|
||||||||||||||||||
ЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ. ГЛОССАРИЙҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
ГЛОССАРИЙ Девиантты мінез-құлық (сондай-ақ, әлеуметтік девиация, ауытқушылық мінез-құлық) (лат. deviatio - ауытқу) – бұл тұлғаның жалпы қабылданған, кеңінен тараған және қалыптасқан қоғамдық нормалардан ауытқитын тұрақты мінез-құлығы. Теріс девиантты мінез-құлық қоғамның белгілі бір формалды және формалды емес жазалауды қолдануға (оқшаулау, емдеу, түзеу немесе бұзушыны жазалау) әкеп соғады. Делинквентті мінез-құлық – жекелеген адамға және жалпы алғанда қоғамға зиян келтіретін, мүліктік және моральдық зиян келтірумен, беделін түсірумен көрсетілетін, қоғамға қарсы, құқыққа қайшы теріс қылықтар. Әлеуметке қарсы мінез-құлық– әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық стандарттарына, дәстүрлерге теріс қатынаспен сипатталатын мінез-құлық, оларға қарсы әрекет етуге ұмтылу; Тәртіпке қарсы мінез-құлық– қағидаларды, режимді бұзумен сипатталатын, сабақтан қалумен, тапсырманы орындамаумен, іс-шараларды бұзумен көрсетілетін мінез-құлық. Аддиктивті мінез-құлықты қоса алғанда, аутоагрессивті мінез-құлық– өзіне дене және психикалық зиян келтірумен сипатталатын, өзін-өзі айыптаумен, өзін-өзі төмендетумен, өзін-өзі бұзумен, өзіне-өзі қол жұмсаумен көрсетілетін мінез-құлық. Тұлғаның дамуындағы ауытқуларға байланысты қылықтар –басқа ықпалдарға тұрақтылығы кезінде белгілі бір (нақты) психогенді ықпалдарға әлсіздікпен көрсетілетін мінез-құлық акцентуациясы. Яғни, акцентуация – мінез-құлықтың үйлесімсіздігіне әкеп соғатын мінез-құлықтың кейбір сипаттарының анықтығы: айқын және жасырын.
|
||||||||||||||||||
|