Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары.



            Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары.

Өткізгіш жолдар арқылы организмнің тұтастығы және оның сыртқы ортамен байланысы қамтамасыз етіледі.

Бұл қызметтердің негізін рефлекс доғасы  құрайды. Рефлекс доғасы қарапайым  және күрделі деп екіге бөлінеді (38– сурет) . Қарапайым рефлекс доғасы жұлынның бір сегменті деңгейінде орналасқан екі немесе үш нейроннан түзіледі. Екі нейрондық доға – сезімтал және қозғалтқыш нейрондардан, ал үш нейрондық доға – сезімтал,аралық және қозғалтқыш

нейрондардан тұрады.

38 – сурет. Қарапайым және күрделі рефлекс доғаларының сызбасы.

1 – сезімтал нейрон; 2 – аралық нейрон; 3 – қозғалтқыш нейрон; 4 – жіңішке және сынатәрізді будалар; 5 – пирамидалық жол (  қыртыс – жұлындық латералды жол ).

 

Бұл доғаныңсезімтал (бірінші) нейроны жұлын түйінінде орналасады. Олардың шеткі өсінділерінің (дендриттерінің) рецепторлары теріде, ағзаларда жатады. Нервтік импулс шеткі өсінділер (олар жұлын нервтерін түзуге қатысады) арқылы жүріп, сезімтал нейронның орталық өсіндісіне (аксонына) өтеді де, артқы түбіршік арқылы жұлынға енеді. Бұл жерде орталық өсінді өзінің және көршілес сегменттердің артқы мүйіздеріндегі екінші аралық нейрондарда аяқталатын жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді. Жұлынның артқы мүйізіаралық (екінші) нейрондардан түзілген. Олардың да аксондары көршілес бірнеше сегменттердің алдынғы мүйіздерінде аяқталатын жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді. Жұлынның алдынғы мүйізіндеқозғалтқыш (үшінші) нейрондар орналасады. Олардың аксондары алдынғы түбіршіктің, одан әрі жұлын нервінің құрамында бұлшықетке (ағзаға) барады.

Сонымен, дененің бір нүктесіне тітіркендіру арқылы әсер еткенде, оған жауап – осы сегмент деңгейінде ғана емес – көршілес сегментер арқылы да беріледі, яғни жауап реакцияға бірнеше бұлшықеттер қатысады.

Жұлын мен мидың дамуы барысында, өткізгіш жолдар түзетін – көп нейронды күрделі рефлекс доғалары пайда болады.

 

Өткізгіш жолдар дегеніміз – жұлын мен мидың ақ затында орналасқан, құрылымы мен қызметі бірдей будалар жүйесі. Олар орталық нерв жүйесі сұр затының - қызметі ортақ бөлімдерін байланыстырып тұрады.

Жұлын мен мида: ассоциативтік ( 39 – сурет ) , комиссуралық және проекциялық өткізгіш жолдар ажыратылады («Мидың ақ затын» қараңыз).

39 – сурет. Мидың ақ затын құрайтын талшықтар.

1 – ассоциативтік талшықтар; 2 – комиссуралық талшықтар; 3 – проекциялық талшықтар;

 

Осы аталған өткізгіш жолдардың ішіндегі проекциялық нерв талшықтары арқылы организм сыртқы ортамен және ішкі ағзалармен байланысады. Проекциялық нерв талшықтары импулстерді өткізу бағыты бойынша жоғарылаған (афферентті) және төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдар деп аталатын екі үлкен топқа бөлінеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.