|
|||
Тақырып: Сана№ 10 дәріс Тақырып: Сана 1. «Зомби» мәселесі 2.Фрейд және Юнгтің саналылық және бейсаналылық тұжырымдамасы
1.Зомби – тілімізге ағылшын тілінен енген. Зомби – қазіргі заманғы бұқаралық мәдениеттің мифтік архетипиялық сипаты. Бұл, яғни фантастикалық тұрғыда тірі өлік болып табылады. Зомбилі адам – өзіні және өзінің органдарына толық өзіндік бақылау жоғалту немесе біреудің бұйрығына мойынсұнуы болып табылады. Бейнелі (ауыспалы) мағынада кез келген адамның сөзіне немесе наным-сеніміне деструктивті табынушы күш ықпалында қалып қоюды білдіруі мүмкін.
Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939 ж.ж) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады. Фрейд “Жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырады ол адам өз мінез құлықтарының туу себебін түсіндіре алмайды. Оларды санамен аңғаруға болмайды. Бұлардың нақты себептері ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға болады”-деді. Фрейдистер теориясының мәні мынада: ол жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты биологиялық негізді алға қою. Фрейдизм жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығымен қылмысын ақтайды. ХІХ-ғасырдың ортасынан бастау альп ХХ ғасырдың басында өрістеген психология пєнінің ілгері дамуына неміс психологтары көп үлес қосты. Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкіддерінің бахевиористерден, гешталыпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологаяның өз шеңберінде табуға ұмтылды. Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды. Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды. Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" және "санасыздық" жатады. Психотаддау ілімінің болашақ тағдыры және оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста бодды. Кейіннен психоталдау бағытьш жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды. Кеңес өкіметінің алғашқы жыддарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бүл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр. XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес. Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) - австрия невропатологі, психиатры және психологі, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіңдіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады. Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға -социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті. Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді. Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия , теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олардың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеек индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән «персона» «анимус». «Персона» (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады. «Анимус» (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі ,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады. 1. Саналы бөлім. 2. Индивидуалды саналы бөлім. 3. Ұжымдық бейсаналы бөлім. Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған. Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары. Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады. Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін. Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады). Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады. Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа біткен типтер.
|
|||
|