Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Базалды ядролар



Базалды ядролар

Базалды (негіздік немесе қыртысастылық) ядролар үлкен ми сыңарлары ақ затының ішінде, ми негізі деңгейінде, бүйір қарыншалардың латералды жағында орналасады. Базалды ядролардың құрамына: жолақ дене, шарбақ және бадамшатәрізді ядролар кіреді( 29 – сурет).

 

      29 – сурет. Базалды ядролар, мидың көлденең кесіндісі.                                               

1 – миқыртысы; 2 – сүйелді дене иіні; 3 – бүйір қарыншаның маңдайлық мүйізі; 4 – ішкі қапшық; 5 – сыртқы қапшық; 6 – шарбақ; 7 – ең сыртқы қапшық; 8 – қабық; 9 – бозғылт шар; 10 – III қарынша; 11 – бүйір қарыншаның шүйделік мүйізі; 12 – таламус; 13 – аралшық қыртысы; 14 – құйрықты ядроның басы.

 

Жолақ дене, corpus striatum, өз алдына екі: құйрықты және жасымық- тәрізді ядролардан тұрады. Құйрықты ядроның, nucleus caudatus, басы- caput, денесі - corpus , және құйрығы - cauda, ажыратылады. Оның басы - бүйір қарыншаның алдынғы мүйізінің латералды қабырғасын, денесі - бүйір қарыншаның орталық бөлігінің түбін құраса, құйрығы - бүйір қарыншаның төменгі мүйізінің жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады.

Жасымықтәрізді ядро, nucleus lentiformis,құйрықты ядро мен таламустан латералды орналасқан. Бұл ядроның латералды бөлігі - қабығы, putamen, медиалды бөлігі - бозғылт шар, globus pallidus, деп аталады. Олар бір- бірінен ақ зат жолақтарымен бөлініп тұр.

Құйрықты ядро мен таламус екеуін жасымықтәрізді ядродан бөліп тұратын ақ зат ішкі қапшық, capsula interna, деп аталады.Ішкі қапшық арқылы жоғарылаған және төмендеген өткізгіш (проекциялық) жолдар өтеді.

Шарбақ, claustrum, жасымықтәрізді ядроның сыртында орналасып, одан сыртқы қапшық, capsula externa, арқылы бөлініп тұрады. Шарбақ пен аралшықтың сұр затының арасында ең сыртқы қапшық,capsula extrema, орналасады.

Бадамшатәрізді дене , corpus amygdaloideum,самайлық үлесте, бүйір қарыншаның төменгі (самайлық) мүйізінің алдында орналасқан.

Клиникада қызметтеріне байланысты құйрықты ядро мен қабықты -жолақты дене, corpus striatum, ал, жолақты дене мен бозғылт шарды - стриопаллидорлық жүйе деп атайды.

Базалды ядролар экстрапирамидалық жүйеге жатады да, санадан тыс (автоматтық) қозғалыстарды қамтамасыз етеді. Олардан шығатын эфферентті импулстердің негізгі бөлігі қарама - қарсы жақтағы бассүйек және жұлын нервтерінің қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Сонымен қатар стриопаллидарлық жүйе жылу және көмірсу алмасуын реттейтін жоғары вегетативтік орталық болып табылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.