis hypoglossali, арқылы шығып, ішкі ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венаның арасымен төмен түседі. Содан кейін сыртқы ұйқы артериясының сыртқы жағында орналасып біз-тіласты бұлшықеті мен қос қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасының астымен өтіп, дөңесі төмен иілген доға түрінде төменгі жақсүйекасты үшбұрышына келеді. Тіласты – тіл бұлшықетінің, m. hyoglossus,  латералды бетінде орналасып, тілдің бұлшықеттерін нервтендіретін соңғы тілдік тармақтарға, rr. linguales, бөлінеді.

  Тіласты нервінің құрамында І және ІІ мойындық жұлын нервтерінің тармақтары өтеді. Бұл тармақтар тіласты нервінен – жоғарғы түбіршік, radix superioir, түрінде бөлініп, мойын өрімінен кететін - төменгі түбіршікпен, radix inferioir, қосылып, мойын ілмегін, ansa cervicalis, құрайды. Бұл ілмектен кететін тармақтар тіластыастылық : төс - тіласты, төс - қалқанша, қалқанша - тіласты және жауырын - тіласты бұлшықеттерін нервтендіреді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.