Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ми сыңарының медиалды беті



Ми сыңарының медиалды беті

Мисыңарының медиалды бетінде, facies medialis hemispherii, жекелеген үлестердің жүлгелері мен қатпарларынан басқа келесі құрылымдарды ажыратады ( 24,25 – суреттер ).

Сүйелді дене,corpus callosum, – екі ми сыңарының біртектес бөліктерін бір-бірімен байланыстыратын,комиссуралық нерв талшықтарынан тұратын мықты дәнекер. Сүйелді дененің буылтығын, splenium corporus callosi , сабауын, truncus corporis callosi, иінін, genu corporis callosi, төмен және артқа бағытталған құстұмсығын, rostrum corporis callosi, ажыратады. Құстұмсық төменгі жағында шекаралық табақшаға, lamina terminalis, жалғасады. Сүйелді дененің көлденең талшықтары ми сыңарларының тереңіне еніп, сүйелді дене тарамдарын,radiatio corporis callosi, түзеді. 

24 – сурет. Үлкен ми сыңарының медиалды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.

1 – ми күмбезі; 2 – сүйелді дене құстұмсығы; 3 - сүйелді дене иіні; 4 - сүйелді дене діңі; 5 -  сүйелді дене жүлгесі; 6 –белдеулік қатпар; 7 – маңдайлық жоғарғы қатпар; 8,10 – белдеулік қатпар; 9 – орталықжанындағы үлесше; 11- сынаалды; 12 – шүйде – шекелік жүлге; 13 – сына; 14 – топшылық жүлге; 15 – тілдік қатпар; 16 – шүйде – самайлық медиалды қатпар; 17 -  шүйде – самайлық жүлге; 18 - шүйде – самайлық латералды қатпар; 19 – гиппокамп жүлгесі: 20 – гиппокампжанындағы қатпар;

 

25 – сурет. Үлкен ми сыңарының медиалды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарларының сызбасы.

1 – ми күмбезі; 2 – сүйелді дене құстұмсығы; 3 - сүйелді дене иіні; 4 - сүйелді дене діңі; 5 - сүйелді дене жүлгесі; 6 – белдеулік қатпар; 7 – маңдайлық жоғарғы қатпар; 8,10 – белдеулік қатпар; 9 – орталықжанындағы үлесше; 11- сынаалды; 12 – шүйде – шекелік жүлге; 13 – сына; 14 – топшылық жүлге; 15 – тілдік қатпар; 16 – шүйде – самайлық медиалды қатпар; 17 - шүйде – самайлық жүлге; 18 - шүйде – самайлық латералды қатпар; 19 – гиппокамп жүлгесі: 20 – гиппокампжанындағы қатпар.             

Күмбез, fornix, сагитталды бағытта жүретін доғатәрізді екі нерв талшықтарынан тұратын және сүйелді дене астында орналасқан құрылым. Ол мидың ақ затына жатады және иіс сезу миының құрамына кіреді. Оң және сол күмбез орта тұсында бір-бірімен күмбез денесіне,corpus fornicis,бірігеді. Ал алдыңғы және артқы жақтарында екіге бөлінеді, алдыңғы жағында corpora mammillaria-мен байланысатын күмбез бағанасын,columnae fornicis, ал артқы жағында күмбез аяқшасын, crus fornicis, түзеді. Күмбез аяқшасы таламусты айналып, оң және сол бүйір қарыншалардың төменгі мүйіздеріне өтеді де, гиппокамп шашағын, fimbria hippocampi,түзеді. Күмбез аяқшаларын көлденең нерв талшықтары түріндегі күмбез дәнекері,comissura fornicis,қосып тұрады. Бұл комиссуралық дәнекер оң және сол гиппокамптарды қосады.Күмбез бағаналары мен сүйелді дененің құс тұмсығының аралығында алдыңғы дәнекер,comissura anterior (rostralis), орналасады. Бұл комиссуралық дәнекер оң және сол жақтағы алдыңғы тесіктелген затты және екі жақтағы гиппокампжанындағы қатпарларды бір – бірімен қосады. Екі дәнекер де иіс сезу миына жатады.

Мөлдір қалқа табақшасы, lamina septi pellucidi, сүйелді дене мен күмбез бағанасының арасында тартылып тұрады. Бұл табақша бүйір қарыншаның алдыңғы  мүйізінің медиалды қабырғасын құрайды. Оң және сол табақшалар бір-бірімен тығыз жанасып мөлдір қалқаны, septum pellucidum, түзеді.

Сүйелді дене жүлгесі, sulcus corporis callosi, сүйелді денені қоршап жатады,бұл жүлге сүйелді дене буылтығын артқы жағынан айналып өтіп, төменге және алдыға жүріп, гиппокамп жүлгесіне, sulcus hippocampi,жалғасады. Сүйелді дене жүлгесінен жоғары және оған параллелді белдеулік жүлге,sulcus cingyli, өтеді, ол артқы жағында екіге: жоғары қарай кететін белдеулік қатпардың жиектік бөлігі, pars marginalis sulci cinguli, мен шекеастылық жүлгеге, sulcus subparietalis, бөлінеді. Белдеулік және сүйелді дене жүлгелерінің аралығында белдеулік қатпар, gyrus cinguli, орналасады.

Белдеулік қатпар артқы жағынан сүйелді дене буылтығын айналып, белдеулік қатпардың қылтасын, isthmus gyri cinguli, түзеді де, мидың төменгі бетінде гиппокампжанындағы қатпарға gyrus parahippocampalis ,ауысады. Белдеулік қатпар, қылта және гиппокампжағындағы қатпар үшеуі күмбездік қатпарды, gyrus fornicatus, түзеді.

Шеке-шүйделік жүлге, sulcus parietooccipitalis, пен белдеулік жүлгенің жиектік бөлігінің аралығында сынаалды,precuneus,орналасады.Ми сыңарының медиалды      бетіндегі орталықалды қатпардың орталықарты  қатпарына ауысатын аймағы орталықжанындағы  үлесше, lobulus paracentralis, деп аталады    

 

Шүйделік үлестің медиалды бетінде горизонталды бағытта терең топшылық жүлге, sulcus calcarinus, өтеді. Ол шекеастылық жүлгеден басталып, ми сыңарының шүйделік шетінде аяқталды. Ми қыртысының топшылық және шеке-шүйделік жүлгелерімен шектелген бөлігі сына,cuneus, деп аталады. Топшылық жүлгенің астында тілдік қатпар, gyrus lingualis, орналасады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.