Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ми сыңарының төменгі беті.



Ми сыңарының төменгі беті.

Маңдайлық үлестің төменгі бетінде үлкен мидың бойлық саңылауына параллелді бағытта иіс сезу жүлгесі, sulcus olfactorius, өтеді ( 26, 27 – суреттер ). Осы жүлге мен бойлық саңылау аралығында түзу қатпар, gyrus rectus, орналасады. Оның латералды жағында көзұялық жүлгелермен, sulci orbitales, бөлінген бірнеше көзұялық қатпарлар, gyri orbitales, жатады. Иіс сезу жүлгесінде иіс сезу буылтығы, bulbus olfactorius - пен иіс сезу жолы, tractus olfactorius, орналасады. Бұл жол иіс сезу үшбұрышына, trigonum olfactorium, жалғасады.

 

26 – сурет.Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінің жүлгелері мен қатпарлары.

1 – тік қатпар; 2 – иіс сезу жүлгесі; 3 – көзұялық қатпарлар;  4 – көзұялық жүлгелер; 5 – алдыңғы тесіктелген заттек; 6 – шүйде – самайлық жүлге; 7 - шүйде – самайлық латералды қатпар; 8 - шүйде – самайлық медиалды  қатпар; 9 – коллатералды жүлге; 10 – гиппокамптық жүлге; 11 – тілдік қатпар; 12 – топшылық жүлге; 13 – гиппокамп жанындағы қатпар; 14 – ілмек.

 

Шүйделік және самайлық үлестердің төменгі бетінде, гиппокампжанындағы қатпар, gyrus parahippocampalis, орналасқан, оны латералды жағынан   жанама жүлге, sulcus collateralis, шектеп тұрады. Бұл жүлге алдыңғы жағында мұрындық жүлгеге, sulcus rhinalis, жалғасады. Гиппокампжанындағы қатпардың алдыңғы иілген шеті ілмек, unсus, деп аталады, оны алдыңғы жағынан мұрындық жүлге шектеп тұрады. Gyrus parahippocampalis, артқы жағында тілдік қатпарға жалғасады. Жанама жүлгенің латералды жағында шүйде-самайлық медиалды қатпар, gyrus occipitotemporalis medialis, орналасады. Бұл қатпарды латералды жағынан шүйде-самайлық жүлге, sulcus occipitotemporalis, шектеп тұрады. Осы жүлгенің сыртында шүйде-самайлық латералды қатпар, gyrus occopitotempralis lateralis, жатады. Үлкен мидың төменгі - латералды жиегі аталған қатпарды төменгі самайлық қатпардан бөліп тұрады.

 

27 – сурет.Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінің жүлгелері мен қатпарларының сызбасы.

1 – тік қатпар; 2 – иіс сезу жүлгесі; 3 – көзұялық жүлгелер; 4 – көзұялық қатпарлар; 5 – алдыңғы тесіктелген заттек; 6 – шүйде – самай  лық жүлге; 7 - шүйде – самай    лық латералды қатпар; 8 - шүйде – самайлық медиалды қатпар; 9 – коллатералды жүлге; 10 – гиппокамптық жүлге; 11 – тілдік қатпар; 12 – топшылық жүлге; 13 – гиппокамп жанындағы қатпар; 14 – ілмек.

Лимбикалық жүйе. Бұл жүйе адамның көңіл-күйін, сергектігін, ұйықысын, түрлі сезімдерге (эмоцияға) бой алдырушылығын (жан толғанысын, ашу немесе қуаныш сезімдерін) және т.с.с. жалпы жағдайларын, сонымен қатар вегетативтік қызметтерін қамтамасыз етуге қатынасады.  Бұл жүйеге негізінен ми сыңарының медиалды бетінде орналасқан және олармен тығыз байланыста болатын қыртысастылық құрылымдар жатады. Филогенездік даму барысында бұл қызметтердің иіс сезу қызметіне байланысты дамуы себепті, олардың анатомиялық құрлымдары негізінен иіс сезу  миының құрамында орналасады.

28 – сурет. Лимбикалық жүйеге жататын мидың бөліктері.

1 – иіс сезу буылтығы; 2 – иіс сеу жолы; 3 – иіс сезу үшбұрышы; 4  – белдеулік қатпар;  5 – сұр жолақ; 6 – күмбез; 7 – белдеулік қатпар қылтасы; 8 – шекаралық жолақ;  9 - гиппокамп жанындағы қатпар; 10 – милық жолақ; 11 – гиппокамп; 12 – емізіктәрізді дене; 13 – бадамшатәрізді дене; 14 – ілмек; 15 – шекаралық табақша жанындағы қатпар.

 

 Бұл жүйенің екі бөлігін ажыратады. Шеткі бөлігіне үлкен мидың төменгі бетіндегі ( 28 – сурет )  иіс сезу буылтығы, иіс сезу жолы, иіс сезу үшбұрышы, алдыңғы тесіктелген зат (иіс сезу миының шеткі бөлігі), орталық бөлігіне күмбездік қатпар, тістік қатпар, белдеулік қатпар, гиппокампжанындағы қатпар, гиппокамп (иіс сезу миының орталық бөлігі) және таламус, гипоталамус , мөлдір қабық ядролары, ортаңғы мидың торлы түзілісі жатады.

Сонымен, лимбикалық жүйені түзетін анатомиялық құрылымдар соңғы, аралық және ортаңғы миларда орналасады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.