Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





асиеттерін жобалау



қасиеттерін жобалау

Табиғи талшықтармен бірге қоспада химиялық талшықтарды кең пайдалануға байланысты қоспада компонент талшықтарының үлесін ескере отырып, олардың қасиеттері мен аралас иірімжіп қасиеттері арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік туды.

Біртексіз талшықтардың қоспадағы үлесін ескере отырып, одан жасалған иірімжіп қасиеттерінің байланысын зерделеген А.Н. Ванчиков, К.И. Корицкий, Т.В. Кононенко, В.Е. Гусев және тағы басқалар.

Ұсынылғандардың ішінде ең көп қолданылатыны жүн мен химиялық талшық қоспасынан жасалған иірімжіптің қатысты беріктігін анықтауға арналған Т.В. Коненконың әдісі болып табылады.

,                    (11)

мұнда, α1 және α2 – аралас иірімжіптегі компоненттердің салмақты үлес құрамы; Z1 мен Z2 – тек бір ғана талшықтан өндірілген иірімжіптегі талшықтардың беріктігін пайдалану коэффициенттері; Р1 және Р2 – қоспа компоненттері талшықтарының қатысты беріктігі; К – талшықтардың бірігіп созылуы кезінде әртүрлі ұзару шамасына ие болатын олардың беріктігін пайдалану дәрежесін ескеретін серпімді тепе-теңдік коэффициенті.

(11) формуласында аралас иірімжіп беріктігіндегі (Z1 мен Z2) талшықтардың беріктігін пайдалану коэффициенттерінің шамалары әртүрлі талшықтар қасиеттерінің өзара әсерін және олардың қоспадағы пайызды үлесін ескерместен алынған. Жүргізілген зерттеулер иірімжіпке түсірілетін күшке төзімділігі қоспадағы компоненттерінің қатынасына байланысты екенін көрсетті. Аралас иірімжіпті созу процесінде аса созылғыш компоненттер талшықтарының қоспадағы үлесіне тәуелсіз үзілуі тіпті болмайды. Соңғысы аралас иірімжіп беріктігінде талшықтар беріктігін толық пайдаланбайтынын көрсетеді. Осыны ескере отырып, аралас иірімжіптің қатысты беріктігі қоспадағы талшықтар беріктігі бойынша және иірімжіп беріктігінде оны пайдалану коэффициенті бойынша анықталады.

   (12)

мұнда, Риж – аралас иірімжіптің қатысты беріктігі; Ртал – қоспа талшықтарының қатысты беріктігі; Z – аралас иірімжіп беріктігіндегі қоспа талшықтарының беріктігін пайдалану коэффициенті.

Қоспа талшықтарының беріктігін аса созылмалы және өте берік компонент талшықтарының беріктігін толық емес пайдалану коэффициентін ескере отырып, компонент талшықтарының қатысты беріктіктері ішіндегі орташа өлшенген шама сияқты есептеледі.

(13)

мұндағы, Р1 және Р2 – бірінші және екінші компоненттер талшықтарының қатысты беріктігі, β1- аз ұзаруы бар компоненттің қоспадағы үлесі; К – шамасы үзілу ұзаруы аз компоненттің үзілу ұзаруына тең иірімжіпті созған кезде үзілу ұзаруы үлкен компонент талшықтарымен қабылданатын күштің үлесін анықтайтын коэффициент.

,   (14)

Х – аз созылатын компоненттің үзілу күшіне үзілу ұзаруы кезінде аса созылғыш компонент талшықтарына әсер ететін күштің қатынасына тең коэффициент.

Әртүрлі компонент талшықтарынан тұратын қоспадан жасалған иірімжіптегі талшықтар беріктігін пайдалану коэффициентін біртекті иірімжіптегі талшықтар беріктігін пайдалану коэффициенттерінің орташа өлшенген мәні сияқты келесі формула бойынша есептейді:

           (15)

Алынған байланыстарды ескере отырып, аралас иірімжіптің қатысты беріктігін анықтауға арналған (II.47) формула мынадай түрде болады.

  (16)

мұндағы, Ртал – араласатын компонент талшықтарының қатысты беріктігі; - араласқан иірімжіптегі компоненттердің үлесі (қоспадағы үлесі);  - қарастырылатынмен салыстырғанда үлкен беріктік пен ұзаруға ие әр компонент талшықтарының беріктігін толық емес пайдалануды ескеретін коэффициент;  - үлкен беріктікке ие әр компонентке қатысты беріктікке ие компоненттер талшықтарының үлесі;  - біртекті иірімжіптегі әр компоненттің талшықтарының беріктігін пайдалану коэффициенті.

Егер  және  , онда

Капрон және мыс-аммиакты және капрон мен вискоза талшықтары қоспасынан жасалған иірімжіпке арналған В.Е. Гусевтің (16) анықталған формуласы бойынша орындалған аралас иірімжіп беріктігінің есептеулері қоспаның екі варианты есептеулері мәндерінің ауытқуын көрсетті. Сондықтан оны аралас иірімжіп беріктігін жобалау кезінде есептерге ғана пайдалануға болады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.