Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ми сыңарларының жоғарғы - латералды беті.



Ми сыңарларының жоғарғы - латералды беті.

Маңдайлық үлес, lobus frontalis.( 22,23 –суреттер ).Орталық жүлге мен оған параллелді жүретін орталықалды жүлге, sulcus precentralis, аттас қатпарды, gyrus precentralis, шектейді. Маңдайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci frontales superior et inferior, орталықалды жүлгесінен басталып, алдыға қарай бір-біріне және ми сыңарының жоғарғы жиегіне параллелді жүреді. Бұл жүлгелер маңдайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri frontales superior, medius et inferior, бөледі.

22 – сурет. Ми сыңарының жоғарғы – латералды бетінің жүлгелері мен қатпарлары.

1- латералды жүлге; 2 – жамылғылық бөлік; 3 – үшбұрышты бөлік; 4 – көзұялық бөлік; 5 – маңдайлық төменгі жүлге; 6  – маңдайлық төменгі қатпар; 7 - маңдайлық жоғарғы жүлге; 8  – маңдайлық ортаңғы қатпар; 9 - маңдайлық жоғарғы қатпар; 10 – орталық алдындағы жүлге ( төменгі бөлігі ); 11 - орталықалдындағы жүлге ( жоғарғы бөлігі ); 12 – орталықалдындағы қатпар; 13 – орталық жүлге; 14 – орталықартындағы қатпар; 15 – шекеішілік жүлге; 16 – шекелік жоғарғы үлесше; 17 - шекелік төменгі үлесше; 18 – жиекүстілік қатпар; 19 – бұрыштық қатпар; 20 – шүйделік шет; 21 - самайлық төменгі жүлге; 22 - самайлық жоғарғы қатпар; 23 - самайлық ортаңғы қатпар; 24 - самайлық төменгі қатпар; 25 - самайлық жоғарғы жүлге.  

 

Самайлық үлес, lobus temporalis. Самайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci temporales superior et inferior, латералды жүлгеге параллелді жүре отырып, самайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri temporales superior, medius et inferior, бөледі. Самайлық жоғарғы қатпардың жоғарғы бетінде (латералды жүлгенің тереңінде) қысқа самайлық көлденең қатпарлар, gyri temporales transversi, ( Гешл қатпарлары ) ораласқан.

Шекелік үлес, lobus parietalis.  Орталық жүлге мен оған параллелді өтетін орталықарты жүлге, sulcus postcentralis, аттас қатпарды, gyrus postcentralis, шектеп тұрады. Орталықарты жүлгеден басталып шекелік үлес арқылы жоғарғы жиекке параллелді өтетін шекеішілік жүлге,sulcus intraparietalis, осы үлесті (орталықарты қатпардан басқа) шекелік жоғарғы және төменгі үлесшелерге, lobuli parietals superior et inferior, бөледі. Шекелік төменгі үлесшеде латералды жүлгенің шетін айнала орналасатын жиекүстілік қатпарды,gyrus supramarginalis, және самайлық жоғарғы жүлгенің шетін айналатын бұрыштық қатпарды, gyrus angularis, ажыратады.

Шүйделік үлес,lobus occipitalis,жоғарыда аталғандай шеке – шүйделік жүлгенің артқы жағында орналасады. Оның жүлгелері мен қатпарлары тұрақсыз және өзгермелі болып келеді.

                                                

 

23 – сурет. Ми сыңарының жоғарғы – латералды бетінің жүлгелері мен қатпарларының сызбасы.

1-    латералды жүлге; 2 – жамылғылық бөлік; 3 – үшбұрышты бөлік; 4 – көзұялық бөлік; 5 – маңдайлық төменгі жүлге; 6 – маңдайлық төменгі қатпар; 7 - маңдайлық жоғарғы жүлге; 8 – маңдайлық ортаңғы қатпар; 9 - маңдайлық жоғарғы қатпар; 10 – орталық алдындағы жүлге ( төменгі бөлігі ); 11 - орталықалдындағы жүлге ( жоғарғы бөлігі ); 12 – орталықалдындағы қатпар; 13 – орталық жүлге; 14 – орталықартындағы қатпар; 15 – шекеішілік жүлге; 16 – шекелік жоғарғы үлесше; 17 - шекелік төменгі үлесше; 18 – жиекүстілік қатпар; 19 – бұрыштық қатпар; 20 – шүйделік шет; 21 - самайлық төменгі жүлге; 22 - самайлық төменгі қатпар; 23 - самайлық ортаңғы қатпар; 24 - самайлық жоғарғы қатпар; 25 - самайлық жоғарғы жүлге. 

           

Аралшық, insula, немесе аралшықтық үлес, lobus insularis, эмбриондық даму барысында, үлкен мидың латералды жүлгесінің тереңіне енетін жоғарғы-латералды бетінің бөлігі болып табылады. Аралшық латералды жүлгенің жиектерін ашқанда ғана көрінеді. Ол ми сыңарының басқа бөліктерінен дөңгелек жүлге, sulcus circularis insulae,арқылы шектеледі. Оның бетінде, жүлгелер арқылы бөлінген аралшықтың ұзын қатпары,gyrus insulae longus, және аралшықтың қысқа қатпарлары, gyri insulae breves, орналасады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.