Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асыл- Тұқымды шаруашылық.Ордабасы ешкі сүті өнімдері»  кәсіпорынның  қысқаша сипаттамасы.



1.1« Асыл- Тұқымды шаруашылық.Ордабасы ешкі сүті өнімдері»  кәсіпорынның  қысқаша сипаттамасы.

Ешкі шаруашылығы өте қолайлы салалардың бірі. Олар климатқа тез бейімделеді, тез көбейеді. Жылына екі мәрте төлдейді. «Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті – ем» деген сөз бар. Ол иммун тапшылығын қалпына келтіріп, көптеген аурулардың алдын алуға пайдалы. Осындай шаруашылықты табыс көзі ретінде, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтып отқан шаруашылықтың бірі-« Асыл- Тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүті өнімдері». 

2017 жылдың ақпан айында құрылған "Ордабасы ешкі сүті өнімдері" өндірістік кооперативі Голландия елінен 330 бас "Зааненский" асыл тұқымды ешкі түрін алдырған. Қазіргі таңда ешкі басы 800-ге жеткен. Оның ішінде 300-ге жуығы сауынды бас. Бүгінде өндірістік кооперативі автоматтандырылған  сүт сауу қондырғыларымен жабдықталған. Күніне 600 литр сүт өнідіріп отыр. Алдағы уақытта 2 мың бас сауынды ешкілердің санын арттырып, ешкі сүтінен балмұздақ цехын ашпақ. Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы мол екені айтпаса да түсінікті.Шаруашылықта өндірістік кооперативтің іске қосылған бірінші кезеңінде сауын цехы мен сүт өңдеу зауытының және жем-шөп жинау ғимаратының құрылысы салынған.

Айта кету керек, "Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативінде 21 адам жұмыспен қамтылған, оның 7-і "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылданған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс істеп жатқан азаматтардың жалақысының 35% мелекет төленіп отыр. Жұмысшылардың жұмыс кестесі 2 ауысымды, бүгінде оларға 70 мың теңге көлемінде жалақы төленуде. Түркістан облысында осыдан біраз бұрын ашылған тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативінің жұмысы өркендеп келеді.


 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.