|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Депривация – бұл адамды оған қажетті, осы адамның өмірі үшін қандай да бір бұрмалауға (бұзылу, құлазу) міндетті түрде әкеп соғатын нәрседен айыру.. МАЗМҰДепривация – бұл адамды оған қажетті, осы адамның өмірі үшін қандай да бір бұрмалауға (бұзылу, құлазу) міндетті түрде әкеп соғатын нәрседен айыру. Үрей – теріс эмоция, белгісіздік сезімін, теріс оқиғаларды күтуді, анықталуы қиын алдын ала сезінуді білдіретді. Күйзеліс(ағыл. stress «жүктеме, шиеленіс; аса ширығу жағдайы») – ағзаның түрлі қолайсыз факторлардың – дене немесе психологиялық стрессорлардың ықпалына, оның гомеостазын бұзатын, сондай-ақ ағзаның жүйке жүйесінің немесе жалпы алғанда ағзаның жай-күйіне сәйкес келетін спецификалық емес қалып реакциялардың жиынтығы. Депре́ссия(лат. deprimo - «басу», «жаншу») – психикалық бұзушылық, оның негізгі белгілері көңіл-күй және рақат алу қабілетінің төмендеуі немесе жойылуы. Тұлғаның эмоциялық тұрақсыз бұзылуы– эмоциялық қызбалық, албырттық, өзін-өзі төмен бақылау. Өз-өзіне қол жұмсау, суици́д (лат. sui caedere – өзін-өзі өлтіру) – өзіне-өзі, әдетте, өздігінен және ерікті түрде қол жұмсау. Ойлаудың бұзылуы –ақпараттық логикалық өңдеудің бұзылуы; ойлаудың когнитивтік бұзылуы, ойлаудың формалды бұзылуы, ойлаудың мазмұндық бұзылуы, жеткіліксіз жүйелік реттеу/метакогниция, ұғымдарды қалыптастырудың жеткіліксіз қабілеті/когнитивтік құрылымның шектеулігі. Жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылуы - ауыр психикалық жағдай, ол бір реттік немесе қайталанған психикалық жаралау жағдайлары: ауыр дене жарақаты, сексуалды зорлық-зомбылық, өлім қаупі және т.с.с. нәтижесінде пайда болады. МАЗМҰНЫ
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|