Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жамылғының ішкі құрылымы



                                 Жамылғының ішкі құрылымы

Үлкен ми қыртысы, cortex cerebri, жоғары нервтік қызмет іске асатын орталық нерв жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді және ішкі ағзалардың қызметін реттеп отырады.

Үлкен ми қыртысы ми сыңарларының ақ затын жауып тұрады. Адамның үлкен ми қыртысының алаңы орташа 22 000 мм2,  қалыңдығы көп бөлігінде 1,3-4,5 мм,  тек орталық жанындағы  үлесшеде ғана 10 мм-ге жетеді. Қыртыстың  27/1 бөлігін нейрондар, ал қалған 26 бөлігін нейроглия құрайды. Нейрондардың саны орта есеппен 15 млрд. болады.

 Нерв жасушаларын түріне және орналасуына қарай алты табақшаға (қабат):  І - молекулалық табақша , lamina molecularis; ІІ – сыртқы түйіршікті табақша, lamina granularis externa;  ІІІ – сыртқы пирамидалық  табақша, lamina pyramidalis externa;  ІҮ – ішкі түйіршікті табақша,lamina granularis interna; Ү – ішкі пирамидалық табақша, lamina pyramidalis interna; ҮІ – мултипішінді табақша, lamina multiformis, бөледі.

Есте сақтау қасиеті молекулалық табақщада іске асады. Сыртқы түйіршікті және сыртқы пирамидалық табақша нейрондары адамныңойлау қабілетін қамтамасыз етеді.

Үлкен ми қыртысының әр бөлігінің құрылымы айтарлықтай өзгешелігімен сипатталады. Кейбір бөліктерінде нейрондардың 5-8 қабаттары ажыратылады. Бірақ, негізінен 6 қабатты болып келеді.Қазіргі кезде ми қыртысында әрқайсысы құрылымдық ерекшелігімен өзгешеленетін 200-дей алаңды ажыратады.

 

 

Үлкен ми қыртысының қызметтік орталықтары

  Үлкен ми қыртысының белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі нервтік орталық  болып табылады. Нервтік орталықтарпроекциялық және ассоциативтікболып екіге бөлінеді.

(М. В. Гайворонский, 2003).

Проекциялық орталықтар –  анализатордың қыртыстық шеті (орталығы) болып табылады. Олар жоғарылаған және төмендеген өткізгіш (проекциялық) жолдар арқылы қыртысастылық ядролармен байланыста болады.

Анализатордың үш бөлігі:  1) рецепторы;  2) нервтік импулсті өткізетін жолы (жұлын немесе бассүйек нервтері, жұлынның немесе мидың афферентті өткізгіш жолдары) және  3) ми қыртысындағы орталығы ажыратылады. Қыртыста сыртқы ортадан және ішкі ағзалардан келетін ақпараттарға талдау жасалынып,оларға жауап беріледі. Анализатордың қыртыстық орталығы – қатаң шектелген аймақ емес, ол ядролық және шашыраңқы бөліктерден тұрады. Ядро шеткі рецептордың барлық элементтерінің қыртыстағы  толық және дәл проекциясын береді де жоғары деңгейдегі анализ бен синтезді іске асырады. «Шашыраңқы элементтер» қарапайым анализ бен синтезді іске асырады, олар ядролық бөлім зақымданғанда белгілі бір деңгейге дейін ядроның қызметін ауыстырады.

   Ассоциативтік орталықтар – қыртыс астылық ядролармен тікелей байланыспайды, олар проекциялық орталықтармен байланыста болып, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз етеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.