|
|||
Дәрістің мазмұны№ 13 дәріс Тақырып:Тіл және сөйлеу Дәрістің мазмұны 1. Сөйлеу туралы түсінік 2. Сөйлеудің физиологиялық негіздері 1. Адам өзінің қажеттігін өтеу үшін басқа біреулермен пікірлеседі, ой бөліседі. Адам баласының сана сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организм! анотомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін мән — мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы алғашқы (революция) төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғары жүйке жүйесін, қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады. Рас, даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен маймылдардың 52 — мәнерлі дыбыс шығаратындығы анықталған. Бірақ, маймылдың басқа да жануарлардың дыбыс шығаруы, дауыстауы — ойлауды білдірмейді, ол инстинктік мүқтаждығын сыртқа шығаратын сигнал. Бүның санамен ешқандай байланысы жоқ. Мысалы, шимпанзе баласына тідді үйрету тәжірибесі, Мыс. Кеңес психологы Н.Н.Ладыгина "Адамның баласы мен шимпанзнің баласы" — деген кітап жазып шыққан. Жануарлардың дыбыс шығаруы қатынас жасауы ретінде қолданылмайды. Ондай құрал - тіл - тек адам баласының тарихында тек еңбекпен байланысты худы. Ф.Энгельс өзінің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі" — деген еңбегінде былай деген болатын: "сөз үжымдық еңбек процесінде қалыптасып келе жатқан адамдардың бір - біріне бірдеңе айтқысы келу мүқтаждығынан туған болатындығын айтты." Тіл де, ойлау сияқты, еңбек нәтижесінде туды. Тіл, тек адамға тән психикалық процесс. Сөйлеу деп - адамдардың тіл арқылы бір - бірімен қарам -қатынас жасау процесін айтамыз. Яғни тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Немесе ол коздеген мақсатына жете алмайды. Қазақтың ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" -деп тауып айтқан. М.Жүмабаевтың айтқан сөзі "Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт: 1 Сөйлеудің мазмүндылығы 2 Сөйлеудің мәнерлілігі Сөйлеудің мазмүндылығы - дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Сөйлеудің мәнерлілігі — дегеніміз адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын біддіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы." 2. Сөйлеудің физиологиялық негізін И.В.Павлов жан — жақты дәлелдеген. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Сөйлеудің физиологиялық негізі 2 - ші сигналдық жүйенің қызметін қүрайды. Мида 1 және 2 сигнал жүйелері болатындығы өткен лекциядан белгілі. 1 — сигналдық жүйе адамдарға да жануарларға да тән. 2 — ші сигналдық жүйемен тікелей байланысты жүмыс істейді. 2 -сигнал жүйесінің жүмысына егерде зақым келсе, адамның сөйлеуі мән — мағынасыз болады. Мысалы, Француз ғалымы Брока. Егер ми сыңарларының сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын дәржеге жетеді. Мүндай қүбылыстарды психология афазия деп атайды. Мүның 3 — түрі бар. 1) Сөйлеу органдары толық сақталғанымен, қиналып сөйлейді, 2) Адам өзі сөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына 3) Мидың бір жеріне қан қүйылу, оның тамырларының
|
|||
|