Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ



 ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Осы өндірістік іс- тәжірбиеден өту барысында алдыма қойылған мақсат ешкі сүтіне негізделген өнім өндірудің технологиялық процесінің ерекшеліктерін зерттеу болды.

    Берілген міндеттерді шешу негізінде келесі нәтежелерді түсіне білдім:

1. Ешкі сүті химиялық құрамы және кейбір қасиеттері бойынша сиыр сүтіне ұқсас. Оның құрамында ақуыз, май және кальций, сонымен қатар көптеген дәрумендер бар.

2. Ешкі сүтінің басқа ауылшаруашылық жануарларының сүтіне қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Ол ағзаға басқа сүт түрлеріне қарағанда оңай сіңеді.

3. Ешкі сүті пастерленген және зарарсыздандырылған сүт, сүзбе, маринадталған ірімшік және көптеген балалар сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде қызмет етеді.

4. Ешкі сүтіне негізделген сүт өнімдерін өндіру технологиясының сиыр  сүтінен сүт өнімдерін өндіру технологиясынан айрықша ерекшеліктері жоқ.

Қорытындылай келе, аминоқышқылды, витаминді, минералды, май қышқылды құрамы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ешкі сүтінің қатарынан қалмай, керісінше бұл көрсеткіштерімен сиыр сүтінен асып, әр түрлі тағам өнімдеріне компонент ретінде қолдануға болатыны көрсетілген. Ешкі сүтінің бұндай бірегей құрамға ие болуы, ешкілердің тамақты талғауында. Олар сүтті құнды дәрумендер мен минералға байытатын, нәрлі заттарға бай өсімдіктерді қателеспей таңдайды. Бәлкім сондықтан да, ешкі сүті мен ешкі сүті негізінде жасалған өнімдерде кілегейлі жұмсақ дәмі бар.

Ешкі сүтінен сүтқышқылды өнімдер өндіру технологиясын дайындау,сүт өнімдерінің ассортименттерін кеңейтуге және адам ағзасына пайдалы сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыруға, сонымен қатар сүттің барлықтүрін қолдануға өз үлесімізді қосып зерттеу жұмыстарын жүргізуге алдағы уақыттада өз септігімді тигіземін деген ойдамын.

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Мақажанова Х.Х., Төлемісова Ж.К., Есқалиева Г.А., Адманова Г.Б.Мал кешендерінен бөлініп алынған сүт қышқылы бактериялары және оларды сүт өнімдеріне пайдалану//Жаршы. №4. 2003. Б 45

2. Мақажанова Х.Х., Төлемісова Ж.К., Есқалиева Г.А., Адманова Г.Б.Сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіру жолдары//Жаршы. №8. 2002. Б 42-44

3.  Сапарбекова А.А. Подбор зернового компонента для концентрированных национальных кисломолочных напитков//Новости науки Казахстана. 2009/1. Б 141.

4. https://infourok.ru/uattili-auisimina-tonna-st-ndiretin-cehti-zhobasi2876190.html

5. https://arhivinfo.ru/2-112882.html

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.