Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Тіл және сөйлеу



№ 14 дәріс

Тақырып: Тіл және сөйлеу

Дәрістің мазмұны

1. Онтогенезде сөйлеудің дамуы

2. Тілді оқыту кезеңдері

1.Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.

Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тәрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны білу жөн: ең алдымен әр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нәтижені бермейді.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.