Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Біртексіз талшықтардан жасалған иірімжіп



№1 ЛЕКЦИЯ. ТАЛШЫҚТАРДЫҢ ҚОСПА ҚҰРАМЫН ЖОБАЛАУ. ИІРІМЖІПТІҢ САПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. ТАЛШЫҚТАРДЫҢ ИІРУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ.

 

Иірімжіп өндірісі үшін мынандай маңызды қасиеттері бойынша, яғни ұзындығы, сызықтық тығыздығы, беріктігі және тегіссіздігі бойынша ерекшеленетін әртүрлі шикізаттар пайдаланылады. Талшықтар қасиеттерінде ауытқулардың көп болуы кезінде сапасы мен біркелкілігі бойынша бірдей иірімжіп өндіру тек  қасиеттері бойынша біртекті талшықты массаны пайдаланғанда және оны иірімжіпке өңдейтін процестер дұрыс өткенде ғана болуы мүмкін. Талшықты қоспаларды белгілі қасиеттері бар талшықтардан тұратын бірнеше компоненттерден белгілі қатынаста құрастырады, сонымен қатар қоспаларда қайтымды қалдықтар мен өндіріс қалдықтары қолданылады. Компоненттерді араластыру нәтижесінде талшық қасиеттерінің орташа біртекті сипаттары бар талшықты массаның алынуы ғана қамтылмайды, сонымен қатар бір компоненттің жетіспейтін қасиеттерін екіншінің қасиеттері толықтыруы қамтамасыз етіледі.

Талшықтардың орташа қасиеттерінің өзгеруімен қатар араластыру процесінде талшықтардың қасиеттері бойынша тегіссіздігі өзгереді.

Қоспа массасындағы жеке компоненттерді өте біртекті орналаақан кездің өзінде иірімжіптің сапасы нашарлануы мүмкін, егер қоспа компоненттері талшықтарының тегіссіздігіне қарағанда ұзындығы бойынша алынған қоспа талшықтарының үлкен тегіссіздігі үлкен болса.

Араластыру процесі кездейсоқ процестердің сызбасы бойынша өтеді. Сондықтан қоспада талшықтардың технологиялық қасиеттерін орнату кезінде статистикалық сипаттамалар мен математикалық статистика заңдарымен пайдалану қажет. А.Г. Севостьяновтың «Составление смесей и смешивание в хлопкопрядильном производстве» (1954 ж) жұмысында қоспаны құру кезінде талшықтарды таңдау принциптері кешенді және толық қарастырылған.

Математикалық статистика әдістерін қолдану қоспа құрамында талшықтардың белгілі бір қасиетін сипаттайтын көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді, егер сапа көрсеткіштері мен олардың қоспадағы үлесінің қосындысы жағдайда.

Компоненттердің әрқайсысының көрсеткіштерін біле отырып, дайын өнімнің белгілі бір қасиеттің алынуын қамтамасыз ететін қоспа талшықтары қасиеттерінің сипаттамаларын таңдап алуға болады.

Қабылданған белгілер:

- компоненттер мен қоспа талшықтары  қасиеттерінің орташа өлшенген мәндері;

 - компоненттер мен қоспа талшықтары қасиеттерінің мәндерінің орташа квадратты ауытқуы;

 - компоненттер мен қоспа талшықтары қасиеттері мәндерінің вариация коэффициенттері;

 - талшықтар саны бойынша компоненттердің қоспадағы үлесі;

 -  қасиетінің сәйкес келетін мәні үшін компоненттер мен қоспаның қандай да бір қасиеті бойынша талшықтарды түзулеудің ордината қисығының мәндері.

Статистикалық жинақтарды қосу туралы математикалық статистика теоремаларына сәйкес k компоненттерден тұратын суммалы жинақтың құрама сипаттамасы мына формуламен анықталынады:

      (1)

                           (2)

      (3)

                                                

                                     (4)

 

Талшықтар саны  және массасы  бойынша қоспадағы компоненттердің үлесі арасындағы өзара байланыс мынандай болады:

                      (5)

Қоспадағы талшықтардың орташа сызықтық тығыздығы:

             (6)

(1) формуладан қоспадағы талшықтар қасиеттерінің орташа мәндері араласатын компоненттердің осы қасиет мәндерінің ішінен орташа өлшенгеніне тең екенін көруге болады. Қоспа дисперсиясы (2 формуласы) араласатын компоненттердің дисперсиялары ішінде орташа өлшенгеннен  болғанның өзінде барлық уақытта жарайтын  шамасына үлкен. Демек, бірнеше компоненттерді араластыру барысында араласатын компоненттердің дисперсиясы ішіндегі орташа өлшегеннен дисперсиясы үлкен зерттелетін аргументтің (ұзындық, жіңішкелік және т.б.) суммалы үлесі алынады, егер соңғыларында әртүрлі орташалар бар болса және оған тең болады, егер араласатын компоненттерде бірдей орташа аргументтер болса. Басқаша айтқанда, егер араласатын компоненттер қасиеттерінің орташа мәндері шамасы бойынша шамамен бірдей болса, онда қоспада талшықтардың қасиеттері бойынша тегіссіздігі шамамен дәл сондай болады, егер де талшықтардың қасиеттері бойынша тегіссіздігі әртүрлі мәндерде болса, онда дәл осы қасиеттері бойынша қоспадағы талшықтардың тегіссіздігі араласатын компоненттер талшықтардың ішіндегі орташа өлшегеннен үлкен болады.

Осыған сәйкес

      (7)

 

Бұдан шығатыны, араластыру үшін компоненттерді қоспадағы талшықтардың тегіссіздігі негізгі компоненттердің тегіссіздігінен аспайтындай қатынаста және сипатта таңдау қажет.

(1)-(6) формулалары талшықтың кез-келген технологиялық қасиеті бойынша қоспаның технологиялық қасиетін сипаттайды; оларға қатысты теңестірілген талшықтан қоспаның негізгі сипаттамаларын тәжірибелік анықтау үшін толығымен жарамды.

Жүн талшықтары үшін олардың қасиеттерінің әртүрлі теңеспегендігі арқасында көрсетілген көрсеткіштерді тек орташа өлшенген өлшемдері бойынша анықтау жеткіліксіз болып табылады. Себебі мұндай кезде технологиялық және экономикалық нәтижелер алу мүмкін емес. Ұзындықты, сызықтық тығыздықты, қоспаның иіру қабілетін және қоспадағы химиялық талшықтардың үлесін анықтаудың басқа әдістері керек.

Қоспаға химиялық талшықтарды енгізгенде оның қасиеттері жақсарғанын тәжірибе көрсетті, яғни қоспа талшықтарының орташа ұзындығы ұлғайды және осы көрсеткіштер бойынша тегіссіздігінің бір уақытта азаюы кезінде олардың сызықтық тығыздығы төмендеді.

Иірімжіптің есептелген ең төменгі сызықтық тығыздығын  матаның техникалық сабақталуына сәйкес қоспадан алынатын иірімжіптің нақты сызықтық тығыздығмен салыстыру үшін М.В. Эммануэль қоспа қабілетінің резерві  түсініктемесін енгізген.

 

           (8)

 

R шамасы иірімжіптің түрі мен белгіленуіне, техникалық деңгейі мен өндіріс технологиясына байланысты 15-30% шегінде өзгеріп отырады. Химиялық талшықтарды қосқан кезде қоспаның иіру қабілетінің резерві едәуір жоғарылайды; қаншалықты қоспа үлесінде химиялық талшық көп болса, соншалықты иіру қабілетінің де резерві жоғары болады. Резерві жоғары болған сайын шикізатты дұрыс пайдалану мүмкіндігі пайда болады.

Аппаратты жүн иіру жүйесінде таза жүнді иірімжіп өндіру кезінде -ны анықтау үшін қоспаның иіру қабілетінің резервін есептегенде , ал жүн мен химиялық талшық қоспасынан иірімжіп өндіру кезінде  және (8) формулаларын пайдаланған жөн.

Технологиялық режимнің бірдей шарттарында иірімжіптің төменгі сызықтық тығыздығы – қоспаға енгізілетін химиялық талшықтың параметрлеріне байланысты ауыспалы шама болып табылады, оның есебін иірімжіптің сапасына қойылатын стандарт талаптарына сәйкес шығару қажет. Қоспаның иіру қабілетінің резервін пайдалана отырып, қайсы химиялық талшықты тиімді және үнемді пайдалануға болатынын әртүрлі жағдайда есептеуге болады.

В.Е. Гусев тарақты қоспалар үшін де иіру қабілетінің резервін есептеу әдісін қолданды. Әдістің негізі болып, жоғарыда аталған ережелерге сәйкес жүнмен бірге қоспаға кіретін химиялық талшықтың сызықтық тығыздығы мен ұзындығын шамамен анықтау табылады. Тарақты иірімжіп үшін есепті сызықтық тығыздықты төмендегі формуламен анықтауға болады:

 

қоспа n                  (9)

 

мұндағы, Тқоспа  -  жүн мен химиялық талшықтардың құрамын ескере отырып есептелген қоспа талшықтарының сызықтық тығыздығы; n – есептеу үшін қабылданған және 40-қа тең иірімжіптің көлденең қимасындағы талшықтар саны (талшықтар түріне, олардың беріктігіне, өңдеу тәсілі мен иірімжіп талаптарына байланысты бұл сан 5-10 талшықтарға көбеюі мүмкін).

Қоспа талшықтарының орташа сызықтық тығыздығы:

 

Тқоспа1Т12Т2+...+аnTn                  (10)

 

мұндағы, а1, а2, ..., аn – қоспаға кіретін әр компонент талшықтарының үлесі, Т1, Т2,..., Тn – қоспаға кіретін әр компонент талшықтарының орташа сызықтық тығздығы.

(10) мәнін (9) формуласына қойып болғаннан соң

 

=(а1Т12Т2+...+аnTn )n                (11)

 

Жобаланатын иірімжіптің көлденең қимасындағы талшықтардың орташа саны

 

Тиір/1Т12Т2+...+аnTn )               (12)

мұнда, Тиір – жобаланатын иірімжіптің сызықтық тығыздығы.

Осы шамаларды ескере отырып, тарақты иірмжіптің иіру қабілетінің резервін (8) формуласы бойынша анықтайды.

Осы әдіс бойынша 64с бірінші ұзындықты жіңішке жүн және 285 мтекс химиялық талшықтан тұратын қоспадан 31 тексті иірімжіпті өндіру кезінде 53,6%-ға тең қоспаның иіру қабілетінің резерві анықталған, ал 64с екінші ұзындықты жүн мен сол химиялық талшықты пайдаланған кездегі резерв 41,3%-ды құрайды.

R көрсеткішін пайдалану өнеркәсіптің камвольды саласында да шикізатты дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз, жоғары сапалы тарақты иірімжіп шығаруды ұлғайтуға себебін тигізеді деген сөз.

Осылайша, жүн мен химиялық талшық қоспасының иіру қабілетінің ғылыми негізделген бағасы тек аппараттыда ғана емес, сондай-ақ жүнді тарақты иіру жүйесінде де болуы мүмкін, ал химиялық талшықтарды дұрыс таңдау аз, орташа және жоғары сызықтық тығыздықты иірімжіп өндіру кезінде маңызды мәнге ие, яғни қоспа талшықтарының тегіссіздігі азаяды, иірімжіптің беріктігі жоғарылайды және иіруде үзілгіштік төмендейді.

 

№2 ЛЕКЦИЯ. ҚОСПАДАН ИІРІМЖІПТІҢ ШЫҒУЫ. ИІРІМЖІПТІҢ ШЫҒУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. ӘРТҮРЛІ ТАЛШЫҚТАРДАН ИІРІМЖІП ҚАСИЕТТЕРІН ЖОБАЛАУ.

 

Талшықтар қоспасынан иірімжіптің шығуы – оның иіру қабілетін және иірімжіп өндіру кезінде шикізатты пайдалану деңгейі, оны дайындау процесінің сан жағын сипаттайтын екінші маңызды көрсеткіш – талшық массасынан пайызбен қанша иірімжіп алатындығын көрсетеді.

Қоймадағы шикізат массасынан пайыз түрінде иірімжіптің шығуы тарақты иіру жүйесінде қабылданған, қоспадан иірімжіптің шығуы – аппаратты иіру жүйесінде қолданылады. Компоненттерді араластыруға дайындау кезінде аппаратты және тарақты иірудегі қалдықтар мөлшері елеулі түрде көп болады. Иірімжіптің қоспадан шығуында бұл қалдықтарды есепке алмайды, сондықтан иірімжіптің шығуы жоспарлағанда және есепке алғанда да шикізаттың қоймалық масса пайызбен анықталуы қажет.

Аппаратты иіру жүйесінде қоспадан күтілетін иірімжіптің шығуын А.А. Синицын формуласының көмегімен анықтайды.

 

Вқоспа1а12а2+…+Вnan                    (1)

 

мұнда, В1, В2,..., Вn - әр компоненттен иірімжіптің шығуы; а1, а2, ..., an – қоспа құрамындағы әр компоненттің үлес құрамы, сонымен а12+...+ an=1

Егер қоспа құрамына осындай қоспа өндіру кезінде пайда болған қайтымды қалдықтың қандай да бір түрі кіретін болса, онда дәл осы қайтымды қалдық түрінен алынған иірімжіптің шығуы осы қайтымды қалдықтардан алынған компоненттен иірімжіптің шығуына байланысты.

Вқалдқоспа ·Кқалд                                (2)

мұнда, Вқалд – қайтымды қалдықтың түрі мен сапасына байланысты бірден төмен, төмендету коэффициенті.

Әртүрлі түрдегі қайтымды қалдықтарға арналған Кқалд мәндері:

Созбаның үзіктері                                                  0,99

Аппаратты түсіп қалған қалдықтар                      0,9-0,94

Аппаратты сыдырғыш                                            0,8-0,88

Ширатылған ұштар                                                0,95-0,97      

Қайтымды қалдықтарды ескере отырып, қоспадан иірімжіптің шығуы

 

Вқоспа=∑Вкомаком+ ∑ақалд Вқоспа Кқалд     (3)

 

мұндағы, ақалд – қоспадағы сәйкес түрдегі қайтымды қалдықтың үлесі, сонымен бірге ∑аком+ ∑ақалд=1

қайтымды қалдықтарды ескере отырып, қоспадан аппаратты иірімжіптің шығуы

 

Вқоспа=∑Вкомаком/(1- ∑ Кқалд ақалд)    (4)

 

Қоспадан иірімжіп шығуының жоғарылауы үлкен технологиялық және экономикалық мәнге ие. Шығуға көптеген факторлар әсер етеді, бірақ басқа да осындай шарттарда негізгілері болып шикізатты дұрыс таңдау араластыруға қоспа компоненттерін ұқыпты дайындау, технологиялық процестерді агрегаттау, технологиялық тәртіп режим нормаларын мұқият бақылау бақылау.

Шикізаттың абсолютті шығыны – бұл иірімжіп массасының бірлігін өндіруге кеткен және техникалық қалдықтарға кеткен шикізат.

 

qқойма=1+q0+q0'                   (5)

                          

мұнда, qқойма – иірімжіп массасының бірлігіне қойма массасы бойынша кететін шикізат шығыны (шикізаттың үстеме шығыны); q0 – иірімжіпті өндіру процесінде құрылатын иірімжіп массасының бірлігіне кететін қалдықтар саны (араластырудан иірімжіпке дейін); q0' - шикізатты араластыруға дайындау кезінде құрылатын иірімжіп массасының бірлігіне кететін қалдықтар саны.

Осыны ескере отырып, шикізаттан иірімжіптің шығуы (қойма массасы бойынша), %, мынаған тең:

Вқойма=100/(1+ q0+ q0')              (6)

 

Ал қоспадан иірімжіптің шығуы, %

 

Вқоспа=100/(1+ q0),                 (7)

 

Иірімжіптің қасиеттерін жобалау сұрақтарымен әртүрлі уақытта А.Н. Соловьев, В.А. Усенко, В.Е. Гусев, В.Т. Камаров, В.И. Будников, П.П. Трыков, К.Ч. Корицкий және басқа да көптеген зерттеушілер айналысты, себебі бастапқы шикізатты дұрыс таңдау және берілген қасиеттерімен өнімді алу үшін оның өңдеу технологиясы үшін өте маңызды.

Инженерлік әдістер талшықтар қасиеттері мен технологиялық процесс параметрлері бойынша есепті жолмен иірімжіп қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.

Иірімжіп беріктігін анықтау үшін теория жүзінде формуланы алу әрекеттері сәтсіз аяқталды: иірімжіптің беріктігіне байланысты барлық факторларды толық ескермегеннің өзінде формулалар өте күрделі болды. Ең сәттісі мақта иірімжіптің үзілу ұзындығын анықтауға арналған А.Н. Соловьевтің есепті-эмпирикалық әдісі болды. Осы формуланы мақта иірімжібінің үзілу ұзындығын есептеу үшін пайдалану және алынған мәндерді иірімжіптің шын мәніндегі беріктігімен салыстыру оның дұрыстығын дәлелдейді.

А.Н. Соловьевтің формуласы мынандай,

          (8)

мұндағы, R – иірімжіптің үзілу ұзындығы, км; Rтал – талшықтың үзілу ұзындығы, км; L – талшықтың штапель ұзындығы, мм; Н – иірімжіптің тегіссіздігін ескеретін технологиялық процестің сапасын сипаттайтын коэффициент; Тиж – иірімжіптің сызықтық тығыздығы, текс; Ттал – талшықтың сызықтық тығыздығы, мтекс; С – құрал-жабдықтың жағдайын сипаттайтын коэффициент, ол дұрыс жағдайда 1-ге тең болады (0,95-1); К – ширатудың шын мәніндегі α және критикалы αк коэффициенттері арасындағы әртүрлілігі бойынша анықталатын ширатуға түзету.

А.Н. Соловьев формуласының құрылымын анығырақ қарастырайық.

Иірімжіптің үзілуі кезінде талшықтардың біраз бөлігі үзіледі, сондықтан иірімжіпті құрайтын талшықтардың беріктігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты оның беріктігі жоғары болады. Өте оңды жағдайда, егер иірімжіп біртегіс болса және ұзындығы мен беріктігі бірдей талшықтардан тұратын болып, барлығы жақсы және бірдей қысылған болса, онда иірімжіп үзілгенде олар бір уақытта бәрі үзілген болар еді. Мұнда иірімжіптің беріктігі мынаған тең:

,

мұндағы, n - иірімжіптің қимасындағы талшықтар саны; Ртал – талшықтың беріктігі, сН.

Шындығында бұлай болмайды. Оның себептері мынада:

 - иірімжіптің үзілген жерінде барлық талшықтар үзілмейді, олардың біразы шығып кетеді, демек иірімжіптің беріктігіне төменгі дәрежеде қатысады;

 - талшықтардың беріктігі мен ұзаруы әртүрлі болғандықтан олардың иірімжіпте керілуі де бірдей болмайды, талшықтар арасындағы күш бірқалыпты анықталмайды;

- талшықтар арасында жабысқақтық пен үйкеліс күшін тудыратын ширату толық шамада талшықтарды байланыстырмайды, нәтижесінде талшықтардың бірақ бөлігі үзілмей шығады; қаншалықты ширату аз болса, соншалықты талшықтар аз үзіледі және көбі шығып кетеді; сондай-ақ иірімжіп беріктігінде олардың беріктігі аз пайдаланылады;

 - талшықтар иірімжіпте бүгіліп орналасқан, сондықтан олар ең аз дегенде созылу күшіне иірімжіптің қарсыласуына қатысады;

Иірімжіп сызықтық тығыздығы бойынша тегіс емес, иірімжіптің үлкен тегіссіздігі кезінде орташа беріктіктен ауытқуы көп болады және оның беріктігін төмендететін әлсіз жерлер көп кездеседі. Нәтижеде үзілу ұзындығы иірімжіптің барлық уақытта талшықтың үзілу ұзындығынан аз болады, ал олардың қатынасы иірімжіп беріктігінде талшық беріктігін пайдалану коэффициенті деп аталады. Оны  арқылы белгілейді. Барлық уақытта .

Бұдан,

Соңғы формуланы (8) формуласымен салыстыра отырып, иірімжіп беріктігінде талшық беріктігін пайдалану коэффициенті А.Н. Соловьевтің формуласында мынадай түрде болатынын анықтады және

              (9)

иірімжіп беріктігіне әсер ететін параметрлерден тұрады. Енді соларды қарастырайық.

1. Иірімжіпте қаншалықты талшық ұзындығы қысқа болса, иірімжіптің үзілуі кезінде соншалықты олар аз үзіледі және көбі шығып кетеді. Бұл жағдай көбейткіш (1-5/L) болып есептеледі. L көбейгенде ол да көбейеді.

2. Иірімжіптің тегістігіне байланысты технологиялық процесс сапасын сипаттайтын Н коэффициенті. . Технологиялық процесс қаншалықты жақсы ұйымдастырылса, соншалықты Н коэффициентінің мәндері тәжірибе жүзінде қойылған көрсетілген шектерде көп болады.

3. Талшықтар қаншалықты жіңішке болса, сол сызықтық тығыздықтағы иірімжіптің көлденең қимасында олардың саны көп болады, ширату кезінде олар бірін-бірі жақсы орайды және иірімжіпті үзетін күштерге жақсы қарсыласады.

4. Коэффицент К болып критикалыдан иірімжіптің ширатуы ауытқыған кезде оның беріктігінің төмендеуі есептеледі. Коэффициент К-ны тәжірибе жүзінде анықтайды.

5. Коэффициент С=1 болатын құрал-жабдықтың қалыпты жағдайы кезінде, коэффициент К=1 болатын критикалы ширату кезінде формуланы (37) қолданған дұрыс болады. Құрал-жабдық нашар жағдайда С коэффициенті 0,95-ке дейін азайту керек, ал өте жақсы жағдайда 1,1-ге дейін жоғарылату керек.

Егер иірімжіптің ширатымы критикалыдан ауытқитын болса, онда иірімжіп беріктігі азаяды. Бұл жағдай К коэффициентімен ескеріледі, оның мәндері ширатылымның шын мәніндегі және критикалы коэффициенттерінің арасындағы түрлілігіне байланысты тәжірибеде анықталған.

В.А. Усенко вискоза талшығынан өндірілген иірімжіптің беріктігі мен оның қасиеттері арасындағы байланысты анықтау үшін формула ұсынды. В.А. Усенконың формуласы иірімжіптің үзілу күшін анықтау үшін А.Н. Соловьевтің (36) формуласына ұқсас құрылған.

Екі формула да үлкен экспериментальды материалды жинақты қорыту нәтижесінде алынды (бірінші жағдайда – мақта иірімжіп үшін, екіншісінде – вискоза талшығынан жасалған иірімжіп үшін), сондықтан олардың әрқайсысын тек сәйкес келетін талшық үшін ғана қолдануға болады.

Әртүрлі партиялы талшық қасиеттеріне байланысты иірімжіптің сапа көрсеткіштері, сондай-ақ бірдей болмайды. Бірақ талшықтарды жақсы араластырғаннан кейін осы қоспадан қажетті сапалы иірімжіп алуға болатын қоспа құруға болады.

Егер талшық бір немесе бірнеше партияда бірдей шамада иірімжіпте орналасатын болса, онда осындай қоспадан алынған иірімжіп қасиеттерінің сандық мәндері бөлек партиямен алынған барлық талшықтардан өндірілген иірімжіп үшін сәйкес келетін шамалар ішінде шамамен орташа арифметикалы болады. Егер қандай да бір партиядағы талшықтар иірімжіпте көп болса, онда оның иірімжіп қасиеттеріне әсері соған сәйкес көп болады.

Осыдан мынаны қабылдауға болады. Қоспадан алынған иірімжіптің сапа көрсеткіштері қоспаның бөлек компоненттерінен өндірілген иірімжіптің сәйкес келетін сапа көрсеткіштері ішінде өлшенген болады. Мұны формулалармен көрсетуге болады.

           (10)

мұндағы, А - қоспадан өндірілген иірімжіптің қандай да бір сапа көрсеткіші, мысалы оның үзілу күші немесе төзімділігі; Аi - әртүрлі қоспа компоненттерінен өндірілген иірімжіптің сол сапа көрсеткіштері (i=1,2,…,n); n – қоспадағы компоненттер саны;  - қоспадағы i-ші компоненттің үлес қатысы; ai – иірімжіпке компоненттерді бөлек емес қоспада өңдеу шартымен қоспа компоненттерінен өндірілген иірімжіптің белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын коэффициенттер (ai=1).

Жүн талшықтарынан жасалған иірімжіп қасиеттерін жобалау бойынша (38) формуласы бірінші формула болды. Формула сызықтық тығыздықты, үзілу ұзындығын, ұзару мен иірімжіптің шығуын, сонымен бірге басқа да кейбір технологиялық және экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін қажет.

Сол бір компонент үшін ai коэффициентінің мәндері қоспа құрамына, компоненттер санына, талшықтар қасиеттеріне, технологиялық параметрлері мен иірімжіптің түріне байланысты әртүрлі болады және оларды анықтау қиын. Сондықтан әдебиет пен тәжірибеге ai=1 болған кездегі (38) формуласынан алынған соған жақындатылған формула енгізілді.

Жақындатылған формула жеке компоненттердің физика-механикалық көрсеткіштерінде бірден болатын ауытқулар болған жағдайда ғана дұрыс болады. Формула қоспа құнын анықтаған кезде нақты нәтижелер береді және жақындатылғандар – қоспадан күтілетін иірімжіптің шығуын, иірімжіптің сызықтық тығыздығын, үзілу ұзындығын, беріктігін анықтаған кезде.

В.Е. Гусевтің зерттеулері нәтижесінде А.А. Синицынның (10) формуласына қоспаға кіретін өндірістік қайтымды қалдықтардың саны мен сапасына байланысты түзетулер және компонент талшықтарының тең немесе үзілу ұзаруына жақын шамасы кезінде, жүн және химиялық талшықтар қоспасынан жасалған иірімжіптің иіру сызықтық тығыздығын анықтаған жағдайда талшықтардың ұзындығы, қалыңдығы және беріктігінің әсерін ескеретін Ку, Кж, Кб коэффициенттер енгізілген болатын. Бұл коэффициенттер ai коэффициенттерінің жеке мәндері болып табылады, бірақ оларға қарағанда Ку, Кж, Кб химиялық талшықтарды дұрыс таңдаған кезде 1-ден көп болуы мүмкін.

Жүннен жасалған тарақты иірімжіп қасиеттерінің оның сызықтық тығыздығына, ширатуына және талшықтар қасиетіне байланыс бағасы ЖҒЗОИ-ның жұмыстарында эмпиризмді формулалармен берілген. Бұл формуланың мынандай кемшіліктері бар. Олар формуланың тәжірибеде қолданылуын шектейді.

1. Эмпиризмді формулаларға талшықтардың маңызды физика-механикалық қасиеттері кірмейді (ұзындығы, беріктігі, ұзаруы, осы көрсеткіштер бойынша тегіссіздігі).

2. Ширатуға түзетуді 125-ке тең критикалы ширатудың шартты коэффициентін негізге ала отырып анықтайды, бірақ ол өте үлкен шектерде өзгереді (94-135).

3. Технологиялық процестің сапасына түзету оны субъективті пайдалануға алып келетіндей қатаң ескертілмеген.

Жүн талшықтарынан жасалған иірімжіп қасиеттерін жобалау сұрақтары шетел зерттеулерінің жұмыстарында да қойылады. Осы жұмыстардан алынған байланыстар ең жоғары құрылымды иірімжіпті қарастыру негізінде шығарылған (талшықтардың ұзындығы, жуандығы, көлденең қимасы бірдей, бұранда сызық бойымен орналасқан және өзінің барлық созылуы барысында иірімжіптің тұрақты түбіне жақындайды). Иірімжіптің шын құрылымынан осындай жеңілдіктер мен жаңылыстардың көптігі шын мәніндегіден едәуір ерекшеленетін иірімжіптің есепті көрсеткіштеріне әсерін тигізеді және сондықтан да тәжірибеде қолдануға қажетсіз.

Біртексіз талшықтардан жасалған иірімжіп



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.