Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Проекциялық нервтік орталықтар



Проекциялық нервтік орталықтар

Бұл орталықтар адамдармен қатар жануарларда да болады және туғаннан кейін, бірден қызмет ете бастайды. Олар сыртқы және ішкі ортадан келетін ақпараттарды (бірінші сигналдық жүйе) қабылдап, талдайды және туғаннан кейін бірден қызмет ете бастайды.

Төменде, кейбір  маңызды анализаторлардың қыртыстық орталықтары қарастырылады. (32 - сурет).

  32 - сурет. Үлкен ми сыңарының цитоархетектоникалық алаңдары. Түсініктемесі мәтінде берілген.

1.Жалпы сезімталдық және проприоцептивтік анализаторлардың ядросы. Жалпы сезімталдыққа – ауырсыну және температура сезу,  жанасу және қысым (тактилдік) сезу жатады. Бұл ядро (орталық) орталықартындағы қатпарда (1, 2, 3 алаңдар) және шекелік жоғарғы үлесшеде (5 және 7 алаңдар) орналасқан.

Орталықартындағы қатпарға және шекелік жоғарғы үлесшеге нервтік импулс дененің қарама – қарсы жағынан келеді (жоғарылаған өткізгіш жолдар жұлын мен сопақша мида қиылысып, қарсы жаққа өтеді). Орталықартындағы қатпардың жоғарғы бөлігінде аяқ пен тұлға, ортаңғы бөлігінде қол, төменгі бөлігінде бас проекцияланады. Яғни, адамның аяғы аталған қатпардың жоғарғы, ал басы – төменгі бөлігінде орналасады (33 - сурет) .

 

33 - сурет. Жалпы сезімталдықтың қыртыстық орталығы (сезімтал гомункулус). жалпы сезімталдық анализаторының қыртыстық орталығындағы - адам денесі бөліктерінің проекциялары (үлкен мидың орталықартындағы қатпары).

1- орталықартындағы қатпар; 2 – самайлық үлес; 3 – латералды жүлге; 4 – бүйір қарынша; 5 – мидың бойлық жүлгесі.

 

 

 Бұл орталық зақымданғанда дененің қарама – қарсы жартысында ауырсыну, температура сезу, тактилдік және проприорецептивтік сезімталдықтар жойылады.

 2. Қозғалтқыш анализатордың ядросы.Бұлядро орталықалдындағы қатпарда ( 4 және 6 алаң ) және орталықжанындағы үлесшеде орналасады. Қыртыстың 3–4 қабаттарында проприоцептивтік импулс қабылданып, талданады. Қыртыстың 5 қабатында алып пирамидалық  жасушалар жатады. Олардан төмендеген пирамидалық жол басталады. Сонымен, ми қыртысының қозғалтқыш аймағы – сезімталдықты  қабылдау қызметін де атқарады. Орталықалдындағы қатпарда да адамның аяғы – жоғарғы, басы – төменгі бөлігінде проекцияланады. Ең көп орынды – тіл, бет және қол басы бұлшықеттерінің проекциялары алып жатыр, себебі, олар дәлдікті қажет ететін өте күрделі қызметтер атқарады. Бұл орталық зақымданғанда ( қан құйылу, жарақат алғанда) дененің қарсы жағының бұлшықеттерінің қызметтері бұзылады. Ал, тұлғаның, көмейдің және жұтқыншақтың бұлшықеттері ми сыңарының екеуінен де нервтеледі.

 

34 – сурет. Үлкен ми қыртысының қозғалтқыш аймағы (қозғалтқыш гомункулус). Адам денесі бөліктерінің проекциялары (үлкен мидың орталықалдындағы қатпары).

1- орталықалдындағы қатпар; 2 – самайлық үлес; 3 – латералды жүлге; 4– бүйір қарынша; 5 – мидың бойлық жүлгесі.

 

 

3. Есту анализаторының ядросы,  самайлық жоғарғы қатпардың ортаңғы бөлігінің жоғарғы бетінде жатады. Аралшыққа қараған бұл бетте самайлық көлденең қатпарлар (Гешле қатпарлары) орналасады. Есту анализаторларының ядросы осы қатпарларға сәйкес келеді (22 алаң ). Бұл ядроға есту импулстері өз және қарама – қарсы жағынан келеді. Сондықтан бұл орталық зақымданғанда есту мүкістігі екі құлақта бірдей пайда болады. Екі жақтың бірдей зақымдануы ғана толық кереңдікке әкеледі.

4. Көру анализаторларының ядросы,шүйделік үлестің медиалды бетіндегі топшылық жүлгенің айналасында (17 алаң) орналасады. Ядрода көру импулстері өзінің және қарсы жақтың көз алмасынан келеді. Оң жақтағы ми сыңарында – оң жақтағы көз алмасының торлы қабығының латералды жартысынан және сол жақтағы көз алмасынын медиалды жартысынан шығатын көру импулстері аяқталады.

Сондықтан бір жақтағы орталық зақымдалғанда, екі көзде де жартылай соқырлық пайда болады. Екі жақтағы орталықтардың зақымдануы толық соқырлыққа әкеледі.

  5. Иіс сезу анализаторларының ядросы, самайлық үлестін төменгі бетіндегі гиппокампжанындағы қатпарда, оның ілмегінде ( uncus) және гипокампта (А, Е алаңдары ) орналасады. Бұл жерде де оң және сол жақтардан келетін иіс сезу талшықтары аяқталады.

Сондықтан, бір жақтағы иіс сезу орталығы зақымданғанда иіс сезу қабылеті екі жақтада  бұзылады.

 6. Дәм сезу анализаторының ядросы,  иіс сезу анализаторының ядросымен көршілес, тығыз байланыста болып: гипокампжанындағы қатпарда, ілмекте және  гиппокампта орналасады. Бұл ядроларда өз және қарсы жақтардан келетін дәм сезу импулстері аяқталады.

Сондықтан, бір жақтағы дәм сезу орталығы зақымдалғанда, дәм сезу қабылеті екі жақтада да бұзылады.

7. Ішкі ағзалар анализаторының ядросы, орталықартындағы және орталықалдындағы қатпарлардың төменгі үштен бір бөлігінде орналасады (43 алаң). Бұл орталықта ішкі ағзалардан бездерден,тамырлардан келетін импулстер аяқталады (ауырсыну,тоқтық,аштық сезімдері ).

8. Вестибулярлық анализатордың ядросы . Бұл анализатор орталығың орналасуы туралы мағлұматтар әр түрлі.Көпшілік пікір бойынша орталық - самайлық ортаңғы және төменгі қатпарларда орналасқан (20-21 алаңдар ).

Аталған орталық зақымданғанда дененің тепе-теңдігі бұзылады - атаксия -  адамның басы айналып, денесі теңселіп тұрады («мас адам жүрісі»).

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.