|
|||
Техника қауіпсіздік ережесіТехника қауіпсіздік ережесі Барлық мамандық жұмысшылары үшін өндірістік санитария I. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту , нұсқама беру және білімдерін тексеру . 1.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді. 2.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту , нұсқама беру және бңлңмдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек және уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды . 3.Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еібек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып ,жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан , нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерге жұмысқа жіберілмейді . 4.Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсізігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды мезгіл- мезгіл , үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті. Цех зертханасындағы қауіпсіздік ережесі. Шикізатқа, дайын өнімге түрлі анализ жасағанда түрлі рекцияларды және тағы басқа заттарды және тағы басқа заттарды қолдануға тура келеді. Зертханада жумыс істегендердің бәрі келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек: 1. Түрлі химиялық реакциялармен жұмыс істегенде тазалықты сақтау керек, қолға түрлі вирустардың түспеуін қадағалау керек, бетті және көзді қолмен ұстауға болмайды. Бұл кезде тамақтанбау керек және жұмыс біткеннен кейін қолды жақсылап жуу керек. 2. Химиялық заттардың дәмін көуге қатаң тиым салынды. 3. Жұмысты тез таза ыдыста жасау керек, біткеннен кейін сол ыдыстарды тез арада жуу керек. 4. Қайнап жатқан затқа немесе сұйықтыққа бүкіл денемен еңкейіп қарауға болмайды, себебі көзге түрлі қоқыстар түсіп кетуі мүмкін. 5. Заттарды иіскегенде ақырын, абайлап көру керек, ол кезде дененің бәрін сол затқа салмай, тек қолдың көмегімен бу арқылы немесе газ арқылы көруге болады. 6. Электрондық приборларды қолданғанда міндетті түрде жұмыстың ережесін білу керек. 7. Жанғыш газдармен жұмыс жасағанда келесілерді сақтау керек: газдың булануы толық толу керек және газ цехтың бөліміне кірмеу керек. 8. Тұмшылар жабық затта, суда немесе суытуға болмайды. 9. Құрылғыларды жинағанда және шешкенде келесі ережелерді сақтау керек. 10. Тез сынатын лабораториялық ыдыстырды қолданғанда сақ болу керек. 11. Электрлік пеште жұмыс істегенде келесі ережелерді сақтау керек: қамыр және оның өнімін орнықтыру және оны пешке салу пісіру. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, зертханада қызметкерлері өндіріспен тікелей байланыста болып, сонымен қатар қазіргі неғұрлым тиімді биохимиялық, микробиолгогиялық және физикалық, химиялық әдістерді қолдана отырып, аналитикалық жұмысты орындауы қажет. Технологиялық бақылауды жүргізу үшін нан зауытының зертханасы барлық қажетті талдаулардың орындалуын қамтамасыз ететін зертханалық ыдыспен, қажетті жалдабдықтармен, құралдармен жабдықталуы тиіс. Зертхана жүргізетін технологиялық бақылаудың нәтижесінде белгіленген нысан зертханалық журналда жазылады. II. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқыққтары 1.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықалған жұмыс орнына; 2.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ,сондай –ақ еңбек шартында , ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық -тұрмыстық үй – жайлармен , жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге ; 3.еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге ; 4.өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын , еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға; 5.денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып , жұмысты орындаудан бас тартуға; 6.ҚР.заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажет білім алуға және кәсіптік даярлыққа; 7.жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы , еңбек жағдайларының жай-күйі , еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ,өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы , сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) немесе қауіпті өндірістік фокторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы дәйекті ақпарат алуға; 8.еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына; 9.жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар; 10.өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға , кәсіптік аурудың (уланудың)белгілері сондай –ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға. III.Қызметкерлерлі міндетті медициналық тексеру 1.Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда , зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді ҚР. Заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. 2.Ерекше қауіпті жұмыстармен , машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс . Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау салсындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
|
|||
|